Биологиялық бақылау жүйесі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Биологиядағы басқару жүйесі
Басқару теориясын ұсыну биологиялық құбылыстардың құрам бөліктері мен физиологиялық механизмдері арасындағы функционалдық әрекеттестерді терең түсінуге мүмкіндік берді. Мысалы, тірі жүйелер қазіргі таңда ашық жүйе ретінде қарастырылады, себебі олар қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға мұқтаж. Негізінен, тірі жүйелер қоршаған ортамен динамикалық «қозғалмалы» тепе теңдікте болады, сондықтан қоршаған ортамен теңесіп кетпеу үшін үнемі ішкі энергия қажет болады. Мысал ретінде қарапайым аналогия субүріккішті (фонтан) алайық. Оның жұмысы үнемі энергия мен судың ағынын қажет етеді (сорғы арқылы мүмкін болады). Тек осы жағдайда ғана оның жұмысы тұрақты, яғни қоршаған ортаға қатысты тұрақталықты сақтайды. Кез келген жүйені басқарудың негізгі компоненттері 1.1 кестеде келтірілген. Әрқайсысын әртүрлі терминдермен атауға болады. Сонымен, сүтқоректілердің реттеушісі не гормон бөлетін эндокриндік жүйе, не ми (бас ми немесе жұлын) болып табылады.
1.1 кесте Басқару жүйесінің негізгі компоненттері.
Стимул (тітіркендіргіш, кіретін сигнал) | Детектор | КООРДИНАТОР не РЕГУЛЯТОР не Басқару орталығы эталонмен (салыстыру жүйесімен) | Эффектор | Жауап (реакция шығатын сигнал) |
Басқару жүйесінің нәтижелілігін бағалауға болады:
1) Реттеуші көрсеткіш деңгейінің оптималды деңгейден ауытқу дәрежесімен;
2) Осы деңгейге қайтып келу жылдамдығымен.
Кез келген ауытқу басқару жүйесін белсендіреді, ал ол оның қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Жағдай қайта оптималды болғанда, реттеуші үрдістер теріс кері байланыс атты механизм бойынша тоқтайды. Кері байланысты жүзеге асыру үшін, берілген жүйенің жұмыс қорытындысын алдын ала талап етілген мәнмен, реттеуші көрсеткіштің оптималды мәні салыстырылуы керек (айнымалы, яғни, термостат шкаласындағы тіркелген температура деңгейі). Басқару жүйесінде екі кері байланыс түрі бар – теріс және оң. Біріншісі тірі ағзалардың гомеостатикалық жүйелерінде кеңінен таралған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру