Алкендер. № 13 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі".Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: ________________________Сыныбы: _____ Күні: ______________

Практикалық жұмыс «Крахмалдан қабық- биоыдырайтын полимер алу»

  Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Синтетикалық полимерлер (пластиктер)

қоршаған орта проблемаларын био-ыдыраушы пластиктер және пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жолымен шешу мүмкіндігін түсіну

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Қолдану

Сын тұрғасынан ойлау және зерттеу

Крахмалдың биополимер екендігін білсе

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтаса

Берілген сұрақтарға жауап бере алса

Әдістері:

Реактивтер: Сұйытылған тұз қышқылы 0,1 М, сұйытылған натрий гидроксиді 0,1 М, крахмал,

дист.су, пропан-1,2,3-триол, тамаққа арналған бояғыш зат.

Құралдар: стакан (400 см3), сағаттық шыны, спиртшам, асбест тор, тұрғы (штатив), Петри ыдысы, электр плитасы, универсальды қағаз, тамшуырлар (пипеткалар), өлшеуіш цилиндр (25 см3), (10 см3).

Қауіпсіздік нұсқаулары: қоспаны қайнату кезінде абай болу керек. Қоспа шашырап бетке, көзге тиюі мүмкін. Сондықтан көзге қорғаныш көзілдірігін кию керек!

Жұмыс барысы:

  • Пластикалық пленканы жасау. Стаканға 25см3 су құйып, үстіне 2,5 грамм картофель крахмалын ((C6H10O5)n) салып жақсылап араластырыңыздар.
  • Осы қоспаның үстіне 3см3 тұз қышқылын және 10 тамшы пропан-1,2,3-триол (глицерин) қосып таяқшамен араластырыңыздар.
  • Осы қоспаны тоқ плитада қайнағанға дейін апарып, баяу 10-15 минут қыздырыңдар. Қатты суалтып қайнатуға болмайды!
  • Алынған қоспаны индикатор қағазымен ортасын тексеріп отырып, натрий гидроксидімен бейтараптаңдар.
  • Осы қоспаны алдын ала белгі салынған Петри ыдысына құйыңдар.
  • Осы жұмысты пропан-1,2,3-триолды (глицерин) қоспай, қайталап жасаңдар.
  • Қоспаны кептіру үшін жылы жерге 1 күнге, бөлме температурасында кептірілсе 2 күнге қойыңыздар.

Қорытынды __________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Крахмалдың тұйықталған формуласы.

і) құрылымдық буынын анықтаңдар

іі) мономерінің формуласын жазыңдар

ііі) Осы формуласын пайдалана отырып крахмалдың поликонденсациялану реакциясын жазыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?