Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Тарау: 10.3С Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың алуантүрлілігі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.

Оқыту мақсаттары:

10.2.6.4 антропогенездің кезеңдерін атау

Сабақ мақсаттары

Антропогенездің кезеңдерін зерттеп, әр кезеңнің ерекшеліктерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: Антропогенез кезеңдерін зерттейді;

Көпшілік оқушылар: Адамның шығу тегін сипаттап, әр кезеңге тән ерекшеліктерді атап бере алады;

Кейбір оқушылар: Адамның шығу тегіндегі эволюциялық өзгерістердің шешімін тауып, дәлелдей алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Проантроптар, архантроптар, палеоантроптар және неоантроптар туралы викториналық сұрақтар қою арқылы антропогенез кезеңдерін сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Антропогенез. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Адамның шығу тегін, даму тарихын зерттейтін биология саласы...........

Ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі ....... қалыптасқан

Ертедегі адамдар...........

Құндылықтарды дарыту

Жеке бас қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын және құзыреттілігін дамыту. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу, қоршаған ортаның пікірлеріне құрмет және басқалардың алдында өз міндеттері үшін жауапкершілігін түсіну, тұлғааралық құзыреттіліктерді дамыту. Басқа оқушылардың пікірін және әрбір идеяның құндылықтарын ескере білу.

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін активтендіру үшін интерактивті тақталарды пайдалану.

Бастапқы білім

Селекция негіздері және эволюциялық даму – 9 сынып.

Тірі ағзалардың көп түрлілігі: 6, 7, 9- сыныптар

Жерде тіршіліктің даму кезеңдері – 9 сынып

Сабақ түрі

Өткен тақырыпты қорытындылау, жүйелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-03 мин

(Ұ) Өткен сабақ негізінде берілген тақтаға антропогенез сөзі жазылады, оқушылар осы сөздің астына берілген терминдерді ретімен орналастырады:. Неоантроптар Проантроптар. Антропогенез. Палеоантроптар. Архантроптар

Терминдер

03-18 мин

18-28 мин

28-38мин

(Т) Оқушылар топтарда антропогенез кезеңдерін зерттейді. Сынып бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ антропогенездің бір кезеңдерін алады. Өткен сабақта қарастырылған антропогенез кезеңдері бойынша бағалау критерийлерін ескере отырып, оқушылар постер құрастырады. Проантроптар, архантроптар, палеоантроптар және неоантроптардың биологиялық және әлеуметтік аспектілерін қарастырылуы қажет.

Жұмыс басында оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру қажет.

Топтық жұмыстың бағалау критерийлері.

  • Топта жұмыс жасай алады: жұмыс барысын талдап, міндеттерді бөлу, оны орындау.
  • Жауапкершілік, ынтымақтастық, өзінің айтқанына тұратын жеке басының қасиетін көрсетеді
  • Ескертулері болған жоқ
  • Жұмысты орындау қадамдары дұрыс, жоспарға және уақытқа сай (жұмыс уақытында аяқталды)
  • Өзін өзі бағалау қабілеті бар
  • Топта өзіне жауапкершілік алады (топ көшбасшысы)

Постерді бағалау критерийлері

  • Тақырып толығымен ашылған (кезеңдердің биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері жазылған)
  • Материалды ретімен мазмұндады (постердің аты, мазмұны, суреттері өзара байланысты)
  • Кілт сөздер немесе қысқа фразалар қолданады
  • Рәсімдеу дизайны. Мәтін жазулары түсінікті, жеңіл оқылады.
  • Материал қағазға біркелкі орналастырылған.
  • Сызбалар қолданылаған. Жазуларда қателіктер жіберілмеген.
  • Жұмыс шығармашылық жағынан орындалған.

Қорғау критерийлері

  • Антропогенез кезеңдерінің мазмұны ашылды.
  • Тақырыпты қағаздан оқымай өз сөзімен жеткізе білді.
  • Постерде көрсетілмеген кейбір ақпараттар айтылды.
  • Қорғау барысында сыныппен қарым қатынас болды.
  • Ораторлық өнер (қатты, нақты дауыс)

Кері байланыстың бағалау критерийлері

  • Жұмыстың маңызды жақтарын анықтады.
  • Негізіг кемшіліктерді нақты, қысқа айқындады.
  • Жұмысқа деген ұсыныстар қысқа, анық және орындалатындай.
  • Өзге оқушыға жұмысын жақсартуға (бағыт береді), басқаларына кестені толтыруға көмектесетін нақты және түсінікті сұрақтар қояды.

Қорғауға және дискуссияға (сұрақ жауапқа) жеткілікті уақыт берілуі қажет.

Постерлер сынып қабырғаларына «Мұражай экспонаты» немесе «Галерея» ретінде ілінеді және топтың бір мүшесі ғана қорғайды.

Басқа оқушылар сұрақ қойып, кері байланыс береді.

Қорғау аяқталғаннан соң, оқушылар дәптерлеріне кесте толтырады.

Антропогенез кезеңдері

Биологиялық ерекшеліктері

Әлеуметтік ерекшеліктері

Проантроптар

Архантроптар

Палеоантроптар

Неоантроптар

РРТ

Теориялық материалдар таратпа қағаздар

http://australianmuseum.net.au/Human-Evolution

Адам дамуы туралы виртуалды мұражай:

https://www.penn.museum/sites/surviving/index.html

http://www.abouthumanevolution.org/

http://humanorigins.si.edu/

Эволюция міселесі туралы ғылым жаңалықтары: http://www.evolbiol.ru/

Эволюция туралы ақпараттар:

http://evolution.powernet.ru/

Кесте

38-40 мин

Рефлексия. Бас бармақ

Үй жұмысы

Антропогенез кезеңдері бойынша қызықты материалдар қарастыру.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Антропогенез кезеңдерін зерттейді;

Көпшілік оқушылар: Адамның шығу тегін сипаттап, әр кезеңге тән ерекшеліктерді атап бере алады;

Кейбір оқушылар: Адамның шығу тегіндегі эволюциялық өзгерістердің шешімін тауып, дәлелдей алады.

Сабақ барысында постерді орындауын бақылау. Өзара бағалау.

Оқушылардың қабілеті постер дайындауы кезінде бақыланады. Кейбір оқушылар тірек сөздерді немесе сұрақпен жетелеуді қажет етуі мүмкін.

Оқушылардың тапсырманы орындау әрекетін бақылау. Жұмысты қорғау арқылы тақырыпты түсінгенін қадағалау және бағалау

Денсаулық сақтауға назар аудару-дұрыс отыруын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтар да неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу