Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ жүргізу бойынша мұғалімге нұсқаулық
1. Ой шақыру кезеңінде әдісте оқушылар кіші топта жұмыс істеген уақытты үнемдейді. Жауап жазу айналымы жылдам жүреді. Мұғалім үлестірмелі қағазды шеңбер бойынша қозғалуын оқушыларға белгі беру арқылы бақылай алады.
Оқушыларға үлестірмелі қағаз үлгісі:
Сұрақ: Ағзадағы гомеостазды сақтауда гормондардың маңызы қандай? 1) 2) 3) 4) |
2. Мағына тану кезеңіндегі жұптық жұмыста көмек қажет ететін оқушыларға гормонның әсер ету механизмін анықтауға қажетті сөздер тізімін ұсынуға болады.
3. Визуалды ақпаратты зерделейтін жұптық жұмыстың жауабы:
Стероидты гормондар ↓ 1 ұлпа сұйықтығы ↓ 2 нысан-жасуша ↓ 3 жасушалық мембрана ↓ 4 цитоплазмалық рецептор ↓ 5 ядро ↓ 6 ДНҚ ↓ 7 ген ↓ 8 мРНҚ | Нәруыздық/пептидтік гормондар ↓ 1 ұлпа сұйықтығы ↓ 2 нысан-жасуша ↓ 3 жасушалық мембрана рецепторы ↓ 4 аденилатциклаза ферменті ↓ 5 циклдік АМФ реакциялары ↓ 6 киназа ферменті ↓ 7 Жасушалық жауап |
Айырмашылықтары | |
1. 2. | 1. 2. |
Ұқсастықтары | |
1. 2. | |
4. Гормондардың әсер ету механизмін салыстыратын топтық жұмыс жауабы:
Айырмашылықтары | |
1. Нәруыз рецепторлар цитоплазмада. 2. Нәруыз-стероидты кешен түзеді, ядроға тасымалдайды, оларды хроматинмен байланыстырады. 3. Ферменттер синтезделуіне әсер етеді. | 1. Нәруыз рецепторлар жасушалық мембранада. 2. Екіншілік мессенджер жүйесі арқылы әрекет етеді (цAMФ, цГMФ). 3. Ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. |
Ұқсастықтары | |
| |
Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
1. Биология, Д.Тейлор., Н.Грин., У.Стаут, 2 том
2. Биохимия, К.С.Сағатов, стр 317-323.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру