Аденозинтрифосфат және энергия. Химия, 11 сынып, презентация.


Төменде берілген сөздер нені білдіреді?

Аденин, рибоза, энергия, фосфор қышқылының қалдығы, митохондрия, аккумулятор, макроэргиялық байланыс.

Ағза үшін энергияның маңызы неде?

өсу, тыныс алу, қоректену т.б.

Өзіңе қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды.

И.М.Сеченов

Аденозинтрифосфат және энергия

11.5.1.31 аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру

Нуклеин қышқылдары неден тұрады?

нуклеотидтерден

Жасушада нуклеотидтер байланысқан күйде немесе бос күйде болуы мүмкін екендігі белгілі болды. Бос күйінде олар ағза үшін маңызды бірқатар функцияларды орындайды.

Мұндай бос нуклеотидтерге АТФ молекуласы немесе аденозинтрифосфор қышқылы (аденозин трифосфаты) жатады. Барлық нуклеотидтер сияқты, АТФ бес көміртекті қант - рибозадан, азотты негіз - адениннен және ДНҚ мен РНҚ нуклеотидтерінен айырмашылығы үш фосфор қышқылының қалдығынан тұрады

Ағзадағы пайдалы энергия АТФ түрінде сақталады.

АТФ қышқылының молекуласы азотты негіз-аденин, рибоза және үш фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. АТФ-ң молекуласы тұрақсыз. Егер ферменттердің әсерінен фосфор қышқылының бір молекуласы гидролизденсе 40 кДж моль энергия бөлініп шығады. Нәтижесінде АТФ молекуласы АДФ-ке (аденозиндифосфорға) айналады.Егер фосфор қышқылының екі молекуласы гидролизденсе АМД (аденозинмонофосфат) қышқылына айналады. Бұл қайтымды процесс: АМФ АДФ АТФ. 1 моль АТФ-тан 80 кДж энергия бөлінеді. Бұл энергия жасушадағы жүріп жатқан барлық экзотермиялық энергиядан әлдеқайда көп. Сондықтан фосфор қышқылының арасындағы байланыстарды макроэргиялық байланыс деп атайды.

АТФ + Н2О →АДФ + Н3РО4 + энергия

АДФ + Н2О →АМФ + Н3РО4 + энергия

АТФ-құрылымы. АТФ-ң АДФ-ке өзгеруі

АТФ гидролизі

АТФ-тің ең маңызды функциясы - бұл жасушада энергияның әмбебап сақтаушысы және тасымалдаушысы.

Жасушадағы барлық биохимиялық реакциялар энергияны қажет етеді, оның көзі ретінде АТФ қолданылады.

Фосфор қышқылының бір қалдықтарын бөлу кезінде АТФ АДФ-на (аденозиндифосфаты) өтеді.

АТФ-тің маңызы

Қоректік заттардың метаболизм процестері негізінен АТФ-ты синтездеуге жұмсалады.

АТФ барлық жасуша процестері үшін бос энергияның қоры болып саналады.

АТФ гидролизі фосфорлаудан басқа да сансыз көп биохимиялық реакцияларға пайдаланылады.

Жасушаның қозғалысы, бұлшық еттің қызметі, мембрана арқылы заттарды тасымалдау сияқты процестер үшін АТФ энергияның тікелей көзі болып табылады.

Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

• 3 үйренген нәрсе;

• Не оңай болды?

• Не қиын болды?

Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз

http://www.chemguide.co.uk/CIE/section111/learningl.html

http://www.youtube.com/watch?v=QWf2jcznLsY&feature=relmfu

 

http://prirodakem.narod.ru/Biblioteka/posobie/BIOKHIM.html

https://sk.nis.edu.kz/Course/Topic/20/1483



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?