Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері. Химия, 10 сынып, презентация, 1 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Оқу мақсаттары

10.4.2.12 мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру;

10.4.2.13 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

Шикі мұнайды өңдеу процесін сипаттай алса;

Фракциялардың қолдану аймақтарын білсе;

Каталитикалық және термиялық крекингтерді ажырата алса;

Бейнебаяндарды көріңіз және дәптерлеріңізге кілт сөздерді жазыңыз.

Отын түрлері. Мұнай. Мұнай қорлары.

https://www.youtube.com/watch?v=oJCsgHHZgqo

«Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің тарихы» деректі фильмі.

https://www.youtube.com/watch?v=FHfvdjDpxjU

Қазақстанның газ құбырларының схемасы

Қазақстанда, еліміздің астанасы Астана мен бейресми оңтүстік астанасы Алматыдан басқа, тағы бір мұнайлы астанасы бар. Оның мәртебесі бейресмиден артық, бірақ Атырау қаласының негізімен қаланған.

Атырау қаласы, Мақат кен орны

XX ғасырдың басында Доссордың алғашқы өнеркәсіптік кен орны ашылды. 2 жылдан кейін - Мақат. Осы екі кен орнында 200 мың тоннадан астам мұнай өндірілді.

Мұнайдың тығыздығы 803-895 кг/м³. 

Аз күкіртті мұнайлар (0,25-0,28 %), 

Аз парафинді

 (0,25-0,8 %).

Қашаған (әлем бойынша 9-орын)

Қашаған - соңғы 40 жылда табылған ірі мұнай кен орындарының бірі.

Атыраудан 80 шақырым жерде орналасқан. Сөренің тереңдігі 3-7 км.

Геологиялық қорлар

Каспийдегі шикізат қорларының шамамен 25% -ы Қашаған мұнайы үлесіне тиесілі. Жергілікті геологтардың айтуынша, қазақстандық кен орнының қоры 4,8 млрд. тоннаны құрайды, жобаның операторы ақпараты бойынша бойынша - 6 млрд. тонна немесе 38 млрд баррель. Оның ішінде коммерциялық ресурстар 9 миллиардтан 13 миллиард баррельге дейін жетеді.

Бұл диаграммада не көрсетілген?

Мұнайдың құрамы:

- әртүрлі көмірсутектер

- шекті

- циклоалкандар

- ароматты

сондықтан мұнай – көмірсутектердің қоспасы

- 100-ден астам түрлі азотты, күкіртті қосылыстары

Мұнай құрамын бір формула арқылы білдіруге болмайды.

Оның құрамы ауыспалы және өрісіне байланысты.

Мұнайдың физикалық қасиеттері

Зертханалық жұмыс

Тапсырма.

1) Мұнай үлгісіне назар аударыңыз. Қасиеттерін сипаттаңыз:

а) түсі-

в) иісі-

с) агрегаттық күйі-

2) Мұнай бар стаканға су құйыңыз. Судағы ерігіштігін «+» таңбасымен көрсетіңіз:

Жоғары-

Орташа-

Суда ерімейді-

3) Сүзгі қағазын стакандағы мұнайға салыңыз. Бақылауыңызды жазыңыз.

Мұнайдың физикалық қасиеттері

Өзіне тән иісі бар, қара қоңыр түсті, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат

Тез жанғыш

Органикалық еріткіштерде ериді

Суда ерімейді және одан жеңіл

Тығыздығы 0,65-1,05 г/см

Мұнайдың физикалық қасиеттері

Мұнай судан жеңіл, тығыздығы 0,9 г/мл, кейде 1,04 г/мл.

Мұнай электр тогын өткізбейді. Сондықтан электроникада изолятор ретінде қолданылады.

Тапсырмаларды орындау

http://www.bilimland.kz/index.php/kz

Ресурсын пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыз.

Состав нефти

Мұнай өндірісі

Мұнай өндірісі бойынша Сауд Арабиясы бірінші орында, жылына 542 млн. тонна өндіреді, бұл әлемдік өндірістің 13,1% құрайды. Ресей екінші орында (12,9%), АҚШ (10,8%), Қытай (5%), Канада (4,7%), Иран (4%). 2013 жылы әлемдік мұнай өндіру көлемі 4,13 млрд. тоннаны құрады.

Шикі мұнай өндірісі.

bilimland сайты

http://www.bilimland.kz/index.php/kz

Тапсырма.

Бензин қозғалтқышты автокөлік тәулігіне 20 км тұрақты жылдамдықпен жүреді. СО және NO2 газдарының массаларын есептеңіз, егер атмосфераға 30 мг/км көміртегі тотығы және 20 мг/км азот диоксиді бөлінетіні белгілі болса.

Жауабы: 600мг, 400мг

Автокөлік 1 шақырым жолда атмосфераға 0,30 кг көмірқышқыл газын шығарады. (Орташа автокөлік үшін 1 л бензин 8 шақырым жолға жетеді). 160 шақырым жол жүрген автокөлік атмосфераға қанша кг көмірқышқыл газын шығарады?

Жауабы: 48 кг

Үй жұмысы

Fractional distillation

Осы схемадағы анықтамаларды орыс және қазақ тілдерінде аударыңыз.

«Ректификациялық мұнараның жұмыс принципі» тақырыбына қысқаша баяндама дайындаңыз.

Үй жұмысы

Тақырып бойынша эссе жазыңыз:

«Мұнай химиясы және қоршаған орта. Бейбіт өмір сүру мүмкін бе? Бұл үшін қандай шарттар керек?»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?