Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ (спонтанды) мутациялары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2D Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: ХББ НЗМ Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чандыбаева Г.Д

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ (спонтанды) мутациялары.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 мутацияның ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясымен байланысын табу

Сабақтың мақсаттары

  • ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы, репликациясы және мутацияларын түсіндіру;
  • Мутацияның ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, ДНҚ репликациясымен өзара байланысын орнату;

Бағалау критерийлері

  • ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы, репликациясы және мутацияларын түсіндіре алады;
  • ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясының қайсысында мутация орын алуы мүмкіндігін атай алады;
  • Мутацияның ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясымен байланысын зерттейді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, ДНҚ репликациясы терминдерімен жұмыстану (жазылым), мутацияның ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, ДНҚ репликациясымен өзара байланысын орнату (айтылым, оқылым).

Тақырыпқа қатысты лексика мен терминология:

Эпигенетика, эпигеном, ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы, ДНҚ репликациясы, спонтанды мутациялар т.б.

Қазақша

Ағылшынша

Репликация

Replication

Рекомбинация

Recombination

Мутация

Mutation

Эпигенетика

Epigenetics

Эпигеном

Epigenome

Репарация

Repair

Спонтанды мутация

Spontaneous mutation

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

.......................... – тірі ағзалардың мутагендік факторлар әрекетіне байланысты ДНК молекуласында пайда болған ..................... қайта қалпына келтіру қасиеті. ..................- адамда соматикалық және генеративтік қлпаларында пайда болады. Спонтанды мутацияны анықтаудың бір жолы балаларда ата-аналарын болмаған күнде де ............. белгінің пайда болуы.

Құндылықтар дарыту

Ынтымақтастық

Топтық жұмыс барысында іс-әрекеттерді бірігіп орындау, бір-бірінің ойын тыңдау және ауызбіршілікті қалыптастыру.

Жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы

Оқушылардың ғылым білімді игеруде қызығушылықтарының арттыруы және Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін көтеруге бағыттау.

Өмір бойы білім алу

Жаңа оқу материалдарын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, білім берудің бірізділігімен өмір бойы білім алу қажеттіліктерімен ұштастыру.

Пәнаралық байланыс

Биотехнология –рекомбинатты ДНҚ терминін пайдалануда. Экология- мутацияның пайда болуына әсер ететін жағдайлар.

Алдыңғы білім

9-сынып

9.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру

10сынып

10.2.2.4 мейоздың кезеңдерін сипаттаудың кезеңдерін сипаттау

10.2.4.5 адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақ қезеңдері

Сабақ қезеңдері

1 – 5 мин

11-15 мин

Миға шабуыл. Тақырыпты ашу. Интербелсенді тақтадан адамдағы орақпішінді эритроциттері мен жасанды мутация суреті көрсетілген. Оқушылар эритроциттегі мутация түрін және аминқышқылы өзгерісін атайды. Жасанды мутацияға анықтама береді. Екі мутация түрін салыстыра отырып, тақырыпты ашады.

Сабақ тақырыбы анықталған соң, бағалау критерийлерін берілген етістіктерді пайдалана отырып, оқушылар өздері құрады.

Алдыңғы білімге шолу. «Өрмекші диаграмма» әдісі. Мутация қатысты термин, түсінік, анықтамаларды диаграммаға толтырады. Топтық бағалау жүреді.

Дескриптор:

  • Мутацияға қатысты терминдерді диаграммаға толтырып шығады.

Мутация, репарация және рекомбинация туралы ақпараттық бюллетень:

http://www.emunix.emich.edu/~rwinning/genetics/mutat.htm

16-26мин

27-36 мин

«Біреуі үйде, екеуі қонақта» әдісі арқылы оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген анықтамаларға сай, зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

  • ДНҚ репарациясы
  • ДНҚ рекомбинациясы
  • ДНҚ репликациясы

Дескриптор:

  • Берілген материалдар бойынша топтар моделдеу жұмысын жасайды.
  • Тақырыптың түсініктілігі, көрнекі түрде көркемделуі;

Топтар таныстырылымы. Әр топтан бір оқушы қалады да, қалған екі оқушы басқа топтың таныстырылымын тыңдайды. Және әр оқушы кесте толтырып шығады. Кесте бойынша (ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы, ДНҚ репликациясы) туралы мәліметтер жазулары керек. Топтық бағалау жүреді.

«Кубизм» әдісі. Кубиктің 6 жағында 6 түрлі тапсырма бар. Ортақ тақырып: Мутацияның ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясымен байланысын табу Кубиктің бір жағында «таңда» сөзі болады. Алдын-ала оқушыларға «Дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы мен мутациялардың арасындағы байланысы» және «ДНҚ рекомбинациясы» туралы алдын – ала ақпарат көрсетілген парақ беріледі.

Екінші шетінде «facts» сөзі – берілген тақырып бойынша ақпарат жинап, айтып береді.

Үшінші жағында «Describe it» - берілген тақырыпқа мәтін жазып, көрсетеді.

Төртінші жағында «Draw» - берілген ақпарат бойынша сурет, сызба құрап салып беруі тиіс.

Бесінші жағында «Explain» - берілген ақпаратты «draw» салған бір материалды алып, түсіндіріп беруі керек.

Алтыншы жағында «To Do list» - диаграмма құрау. Жұптық бағалу.

Бағалау критерийлері:

аталған үдерістердің қысқаша сипаттамасын жазады;

әрбір үдерістің маңызын дұрыс сипаттайды.

ДНҚ репликациясы:

https://www.youtube.com/watch?v=p3MXIKWAi2w

37-40 мин

Рефлексия.

«Жетістік баспалдағы» оқушылар өздерін жетістік баспалдағына белгілейді.

Жетістек баспалдағы, стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, ДНҚ репликациясы терминдеріне анықтама бере алады.

Оқушылардың көпшілігі: Мутацияның ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясымен байланыс орнатады.

Кейбір оқушылар: мутацияның ДНҚ репарациясымен, ДНҚ рекомбинациясымен, сонымен қатар ДНҚ репликациясымен

өзара байланысын өз сөздерімен баяндама дайындады.

Алдыңғы білімге шолуда, «Өрмекші диаграмма» әдісін жүргізеді. Топтық бағалау жүреді.

«Біреуі үйде, екеуі қонақта» әдісі арқылы топтар таныстырылымынан кейін, дескриптор бойынша топтық бағалау жүреді.

Қорытындылауда жүргізілген «кубизм» әдісінен кейін, жұптық бағалау жүреді.

Топтық бағалау жүргізгенде, кабинет ішінде қозғалыс кезінде партаға немесе бір-біріне соқтығысу қаупін бақылау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу