Гормондардың әсер ету механизмі №2. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.2A Гомеостаз және гуморальді реттелу (Координация және реттелу)

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гормондардың әсер ету механизмі №2

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.7.2 Гормонының әсер ету механизмін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • гормондар туралы бұрынғы білімдерін еске түсіреді;
  • гормондардың жіктелуін айта алады;
  • инсулин мен эстроген гормонының гомеостазда әсер ету механизмін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Гормондар дегеніміз не екенін айта алады. Гормондарды жіктей алады. Жасушаға ене алатын және ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтаудағы адреналиннің маңызын түсіндіреді (айтылым). Жазбаша тапсырмаларды орындайды (тыңдалым және жазылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Гомеостаз

Гомеостаз

Homeostasis

Гормондар

Гормоны

Hormones

Эндокриндік бездер

Эндокринные железы

Endocrine glands

Адреналин

Адреналин

Adrenalin

Бүйрекүсті безі

Надпочечники

Adrenal glands

Гликоген

Гликоген

Glycogen

Глюкоза

Глюкоза

Glucose

Бірінші реттік мессенджер

Первичный мессенджер

First messenger

Екінші реттік мессенджер

Вторичный мессенджер

Second messenger

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Адреналин гормоны жасушаға ене алмайды, себебі ................... ............... болып табылады

Гормон дегеніміз ...............

 Саралау түрі

Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша: топпен; мазмұны бойынша тапсырмалардың күрделілік деңгейіне қарай саралау; қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау (кілт сөздер, қажетті сөздер, ақпараттық парақша)

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Патриотизм және азаматтық борыш:

  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді;
  • Үштілділік қолданылады.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Гормондардың әсер ету механизмі кезінде химиямен байланысады (фосфорлау, нәруыз синтезі, т.б.)

 Жаһандық ақпарат

Қант диабетімен ауыратын адамдардың әлем бойынша статистикасы туралы ақпарат

Әлемде 6,2% өлім диабет ауруының салдарынан болады екен

 АКТ дағдылары

Интербелсенді тақтаны, ноутбуктерді пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар эндокринді бездердің орналасуын, гомеостаз ұғымын және 8-сыныпта гомеостазға тартылған кейбір гормондарды біледі. 7-сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, олар ортаның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жануарлардың жүйке жүйесінің рөлін түсіндіре алады

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Сабаққа қатысуларын тексеру
  • Сыртқы көрінісі
  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру

2-4 мин

Ой қозғау

Оқушыларға ағылшын тілінде сұрақ қойылады:

Question:

Chemical substances secreted into the bloodstream by the endocrine glands

Answer: Hormones

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды.

(сабақтың мақсатын тақтаға жазып қоюға болады)

Үш тілдегі ерминологиямен танысу

ИТ, презентация,

1-қосымша (терминология)

5-8 мин

Алдыңғы білімді өзектілендіру және топқа бөлу

Сынып оқушыларынан жұппен 2 мин ішінде барынша көп гормон тізімін жазуларын сұрау. Оқушылар бұрынғы білімдерін пайдаланып, гормондар тізімін жасайды (олардың қайда түзілетіндігін және қалай әсер ететіндіктерін – нысана-жасуша айтуға да болады). Жазылған мәлеметті өзара тексереді. Көп гормон тізімін жасаған жұп мадақталады.

Жазылған гормондар саны бойынша топқа бөлінеді.

Тақта

9-12 мин

Ұғыну

Мұғалім оқушыларға гормондардың химиялық табиғаты бойынша 4 топқа бөлінетіні туралы жазылған ақпарат таратып, қысқаша тоқталып өтеді

  • Стероидты
  • Май қышқылдар
  • Аминді туындылар
  • Пептидті және нәруызды

Жаһандық ақпарат

Қант диабетімен ауыратын адамдардың әлем бойынша статистикасы туралы ақпарат

Әлемде 6,2% өлім диабет ауруының салдарынан болады екен

ИТ, презентация,

2-қосымша (ақпарат парақшасы)

13-20 мин

Топпен жұмыс

Activity 1 «Association» ойынын ойнау

Әр топ «адреналин» сөзін естіген кезде, не ойлайтыны туралы ойларын айтып, «адреналин» гормонына өз сөздерімен анықтама береді. Содан кейін барлық сынып болып адреналин гормонының қысқаша сипаттамасын береді.

А3 қағазы, фломастер

Сабақтың ортасы

21-33 мин

Activity 2 «Гормонындарды зертте»

1-топ (төмен ұпай алғандар) Биологиялық диктант

2-топ Инсулин гормонының адам мүшелеріне әсері

3-топ Стероидты гормондардың әсер ету механизмі

4-топ (жоғары ұпай) Стероидты емес гормондардың әсер ету механизмі

Саралау:

  • Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша: топпен;
  • мазмұны бойынша тапсырмалардың күрделілік деңгейіне қарай саралау;
  • қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау (кілт сөздер, қажетті сөздер, ақпараттық парақша)

Оқушылар өз тапсырмалары бойынша дескриптор құрастырады:

  • Барлық бос орындар толтырылған;
  • Кесте толық толтырылған;
  • Қажетті сөздердің барлығы қолданылған;
  • Сурет толық сипатталған.

Өзара бағалау «Бүтін немесе жарты алма»

(1 топ 2-топты, ...4-топ 1-топты бағалау)

Мұғалімнің кері байланысы

3-қосымша (тапсырма парақшалары)

edmodo.com сайтына жүктелген материалдар

Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология»

2-том, 333-339 бет

Стероидты гормон:

https://www.youtube.com/watch?v=m9jOXiYdMeY

Адреналин гормоны:

https://www.youtube.com/watch?v=ejq99wLEMTw

34-38 мин

Сабақты бекіту

Ағылшын тілінде бейнежазба көрсету арқылы сабақты бекіту

ИТ

39-40 мин

Сабақтың мақсатына оралу

Рефлексия «Синквейн»

Үй тапсырмасы. Ақпаратпен жұмыс. Биология Грин, Стаут, Тейлор 2-том, 333-339 бет

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша: топпен; мазмұны бойынша тапсырмалардың күрделілік деңгейіне қарай саралау; қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау (кілт сөздер, қажетті сөздер, ақпараттық парақша)

Сұрақтарға берген жауаптары формативті бағалауды қамтиды.

Өзара бағалау «Бүтін және жарты алма»

Мұғалімнің бағалауы

ИТ 10 мин артық қолданбау

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы сақталады.

Рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу