Қышқылдар. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
«Қышқылдар» тақырыбына арналған материалдар
Экологиялық проблема мәтіні
«Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері»
Қазіргі күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқылды жаңбыр. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды.
Қышқылды жаңбыр көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Финляндияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады.
Көлдің қышқылдануы және ауыр металл иондарымен ластануы балықтардың ұрықтанып көбеюіне ғана қауіп туғызып қоймай, ол планктондардың, балдырлардың және басқа тіршіліктердің жойылуына әрі адам денсаулығына да әсерін тигізеді.
Қышқылданған сулар металл құбырлармен аққан кезде металдарды ерітеді, олардың улы иондары пайда болады. Нью-Иорк аумағынан алынған қышқылды суды қорғасын ыдысқа құйып, бір түн қойғанда металл иондарының мөлшері тиісті мөлшерінен асып кеткен.
Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергиямен және басқа аурулармен науқастануына мүмкіндік туғызады.
Қышқылды жаңбыр орасан зиян келтіретін болса, оны болдырмаудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?
Қазіргі химияның міндеті қалдықсыз өнім шығару. Ендеше атмосфераға шығарылатын күкірт оксидтерін сіңіріп алатын қондырғылар табу, оны сол жерде сумен қосып, күкірт қышқылын алу.
Қазақстандағы жауын-шашынның құрамындағы қышқылдардың, әр түрлі элементтердің, олардың қосылыстарының ағзаға, өсімдікке, жануарларға, адам денсаулығына әсерін зерттейтін қазіргі заманғы ең озық құралдармен жабдықталған зертханалар салып зерттеу, сонымен бірге атмосфераның ластануына жол бермеу.
Тапсырмалар
- Берілген реакция теңдеулерін жазу және теңестіру
Na2CO3+HCl →
K3PO4+H2SO3 →
Au+H2SO4 →
NaOH+HCl →
2. Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі.?
3. Массалық үлесі: 2,4% сутек, 39,1% күкірт,58,5 % оттектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру