Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Тақырыпты ашу мақсатында «Твиг-билим» сайтынан видео көрсетіледі. Видео көрсетіліп болған соң пысықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады. Оқушылардан металдар мен бейметалдарды периодтық жүйеден қалай табуға болатынын сұралады және олардың аралығында орналасқан элементтер металлоидтар деп аталатыны ескертіледі.

Келесі кезекте оқушыларға «Химиялық диктант» өзіндік жұмысы ұсынылады. Олар мәтінге сәйкес қажетті сөздерді қойып шығулары қажет.

Мұғалім ары қарай периодтық кестеде S-, P-, D -, F- элементтердің орналасуын түсіндіріп өтеді. Кестедегі әрбір химиялық элементтің мәні белгілі бір физикалық мәнге сәйкес келетінін түсіндіріп өтуі қажет. Себебі осы мәндер арқылы оқушы периодтық кестені толық сөйлете алады.

Сабақтың келесі бөлімі оқушылардың арасында «Кім жылдам?» ойынын ойнатумен жалғасады. Кестеде берілген атомдардың құрылысын анықтай отырып, толтырулары тиіс.

Мұнан кейінгі кезектегі тапсырмалардың барлығы Қосымша 1,2,3 көрсетілген. Ол тапсырмаларды орындау барысында оқушылар элементтердің периодтық кестедегі орнын, оның атом құрылысын, топтар мен периодтар бойынша сипаттамасын атап бере алатын болады.

Ескеретін жайт, сабақты жоспарлауда периодтық кестенің ескі форматы (Д.И.Менделеев ұсынған) мен жаңа форматы қатар алынып отырылды. Тапсырмалар 1-18 топ аралығындағы элементтерге сәйкес келсе, ол жаңа үлгідегі периодтық кесте екенін ескеру қажет. Сондай-ақ бұл сабақта қоланылатын әдіс-тәсілдерді өзгертіп, басқаша ұйымдастыруға да болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?