Зертханалық жұмыс №4. Әр түрлі факторлардың әсерінен динамикалық химиялық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: ………………………….. Сынып: 10 …….. Күні: ………

Тарау: 10.3А Химиялық тепе-теңдік

Тақырып: Зертханалық жұмыс №4. Әр түрлі факторлардың әсерінен динамикалық химиялық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу

Оқу мақсаттары:

- 10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу

ҚТЕ:

  • Қорғаныш көзілдірігін кию.
  • ..............................................................................................................
  • ...............................................................................................................

Құрал-жабдықтар және реактивтер: 4 сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуырлар, 0.002 М, қаныққан NaSCN және FeCl3 ерітінділері, NaСl кристалдары.

Гипотеза: ........................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

Жұмыс барысы

 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әрекеттесуші заттардың концентрациясын зерттеу үшін қан қызыл түске ие (Fe3+ -на сапалық реакция) роданидті темір (III) кешендерін қалыптастыруын аламыз.

 

 Тәжірибенің орындалуы. Төрт сынауыққа 1-2 мл 0.002 М натрий роданиді және темір (ІІІ) хлориді ерітінділерін кұйыңыз. Сынауықтарды тұрғыға қойыңыз. Бірінші сынауықты тәжірибе нәтижелерін бақылау нұсқасы ретінде қалдырыңыз. Қалған үш сынауыққа мына реактивтерді қосыңыз: екінші сынауыққа – 1-2 тамшы темір (ІІІ) хлоридінінің қаныққан ерітіндісін; үшінші сынауыққа – 1-2 тамшы натрий роданидінің қаныққан ерітіндісін; төртінші сынауыққа – калий хлоридінің бірнеше кристалдарын. Алынған ерітінділердің түс интенсивтігін бақылау нұсқасымен салыстырыңыз.

 Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

 

Түс интенисвтігі

Сынауық 1

Сынауық 2

Сынауық 3

Сынауық 4

 Бақылау сұрақтары:

  • Сәйкесті реакция теңдеулерін құрастырыңыз:

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

  • Химиялық реакция теңдеуі үшін тепе-теңдік константасын құрастырыңыз
  • Ерітіндіде тепе-теңдік кезінде қандай заттар бар?

.........................................................................................................................................................

  • Қай зат ерітіндіге қан қызыл түс береді?

.........................................................................................................................................................

  • Әр жағдай кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын көрсетіңіз:

А) темір (ІІІ) хлориді .....................................................

B) натрий роданиді ...................................................

С) натрий хлориді ............................................................

  • Әр сынауықтағы тепе-теңдік жағдайындағы компоненттердің концентрацияларының өзгерісін түсіндіріңіз.

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

 

  • Бақылағандарыңды түсіндіріп, реагенттермен өнімдердің концентрацияларының химиялық тепе-теңдікке әсері туралы қорытынды жасаңдар.

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

- Ле Шателье принципін қолдана отырып тепе-теңдік ығысуын болжау;

- жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтай алады;

1. Өз бақылауларын дұрыс жазады.

2. NaSCN және FeCl3 ерітінділері арасындағы химиялық реакция теңдеуін жазады.

3. Химиялық реакция теңдеуі үшін тепе-теңдік константасын дұрыс құрастырады.

4. Әр жағдай үшін тепе-теңдік бағытын дұрыс анықтайды.

5. Өз бақылауларына сүйене отырып, реагенттермен өнімдердің концентрацияларының химиялық тепе-теңдікке әсері туралы қорытынды жасайды.

- концентрацияның химиялық тепе-теңдікке әсерін түсіндіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?