Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4.А

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;

10.4.1.9 азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту проблемасына шешім қабылдау;

 Сабақ мақсаттары

  • Табиғатта кездесетін азот қосылыстарының сипаттамаларын біледі;
  • Табиғаттағы азот айналымын түсінеді;
  • Азот қосылыстарының қоршаған ортаға (атмосфера, гидросфера, литосфера) пайдалы және зиянды әсерін түсіндіреді;
  • Азот қосылыстарының қоршаған ортаға зиянды әсерін жою жолдарын ұсынады;

 Бағалау критерийлері

  • Азот қосылыстарының қоршаған ортадағы (атмосфера, гидросфера, литосфера) көздері мен олармен ластанудың салдарын түсінеді;
  • Азот қосылыстарымен ластануды жою жолдарын химиялық тұрғыдан болжайды

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Азот – айналым, қосылыс, тотық

Нитрат, тыңайытқыш, тірі жүйелер, өсімдіктер өсуі, аммиак, азоттың байланысуы, балдырлардың гүлденуі, оттегі, артық мөлшер, қоршаған орта (экологиялық).

Жою, байланыстыру, ыдырау, жұтылу

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту қоршаған ортаны қорғауға оқушының көзқарасы арқылы/көмегімен жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Экология, география

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға көрсетілімдер, атап айтқанда кремний және оның қосылыстарының қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамалары, олар туралы статистикалық деректер көрсетіледі.

Бастапқы білім

7.4А Атом құрылысы

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдыдықтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Проблемалық сұрақтар:

1. Азот қосылыстары ауылшаруашылығында қандай маңызды роль атқарады?

2. Ауылшаруашылығында маңызды болып табылатын азот қосылыстарын атай аласыздар ма?

3. Азот қосылыстары ауылшаруашылығында маңызды рольге ие болғанмен кері әсерлері болады ма?

4. Қандай кері әсерлерін айта алар едіңіз?

Сабақтың ортасы

Активити 1. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы деңгейлеріне байланысты топқа бөлу.

1 сұрақ: Найзағайдың кезінде азот (N2) атмосфералық оттегімен (О2) реакцияға түскенде атмосферада қандай молекула пайда болады? (1 топ)

2 сұрақ: Азот қосылыстарының қоршаған ортаға таралудың қандай көздерін білесіздер? (2 топ).

3 сұрақ: Қосылыстарда азот қандай тотығу дәрежелерін көрсете алады (3 топ).

Активити 2

1-топ: Азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға оң әсері. Тірі ағзалардағы азот пен фосфордың мәні.

2-топ - Азот пен фосфор қосылыстарының атмосфераға, топырақ және су ресурстарына теріс әсері.

3-топ - Азот пен фосфордың қоршаған ортаға әсер ету проблемасын шешу жолдары.

Активити 3

Миға шабуыл. Белсенді оқыту әдісі (топтық оқыту, оқушыларды бір біріне түсіндіру және талқылау арқылы оқу мақсатына жету)

1 топ

Өзен-көлдерге «биогенді элементтердің», көбінесе азот қосылыстарының артық мөлшерінің түсуі әсерінен судың сапасы нашарлайды. Осы үрдісті түсіндіріңіз.

2 топ

Атмосферадағы азот молекуласы топыраққа қалай жетеді, химиялық реакция теңдеулерімен келтіріңіз. Қышқыл жаңбыр.

3 топ

Азот қосылыстары қоршаған ортаға қалай әсер етеді.

Топтар бір-бірін төмендегі критерий бойынша бағалайды

Бағалау критерийлері:

1 топ

1. Үрдістің қалай аталатынын білсе.

2. Азот қосылыстарының су балдырларының көбеюіне алып келетінін түсіндіріп бере алса.

3. Балдырлардың көбеюінен су жануарларының тіршілігіне кері әсерін түсіндіріп берсе.

2 топ

1. Найзағай әсерінен азот молекуласы атомдарға бөлініп азот моноксидін түзетінін түсіндіре алса.

2. Азот диоксидінің қышқыл жаңбыр түзетінін түсіндіріп бере алса.

3. Осы процестердің химиялық теңдеуін жазып бере алса

3 топ

1. Азот қосылыстарының ауылшаруашылығында пайдасын айта алса.

2. Азот қосылыстарының көп қолданғанда қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп бере алса.

Активити 4

«Кинолентаны жалғастыр»

Оқушылар азот айналымының циклын қарастырады.

Азот айналымында төмендегідей маңызды биохимиялық процестерді атап өту керек:

- шіру, немесе аммонификация;

- нитрификация;

- денитрификация;

- атмосфералық ауаның фиксациясы

Бағалау: оқушылардың кері байланысы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

1

Автокөліктер двигателінде NO газы қалай пайда болады

2

Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз

3

Түзілген азот (ІІ) оксидінің атмосфераға таралмауы үшін автоколіктерде қандай жағдай жасалған

4

Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз

Бағалау: бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау

Аммиак:

http://redreferat.ru/Stroenie-molekuli-i-fizicheskie-svoystva-ammiaka-art2057.html

Видео «Получение аммиака в лабораторных условиях»:

http://kivvi.kz/watch/7ex3amdjpbja/

шарстерженьді модельдер

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Сабақ мақсатына қайта оралу, бағалау критерийлерінің орындалуы.

Оқушылар «Шығу парағын» толтырады:

-сабақта маған ұнады

-сабақта мен өзгертетін кезеңдер

-сабақ мазмұны бойынша менің сұрағым.

  • Үй тапсырмасы: Н. Нұрахметов «Химия» 10 класс, §8.12 Азот оксидтер, азот қышқылы және нитраттар. 1,2,8жаттығулар, 247 бет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Кремнийдің маңызды қосылыстарымен танысады және олар туралы оқу мақсатына сай ақпараттар біледі.

Көптеген оқушылар:

Кремнийдің оксиді және карбиді туралы жан-жақты ақпараттарға ие болады және оларды салыстырмалы түрде талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын толыққанды түсінеді және өздерінің түсінгендерін өзге құрбыларына түсіндіріп бере алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?