Сутегі, алу жолы, қасиеттері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«СУТЕК, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 2 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2D Сутек. Оттек және озон

Оқушылар бұл тақырыпта сутектің алынуы мен қасиеттерін химиялық эксперимент арқылы оқып-үйренеді. Келесі сабақта оқушылар сутиектің қасиеттері мен қолданылуын меңгеруді жалғастырады. Бұл сабақта химиялық элемент, зат, химиялық реакциялар ұғымы одан әрі дамытылады. Заттардың қасиеттері олардың құрамына байланысты екендігін оқушылар осы сабақтың барысында ұғынады. Оқушылар сутекпен «Химиялық реакциялар» бөлімінен таныс, сондықтан оқушылардың осы бөлімінен алған білімі мен дағдыларын одан әрі дамыту ұсынылады. Алдымен сутектін табиғатта таралуы, алынуы және қасиеттері талқыланатын болады. Сабақтың негізгі бөлігі оқушылардың оқу мақсатына өз бетімен жетуін ұйымдастыру тиімді оқыту әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. Сутектің физикалық қасиеттерін баяндау барысында оқушылардың тілдік мақсатты жүзеге асыруға, оқушылардың өз ойларын еркін және әдеби тілде жеткізуін дамытуға мүмкіндік береді.

«Сутекті алу және қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы зертханалық жұмысты орындау барысында оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу дағдылары одан әрі дамытылады. Дегенмен, зерттеуді жүргізудің алдында оқушылардан жұмысты жүргізудің қадамдарын әртүрлі сұрақтар арқылы сұрап, зерттеу нәтижесін болжауды сұраған жақсы нәтиже береді. Сосын оқушылар өздерінің болжамдары мен реакция нәтижелерін сәйкестендіре алады. Оқушылар көбіне жұмыстың нәтижесін жазу барысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Олар көбіне жұмыстың қорытындысын жазуға қиналады, қорытынды жасаудың орына реакцияның барысын қайтадан сипаттап беруі мүмкін. Оқушылардың бұл қиындықты еңсеруі үшін оларға сұрақтар беруге болады. Осындай бағыттаушы сұрақтар оқушылардың қорытынды жасауына, терең анализ жасап үйренуіне септігін тигізеді.

 Химиялық қасиеттерін талдау кезінде оқушылар сутек жанғанда реакция шабытты жүріп, жылу бөлінетіндігіне, одан бөлінген су молекуласының берік қосылыс екендігіне көз жеткізеді. Одан әрі оқушылар сутектін химиялық қасиеттерін талқылайды және тиісті реакция теңдеулерін жазады. Бұл сабақта оқушылардың есеп шығаруына көңіл бөлмеуге болады, себебі ол келесі сабақта жүзеге асырылады.

 Сабақтың қорытындысына оқушылардың белсенді қатысуы үшін сутектің табиғатта және космота таралуына байланысты ақпаратты өңдеуге қатысты тапсырма беруге болады. Оқушылар берілген мәтінді топта немесе жұпта постерде визуалды түрде бейнелей алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?