Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ (спонтанды) мутациялары. Биология, 11 сынып, презентация.
Мутацияның негізгі ерекшеліктері қандай?
Бағалау критерийін құрастырыңыз.
Анықтау
Түсіндіру
Бағалау
Қорытындылау
Зерттеу
Сипаттау
Сабақ тақырыбы:
Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ (спонтанды) мутациялары.
Оқу мақсаты:
11.2.4.1 мутацияның ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясымен байланысын табу
Сабақ мақсаты:
Мутацияның ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, ДНҚ репликациясымен өзара байланысын орнатады.
Бағалау критерийлері:
1
2
3
Тақырыпқа қатысты
лексика мен терминология:
Алдыңғы білімге шолу
Дескриптор:
Мутацияға қатысты терминдерді диаграммаға толтырып шығады.
Топтық жұмыс.
ДНҚ репарациясы
ДНҚ рекомбинациясы
ДНҚ репликациясы
Дескриптор:
Берілген материалдар бойынша топтар моделдеу жұмысын жасайды.
Тақырыптың түсініктілігі, көрнекі түрде көркемделуі;
Мутация туралы
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.
Мутациялық өзгерістердің түрлі табиғи жағдай серінен тосыннан пайда болуы табиғи немесе спонтанды деп аталады. Мутациялық өзгерісті тудыру кабілеті бар агенттер-мутагендер деп аталады. Мутагендердің арасында иондаушы сәулелердің, температураның, химиялық қосылыстардың есерін атап көрсетуге болады.
Өткен ғасырдың басында Францияда кәдімгі теректің сеппе шыбықтарының арасынан қызыл жапырақты формасы байкалды, ол жапырағы кызыл ұрпақка бастама берді.
Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі.
Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттық) жауып тұрады.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.
Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
Мутацияның пайда болу себептері және жіктелуі. Мутагенез
Пайда болу себептеріне байланысты:спонтанық және индуциялық мутациялар.
Спонтандық (өздігінен пайда болатын) мутациялар — кездейсоқ, белгісіз себептерден пайда болады.
Индуцияланған мутациялар немесе жасанды мутациялар мутагендердің әсерінен пайда болады. Мутагендер деп мутацияны жиілететін кезкелген факторларды атайды.
Мутагенез — мутацияның пайда болуы.
Канцерогенез — ісіктің пайда болуы.
Репарация- өзгерген (мутацияға ұшыраған) ДНҚ молекуласы құрылымының қалпына келуі
Репарацияның типтері:
Жарықтық репарация немесе фотореактивация;
Қараңғылық репарация немесе эксцизиялық
Репарация;
МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ;
Рекомбинационная репарация;
SOS-РЕПАРАЦИЯ.
Генетикалық рекомбинацияның мәні – екі хромосоманың өзара гендерімен алмасуында. Екі немесе одан көп тұкым қуатын анықтауышы бар клетканың немесе организмнің пайда болуына әкеп соғатын кез келген процесті 1958 жылы Понтекорво рекомбинация деп атады. Міндетті түрде сүтқоректілердің жыныс клеткалары пайда болғанда, мейоздың барысында гомологты хромосомалар гендсрімен алмасады (кроссинговер — айқасу кұбылысы).
«Кубизм»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру