Сутегі, алу жолы, қасиеттері. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні………………………………… Сыныбы …..........

Практикалық жұмыс № 5: Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу

ОМ: 8.4.2.1 сутегін алу және жинау, физикалық қасиетін зерттеу және оны анықтау

Кұрал-жабдықтар және реактивтер: тұз қышқылы, мырыш, су, мыс оксиді, сынауықтар, газ түтікшелер, кристаллизатор, зертханалық штатив, спиртшам, сірінке.

Жетістік критерийлері:

  • Техника қауіпсіздігі ережелерін біледі
  • Нұсқау бойынша жұмыс жасай алады
  • Сутекті анықтауға қажетті заттарды жинай алады.
  • Сутекті дұрыс жинай алады
  • Сутекті анықтауға тест жүргізе алады
  • Болжам бойынша жұмыс жүргізіп, қорытынды жасай алады

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

  • Шыны ыдыспен жұмыс істегенде, пробиркаларды штативқа бекіткенде өте сақ болыңдар, өйткені шыныдан жасалған құралдар өте сынғыш
  • Қышқылдар ерітінділерімен жұмыс жасағанда өте абай болыңдар, егер қышқыл қолға тийсе, тез арада сумен жуып, мұғалімдеріне айтыңдар.
  • Спиртшамды қолдағанда жанып тұрған спиртшамды басқа партаға апармаңдар.
  • Тәжірибелерді бітірген соң жұмыс орындарын тазалыққа келтіріңдер.

Жұмыстың барысы

  • Мырыш пен тұз қышқылы арасындағы орынбасу реакция арқылы сутекті алу (судың ығыстыру тәсіл арқылы)
  • Мырыштың 2-3 түйіршігін пробиркаға орнатып қойыңдар
  • Мырыш бетіне дейін тұз қышқылын құйыңдар
  • Пробиркадағы жүрген реакциясын бақылаңдар
  • Өз бақылауларынды жазып, сутегінің реакция теңдеуін құрастырыңдар, осы реакция қай типке жататынын анықтаңдар.

Бақылау:................................................................................................................................

...............................................................................................................................................

Реакция теңдеуі:...................................................................................................................

Реакция типі:.........................................................................................................................

2 Сутекті тазалыққа тексеру.

Бақылауларыңды жазыңдар.

Бақылау:.................................................................................................................................

.................................................................................................................................................

3.Сутектің физикалық қасиеттерін зерттеу.

  • Сутек жинаған пробиркасын қарастырып шығыңдар, оның физикалық қасиеттерін белгілеңдер: агрегаттық күйін, түсін, иісін, суда ерігіштігін, ауаға қатысы бар тығыздығын.
  • Өз бақылауларыңды жазыңдар, сәйкес қорытындыны келтіріңдер.

Бақылау:................................................................................................................................

...............................................................................................................................................

Қорытынды:..........................................................................................................................

4. Сутектің химиялық қасиеттерін зерттеу.

А) Мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру.

  • Құрғақ пробиркаға мыс (II) оксидін салып қойыңдар.
  • Штативтің лaпкасына бекітіп қойыңдар.
  • Газ түтікшенің аяғы жағын мыс (II) оксиді бар сынауығына түсіріп қойыңдар, газ түтікшесі затты тигізбеу керек (заттың үстінде болу керек).
  • Пробиркадағы зат бар жерін ғана қыздырыңдар. Пробирканың қабырғаларында және мыс оксидінің бетіндегі не болып жатқанын бақылаңдар?
  • Мыс оксидінің беті қызыл түске айналғанда қыздыруын тоқтатыңдар. Пробирканы суытыңдар.
  • Өз бақылауларынды жазып, реакция теңдеуін құрастырыңдар, осы реакция қай типке жататынын белгілеңдер.

Бақылау:................................................................................................................................

...............................................................................................................................................

Реакция теңдеуі:...................................................................................................................

Реакция типі:.........................................................................................................................

Қорытынды:

Лабораторияда сутекті .......................................................................................................

арқылы алуға болады. Оны.........................................................................тәсіл арқылы жинайды, сутекті жинағанда пробирканы......................................................, өйткені ол ауадан................................. . Сутекті ........................................ шырпымен ........................................... тексереді, сол кезде жеңіл .................... пайда болады. Ауада сутек ........................................, оның жану реакциясынынң өнімі ...................... болып келеді. Сутекте ......................................................................... қасиеттері бар, өйткені ол мыс (II) оксидінен мысты ......................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?