Ерітінділердің электролизі. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Ерітінділердің электролизі
10.2А бөлім
Химиялық реакциялар заңдылығы
Су ерітіндісіндегі электролиз
Егер тұздардың ертіндісін алсақ электродтарға тартылатын металл катиондары мен қышқыл қалдығы аниондарынан басқа бәсекелес су молекулаларымен бірге су иондары пайда болады
Катодтық процесстер
1. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында литийден алюминийге дейін орналасқан металдардың иондары мен су молекулалары бәсекелес болса, онда су молекуласы бірінші болып тотықсызданады;
2. Осы қатарда алюминийден кейінгі орналасқан металдардың иондары мен су молекулалары не оның иондары бәсекелес болса онда катодта металл катиондары тотықсызданады;
Есте сақта (Катодта)
Анодтық ереже
Анодта оттексіз қышқылдың иондары концентрациясы жетерліктей болса су молекулалары мен оның иондарынан (ОН-) бұрын, ал оттекті қышқылдардың иондары-соңынан тотығады.
Анодтық үдерістер
Анодта жүретін үдерістер анодтың табиғатына тәуелді болады. Анодтар еритін (мыс, күміс, мырыш), ал ерімейтін (платина мен графит).
1. Оттексіз қышқылының иондарының концентрациясы жеткілікті болса, анодта анион тотығады:
2Cl- - 2e Cl20
2. Отекті қышқыл қалдығы қатысқан болса, анодта су иондары тотығады:
2Н2О - 4е О2 + 4Н+
Есте сақта
Тапсырма
KCl, ZnCl2, Cu(NO3)2 AgNO3, NaOH – ерітінділерінің электролизі теңдеулерін жаз.
Электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептеуге арналған тапсырма орындау.
Массасы 16г мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролизі нәтижесінде анодта түзілген газдың көлемін есептеңдер.
(Жауабы: анодта 2,24л оттек газы түзілді)
Массасы 46г магний бромиді балқымасының электролизі нәтижесінде катодта және анодта алынған өнімдердің массасын есептеңдер.
(Жауабы: катодта 6г магний, анодта 40г бром )
Күміс нитраты ерітіндісінің электролизі нәтижесінде катодта 27г күміс түзілді. Электролизге қанша күміс нитраты қатысты? (Жауабы: 42,5г)
- не білдім, нені үйрендім
- не түсініксіз болды
- не бойынша жұмыс жасау керек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?