Гормондардың әсер ету механизмі №2. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
1-тапсырма. Суретті және кілт сөздерді қолдана отырып, жасушаға ене алатын гормондардың (стероидты гормондар және тироксин мен трийодтиронин) әсер ету механизмін сипаттаңыз
Қажетті сөздер: Гормон, жасуша мембранасы, цитоплазма, ішкі тікелей әрекет жасушаларының рецепторы, гормон-рецептор кешені, ядро, ДНҚ, мРНҚ (ақпараттық немесе матрицалық РНҚ), рибосома, нәруыз
1 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________2 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________3 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________4 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________5 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________6 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2-тапсырма. Суретті және кілт сөздерді қолдана отырып, жасушаға ене алмайтын гормондардың (стероидты емес, яғни аминдік және пептидтік) әсер ету механизмін сипаттаңыз
Қажетті сөздер: Гормон (бірінші реттік мессенджер), жасуша мембранасы, мембраналық рецептор, G нәруызы, гормон-рецептор кешені, аденилатциклаза ферменті, АТФ, цАМФ (циклдік АМФ – екінші реттік мессенджер), белсенді емес протеинкиназа, белсенді протеинкиназа, фосфорлау, гликоген, глюкоза
1 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________2 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________3 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________4 _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________5 ________________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Адреналин гормонының гомеостазда әсер ету механизмі
1-топ тапсырмасы. Биологиялық диктант
Төменде берілген кілт сөздерді пайдалана отырып, бос орындарды толтырыңыз
Суретте бүйрекүсті бездері көрсетілген. Бұл – бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Екеуінің салмағы шамамен 12-14 г. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні – үшбұрыш, сол жақтағысының пішіні – жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы – қыртысты және ішкі – милы қабаттан тұрады.
Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін кортикостероид (кортизол) гормондары ағзадағы су, тұз, көмірсу, нәруыз, май алмасуларын, ал андроген – жыныстық жетілуді реттеуге қатысады. Олар химиялық құрамы бойынша стероидты гормондарға жатады. Милы затынан екі түрлі гормон бөлініп шығарылады, олар – адреналин жəне норадреналин, бұл екеуі де аминдік (катехоламиндер) топқа жатады, олар – жүйке жүйесінің медиаторлары. Адреналин негізінен ағзадағы көмірсулардың жəне біршама ғана липидтердің алмасуына əсер етеді. Адреналинді көңіл күй гормоны деп те атайды, себебі адамның көңіл-күйі күрт өзгерген кезде адреналин көп бөлінеді. Қан құрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде, сондай-ақ жүйке қозған кезде және кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналиннің секрециясы артады. Күйзеліс (стресс) жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зəрмен бірге бөлініп шыға бастайды.
2-топ тапсырмасы. Адреналин гормонының адамның мүшелеріне (жүрекке, өкпеге, бауырға, теріге, т.б.) әсерін анықтай отырып, кестені толтырыңыз
№ | Адреналин әсер ететін мүшелер | Тигізетін әсері |
1 | Көз қарашығы | Кеңейеді / үлкейеді |
2 | Өкпе, бронхылар | Кеңейеді / үлкейеді |
3 | Жүрек | Жүрек соғысы жиілейді |
4 | Қан қысымы | Жоғарлайды |
5 | Бұлшықеттер | Жиырылады |
6 | Қуық | Жиырылады |
7 | Бұлшықеттің қан тамырлары | Кеңейеді |
8 | Тері | Тер көп бөлінеді |
Бауыр | Гликогеннің мөлшері азаяды, глюкозаға ыдырайды | |
Қан | Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді, қанның ұюын тездетеді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру