Этил спиртін өндірісте алу жолдары Демонстрация №2 «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ1:

Этил спиртін өндірісте алу жолдары

Демонстрация №2 «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»

Тарау

10.3D Спирттер

Сынып: 10

Оқу мақсаттары

10.4.2.28 этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы этанолды алу реакция теңдеулерін жазу

10.4.2.29 этанолды алу әдістерінің арқытшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Этанолдың алу жолдарын біледі
  • Алу жолдарының реакция теңдеулерін жазады
  • Артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды
  • Дистелдеу әдісін сипаттай алады
  • Кілт сөздерді қолдана отырып, тірек сызбаны интерпретациялай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тақырып бойынша терминдер мпн сөз тіркестерін сабақтың барысында қолданады. Сөйлеу, тыңдау, жазу дағдыларын дамыту.

 

Пәндік спецификалық лексика мен терминология,:

Алкен, гидратация, ферментация, спирттік ашу, этанол, реакцияның жүру шарттары, крекинг, дистилдеу, биотын, биоэтанол.

Диалог пен жазуға қолданылатын сөз тіркестері

Этанолды екі әдіспен алады, олар …………………..

Ферментацияға оптимальді температура ………….., себебі …………….

Дистилдеу бұл …………………….

Температураны көтергенде …… себебі

Спирттік ашытудың артықшылықтары……………..

Спирттік ашытудың кемшіліктері ………………

Алдыңғы оқытылған тараулар

 

10.2A Органикалық химияға кіріспе

10.3В Алкендер

Биологиядан алған білімдері: ферментация

План

Уақыты

Сабақтағы іс әрекет

Ресурстар

5 мин

 

 

 

 

6-7 мин

8-13 мин

13-15 мин

15-25 мин

25-30 мин

30-40 мин

40-50 мин

50-60 мин

60-65 мин

65-75 мин

75-80 мин

(W) Оқушыларды белсендіру

Миға шабуыл

Слайдта берілген суреттер бойынша оқушылар этанолдың алу жолдарын ұсынады

Сыныпта талдау

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Сыныппен бірге сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады

Джигсо

(G) Оқушылар топта этанолдың алу әдістерінің реакция теңдеулерін А3 қағазына жазады. Содан кейін басқа топтармен өзара алмасып, тексереді.

(жұмыс барысында оқушылар биологиядан ферментация тақырыбын және химиядан алкендердің химиялық қасиеттерін еске түсіреді)

Сыныптан екі оқушы шығып тақтаға реакция теңдеулерін жазады:

  • Гидратации
  • Ферментации

(G) Лабораториялық жұмыс: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»

Бұл лабораториялық жұмыс зерттеу жұмысы ретінде ұсынылады. Оқушылар өздігінен жұмыстың барысын құрастырады, реакцияның бақылауын болжайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды.

Оқушылар лабораториялық жұмыс парағымен жұмыс жасайды.

(W) Рефлексия

Тапсырма барысындағы туындаған қиыншылықтар мен жақсы сәттерді талдау

Ойлан Жұбыңмен бөліс Топта талқыла

Жасалған эксперимент негізінде ферментация әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды. Сыныппен талдау жасалады.

(Оқушылар алынған этанолдың таза емес деген кемшілікті міндетті түрде атау керек. Бұл сабақтың келесі кезеңіне қажет болады)

Видеоматериалды көру арқылы диаграмманы толтыру.

Видео арқылы оқушылар өздігінен дистилдеу әдісімен танысады, берілген диаграмманы толтырады.

(Ұсынылған видеоматериалдың дыбысы жоқ және суреттердегі сөздер ағылшынша болғанымен сабақта қолдануға болады. Терминдердің көбі ұқсас болғандықтан)

Жеке жұмыс. Диаграмманы интерпретациялау арқылы академиялық тілді дамыту.

Оқушыларға тірек сызба бойынша этанолдың гидратация әдісі арқылы алу әдісін кілт сөздерді қолданып, сипаттайды.

талдау және кері байланыс жасау

Формативті бағалу. Дескрипторлары жазылған тапсырмалар

Сабақ рефлексиясы «Сәттілік баспалдағы»

Үй тапсырмасы.

Есеп шығару (bilimland.kz )

Интерактивтітақта, презентация

А3 (немесе мини-тақталар)

Лабораториялық жұмыс парағы

Қант, су, стақан, ашытқы, газөткізгіш түтік, ік суы

қарандаш, фломастер

Слайд № 4-5

https://www.youtube.com/watch?v=8v80BQN-6r8

Слайд № 7

https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/organicheskaya-ximiya/spirty-i-fenoly/lesson/ehtanol-1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?