Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалар. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Экология және қоршаған ортаға адамның әсері

Мектеп: ХХБ НЗМ Өскемен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Имашпаева Г.А.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқубағдарламасынасілтеме)

11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық мәселелерін зерттеу және әр түрлі шешу жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Қазақстанаумағындаэкологиялық проблемаларды атап бере алады;
  • Берілген ақпараттарды талдай алады;
  • График пен кестелерді өңдеп, сипаттама бере алады;

 Бағалау

 критерийлері

 Дағдылар:

қолдану, талдау, бағалау

  • Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемаларды анықтайды;
  • График пен кестеде берілген мәліметтерді талдай алады;
  • Түйінді идеяларды қорытып шығарады;

 Тілдікмақсаттар

 

Пәндік лексикажәне терминология:мұнай, минералдық ресурстар, қоршаған орта, парниктікәсер, жаһандықжылыну, климаттыңөзгеруі, озон қабатыныңжұқаруы, ластану

Диалогқұруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

ҚазақстандаХигерукерек/керекемес, себебі…

артықшылығы. Х болғандықтан .... туындайды сондықтан ..... Оның

… салдары/ … артықшылықтары/кемшіліктері … болып табылады

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Сыйластық: оқушылар топ жұмыстары барысында өзара кедергі келтірмей әрбір пікір құнды принцпін ұстанады.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушылар топта, жұпта, жеке жұмыс жасау барысында өз білімін кеңейтуге мүмкіндік алады және жаңа ақпараттармен іздену жұмыстарын жүргізеді.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру, ашық болу, жұмыла жұмыстар жасау.

Азаматтық позиция: елдің, жердің тазалығын сақтауға үлес қосу.

Пәнаралық байланыстар

Графиктерді талдау негізінде физика пәнімен, Қазақстанның экономикалық картасымен жұмыс география пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация, интернетпен жұмыс

Бастапқы білім

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

17 мин

5 мин

( W)Бейне материал көрсетіледі

, I ) Сұрақ-жауап

  • Бейне материалда қандай мәселе қозғалған?
  • Неліктен мұндай мәселелер туындайды? .....? ....?
  • Бізде мұндай проблемалар бар ма?
  • Ол проблемалардың туындауына біз үлес қосамыз ба?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар бейне материалды талдау арқылы анықтайды.

  • экологиялық мәселелер;
  • мәселе туындаған аймақ;
  • жағдайдың туындау себептері;
  • экологиялық мәселердің салдары;
  • мүмкін болатын шешу жолдары.

(І,Р)1-тапсырма

Қазақстанның әр түрлі қалаларындағы және Өскемен мен әлемнің әр түрлі елдеріндегі атмосфералық жағдай көрсетілген 2000- 2009 жылдар аралығындағы графиктерді талдау. Графикте атмосфераның ластану индексі (ИЗА) көрсетіледі.

  • Ластану деңгейіне қарай ҚРсы қалаларын және басқа мемлекеттерді салыстыру;
  • Атмосфераның ластануының себептерін анықтау;

(Р)2-тапсырма

Графикте көрсетілген мәселелер Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жағдайына тәуелді болуы мүмкін бе? (ҚР ның экономикалық картасымен жұмыс).

(G) 3 «Д» әдісі

Дәлелдер

Дәлелдер

Диагностика

Келесі мәселелердің себеп-салдарына көңіл аудару қажет:

  • су қоймаларының эвтрофикациясы;
  • топырақтың гербицидтермен ластануы;
  • дала экожүйесіне антропогендік әсер;
  • ластаушы заттардың атмосфераға шығуы;
  • көмір шаңының өсімдіктерге және т.б. тірі организмдерге әсері;

Ағылшын тілінде терминдермен жұмыс.

https://www.youtube.com/watch?v=WfGMYdalClU

Слайд 1-3

Жинақта ұлт денсаулығына экология әсері мақалалары қарастырылған:

http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/21436/117/3/16/0// http://www.kstu.kz/wp-content/uploads/docs/7-kniga-2016-.pdf

Қосымша 1

Жұмыс парағы

Қосымша 2

ҚР экономикалық картасы

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 мин

Экологиялық шеру (тірек сөздермен байланыстырып үндеу құрастырады және олардан Қазақстанның картасын құрастырады)

Қосымша 4

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

Графикті мұғалімнің көмегінсіз сипаттайды және ҚР картасы мен графиктегі мәліметтердің байланысын ақпарат көздеріне зерттеу жүргізу арқылы табады. Қорытынды ретінде түйінді идеяларды ұсынады. Қазақстанның экологиялық жағдайына баға береді.

Қабілеті орта оқушылар:

Экологиялық мәселелерді анықтайды, мәселелерді туындататын факторларды зерттеу арқылы өз ойларын жеткізеді. Графигті қажеттілігіне қарай мұғалімнің, топтың көмегімен қажеттілігіне қарай талдайды. Қабілеті төмен оқушылар: Экологиялық мәселені туындататын факторлар мәнін түсінеді.

Мұғалімнің көмегімен графикті талдайды. Картадағы өндірістік аудандарды анықтайды.

Жұмыс парағы оқушылардың диференциалдық картасын ескере құрылған.(логикалық ойлауын, темпинг тесін)

  • Жұмыс парағындағы тапсырмалар (формативті)
  • График, картамен жұмысты өзара бағалау жүргізеді.

Оқушыларға сабақта қауіп туындамайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу