Көмірсутекті отындар. № 14 көрсетілім "Отын түрлері". Химия, 9сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы | Мектеп: НИШ Тараз | ||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Көмірсутекті отындар. № 14 көрсетілім "Отын түрлері" | ||||||||
Оқыту мақсаты | 9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты лексика мен терминология Шикі мұнай, тұтқырлық, жарық шығару, бензин, дизельдік отын, керосин, битум, гудрон, мұнайлық газ, авиациялық отын, сұйылтылған мұнайлық газ 6айдау Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер X ... пайдаланылатын керосин X, автокөліктерде пайдаланылатын ... ТМГ, мысалы, XнемесеY, пайдаланылады/ бойынша / Y жасау. Xқайнайды жоғарырақ/ төменірек температурада Y қарағанда. | ||||||||
Пән аралық байланыс | География (Қазақстан картасынан кен орындарын қарастыруда) | ||||||||
Бастапқы білім | Атом құрылысы Ерітінді мен ерігіштік Металдардың белсенділігін салыстыру Еру және ерітінділер Тотығу және тотықсыздану | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Ұйымдастыру кезең 0 – 2 минут | Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады. | ||||||||
Ой қозғау 2 – 6 минут | Сабақтың тақырыбы: Оқушыларды бірнеше топқа бөлу (беске) . тақтада түрлі түсті қағаздар жабыстырылған. Оқушылар қағаздарды алып ол жердегі тақырыптар бойынша бөлінеді. (альтернативі отын (сутек және күн энергиясы), мұнай, табиғи газ, көмір және альтернативі отын(жел, су). Топтарға әр түрлі суреттер таратылады, сол суреттен қажетті суреттерді таңдап алынады. Мұғалімнің ескертпесі: бүгінгі сабаққа қажетті деп санайтын суреттерді бөліп алыңыздар. Суретті таңдағаннан кейін не үшін таңдағандарын қысқаша айтып кетеді. Тақырып тақтадан көрсетіледі. Сабақтың мақсатын ашу: топтардан осы суреттер бойынша сабаққа қандай мақсаттар қоюға болатындығын сұрастыру. Мұғалімнің ескертпесі: бүгінгі сабақта неге көп мән беруіміз керек, нені білуіміз қажет. Тақтадан жинақталған сабақ мақсаты көрсетіледі. Интерактивті тақтада көрсетілген сабақтың бағалау критерийлерін талқылау | ||||||||
Жаңа сабақты меңгеру 6 – 20 минут 20 – 21 минут 21– 31 минут
31– 32 минут 32 – 36 минут | Топтық жұмыс: Оқушыларға өздерінің топтарының аттарына байланысты қысқаша мәліметтер таратылады немесе ноутбук беріліп интернеттен мәліметтер қарау үшін рұқсат беріледі.
Топтарға өздерінің мәліметтерін жазып алуға кесте таратылады. Өздерінің қарастырған мәліметтерді кестеге толтырады. Уақытты белгілейді. 10 минут. Мұғалім аралап жүріп оқушыларды тақырыптан ауытқып кетпеуін қадағалайды.қажеттік туындаса бағыт береді. Жергілікті жердің кен орындарына ерекше назар аудару керек Әр топ өзінің тақырыбы үшін кемдегенде үш сұрақ дайындайды. Сынып тақырыптарын толық қарастырып болғаннан кейін топты қайта бөлу. Қағаздарының түстеріне қарай бөлінеді (қайтадан топтасу, әр топтан бір оқушы шығу керек, жаңа топта бес топтың оқушыларынан бір бірден болуы қажет) Әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру. Қазба отынның қоры шектеулі екенін түсіну. Қазбалы отынды жағу барысында шығарылатын көміртегі қостотығы жахандық жылынудың ең ірі салымы - жылыжай газдарына алып келетінін қарастыру. Жаңадан топтасқан топтағы әр оқушы өз тақырыптарын түсіндіреді. Әр оқушыға 2 минут беріледі.уақыт белгіленеді. Топтағы барлық оқушылар тақыраптарын түсінідіріп кетеді. Топтан естіген мәліметтерді кестеге толтырады. Сыныпты бастапқы топтарға қайтадан топтастыру. Алдыңғы қарастырған (дайындаған) сұрақтарын әр топ басқа топтарға қояды. Сұрақтарортада қарастырылған себептіктен оқушылардың бір біріне қалай түсіндіргені, олардың түсінгені тексеріледі. Қажет туындаған жағдайда кері байланыс береді. | https://twig-bilim.kz/kz/search?q=%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9 | |||||||
Сабақты қорытындылау 36 – 38 минут | Көрсетілім: мұнай және тас көмір жинақтарын қолданады. Жеке тапсырма: Әр оқушыға венн диаграммасын дәптерлеріне сызып жазбаша түрде қорытындылайды. Бірін бірі тексереді. Бірін бірі бағалау . Артықшылығымен кемшілігіне үш , ал ұқсастықтарына кем дегенде екі мысал келтіреді | ||||||||
Рефлексия 38 – 40 минут | Сабақ мақсатына қайта оралу Оқушылармен бірге ауызша талқылау және мұғалімнің кері байланысы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Үлгермеуші оқушыларға тапсырма орындау үшін қосымша кестелер, графикалық ақпараттар Тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар интернет ресурстарын қолданып тақырып бойынша қосымша ақпараттар алады | Оқушылар тақырыпты талқылау барысында өздерін бағалайды Мұғалім оқушылардың жауаптарының жетістік критериіне сай келуін бақылайды Оқушылар электрондық конфигурацияны Ауфбау принципі арқылы жаза отырып, толық түсінік береді Оқушылар период және топ бойынша қасиеттердің өзгеруіне :қайнау және балқу нүктелері, атом радиусы, иондану энергиясы, белсенділігі және т.б. дұрыс түсінік бере алады | Оқушылар ТОҚ қолданып интернет ресурстарына сүйенеді | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?