Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ
§ 2 Зат массасының (заряды мен энергиясының) сақталу заңы
1760 жылы М.В.Ломоносов зат массасының (энергиясының) сақталу заңын ұсынып, бұл екі заңды табиғаттың жалпы заңдылығы ретінде біртұтас қарастырды. Бұл заң материя мен қозғалыстың мәңгілігі, олардың жойылмайтындығы, бір түрінен екінші түріне ауысуы мүмкін деп түсіндіреді.
Реакцияға қатысқан зат массасы реакция нәтижесінде түзілген зат массасына тең болады.
Сондықтан реакция теңдеулерін коэффициенттер көмегімен теңестіреміз. Қазіргі заман ғылымы М.В.Ломоносов ұсынған заңның дұрыстығын, энергия мен масса материяны сипаттайтын екі шама екендігін және олардың байланыс формуласын 1905 жылы қазіргі заман физикасының негізін салушы А.Эйнштейн ұсынған формуладан көрінеді:
E = mc2 (1.11)
Мұнда, E – энергия, m – масса, c – жарықтың вакуумдегі жылдамдығы.
Бұл теңдеу бойынша химиялық реакциялар жылу бөле, не сіңіре жүретін болса, масса өзгерісі болуы тиіс, бұл өзгеріс өте аз шама.Ал ядролық реакциялар кезінде бұл шама елеулі, сондықтан энергетикалық эффект миллион, миллиардтаған килоджоульмен есептеледі. Сондықтан химиялық реакциялар үшін зат массасының сақталу заңы орындалады.
Зат массасының сақталу заңын төмендегі мысал негізінде қарастырамыз:
CuSO4 | + | 2NaOH | = | Cu(OH)2 | + | Na2SO4 | |
ν,моль | 1 | 2 | 1 | 1 | |||
М,г/моль | 160 | 40 | 98 | 142 | |||
m,г | 160 | 40 | 98 | 142 | |||
m (CuSO4) + m (NaOH) ═ m( Cu(OH)2) + m (Na2SO4) = 240 г
Заряд және энергия сақталу заңдарын келесі тарауларда қарастырамыз.
Газ заңдары. Гей-Люссактің көлемдік қатынас заңы(1808ж.):
Температура мен қысым тұрақты болғанда, реакцияға қатысқан және
түзілген газдар көлемдерінің қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай
болады.
Оны мына мысал негізінде қарастырайық:
CH4(г) | + | 2O2(г) | СO2(г) | + | 2H2O(бу) | + Q | ||
1 | 2 | 1 | 2 | |||||
22,4 | 44,8 | 22,4 | 44,8 |
V(CH4):V(O2) :V(CO2):V(H2O)=22,4 : 44,8 : 22,4 :44,8 =1: 2:1:2
Көлемдік қатынас заңы Авогадро заңы негізінде түсіндіріледі.
Авогадро заңы. Бірдей жағдайда тең көлемде алынған газдарда молекулалар сандары бірдей болады.
Осыны мына мысалдан көруге болады.
1) Берілгені: 2) Шешуі:
V(CO2, H2, O2) =
N(CO2, H2, O2) - ?
молекула
Жауабы:2,69∙ 1023 молекула
Олай болса, барлық газдың 10 литрінде (қ.ж) 2,69·1023 молекула болғаны.
Газдың күйі үш шамаға P, T, V байланысты, ол Клапейрон-Менделеев формуласымен өрнектеледі:
PV = νRT (1.12)
PV= mRT/M, (1.13)
R=P0V0/Т0 (1.14)
мұндағы R – универсал газ тұрақтысы, 8,314Дж/моль·К мәнін қабылдайды.
Егер газ көлемі қалыпты жағдайдан өзге жағдайда берілсе, оны қалыпты жағдайға келтіру үшін мына формуланы пайдалануға болады:
PV/T= P0V0/Т0 , V0= PV Т0/ P0Т (1.15)
Газ күйіндегі затты сипаттайтын үш шаманың бірін тұрақты етіп алғанда, қалған екі шама арасындағы байланысты көрсететін физика курсынан өздеріңізге белгілі үш заң (Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль) келіп шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?