Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Биология, 10 сынып, презентация.
Өз жұбыңды тап!
Жыныспен тіркес тұқым қуалау
Сабақтың тақырыбы
Оқу мақсаты
Есеп шығару кезінде белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауының цитологиялық негіздерін қолдану
Бағалау критерийі
- Жыныспен тіркес тұқым қуалау ұғымының мағынасын түсіндіре алады;
- Жыныспен тіркес тұқым қуалау есептерін шығару кезінде есептің берілгенін, шығару жолын, жауабын дұрыс жазады;- Генетикалық сызба жасау кезінде генетикалық символдарды дұрыс қолданады.Аутосомалар –
еркек және ұрғашы жыныста
бірдей
болатын хромосомалар
Жыныс хромосомалары –
еркек және ұрғашы жыныста
әртүрлі
болатын хромосомалар
Адамда
46 хромосома (23 жұп)_
22 жұбы (44 хромосома)
аутосомалар
1 жұбы (2 хромосома)
жыныс хромосомалары
Хромосомалар
Дене жасушаларының хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы – кариотип деп аталады
КАРИОТИП - ағза жасушалары хромосомаларының барлық (саны, мөлшері, формасы) белгілерінің жиынтығы
АУТОСОМА -
аталық және аналық ағзадағы жұп хромосомалар
ЖЫНЫС ХРОМОСОМАЛАРЫ-
жынысты анықтауға қатысатын арнайы жұп хромосомалар
Жыныс хромосомалары
Жыныс хромосомалар бірдей гаметалардан түзілсе, оны гомогаметалы жыныс (ХХ)
деп, ал әртүрлі гаметалардан түзілсе,
гетерогаметалы жыныс (ХҮ)
деп атайды.
Жыныс хромосомалары және жыныстың анықталуы
Жынысты анықтаудың хромосомалық 5 типі бар:
1 тип ♀ ХХ , ♂ ХУ
2 тип ♀ ХУ , ♂ХХ
3 тип ♀ ХУ , ♂Х0
4 тип ♀ Х0 , ♂ХУ
5 тип гаплодиплоидея ♀ 2n , ♂n
1 тип ♀ ХХ , ♂ ХУ
Сүтқоректілерге, соның ішінде адамға, құрттарға, шаянтәрізділерге, көпшілік бунақденелілерге, қосмекенділерге, кейбір балықтарға тән.
2 тип ♀ ХУ , ♂ХХ
Құстарға, жорғалаушыларға, кейбір қосмекенділер мен балықтарға, кейбір бунақденелілерге (қабыршаққанаттыларға) тән.
0 хромосоманың жоқтығын білдіреді.
Кейбір бунақденелілерде (турақанаттыларда) кездеседі.
3 тип ♀ ХУ , ♂Х0
4 тип ♀ Х0 , ♂ХУ
Кейбір бунақденелілерде (теңқанатты – цикадаларда, бітелерде) кездеседі.
Аралар мен құмырсқаларда кездеседі:
Аталықтар - ұрықтанбаған гаплоидты жұмыртқажасушадан партеногенез жолымен дамиды.
Аналықтар ұрықтанған диплоидты жұмыртқажасушадан дамиды.
5 тип гаплодиплоидея ♀ 2n , ♂n
Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесті тұқым қуалау деп атайды. Оны ең алғаш американ биологы Томас Морган зерттеп ашты.
Дрозофила шыбынына тәжірибе жасағанда аналықтарда көздері тек қызыл немесе аталықтарда тек ақ болып шыққан. Сол себепті Морган көздің түсін анықтайтын гендер жыныстық хромосомада болуы тиіс деп есептеді.
Жыныспен тіркесті (гоносомды)
тұқым қуалау
(1866- 1945)
Х және Ү хромосомаларының қайсысында ген көбірек болады?
Ү хромосома Х хромосомаға қарағанда мөлшері кішірек болатындықтан, Х хромосомасымен байланысты белгілер де көбірек болмақ.
Ү хромосома арқылы берілетін бірнеше белгілер ғана бар.
Ол белгілер тек әкелерінен ұлдарына ғана беріледі
Жынысқа тіркес белгілер
Аутосомаларда болатын гендердің белгілері Мендель заңына бағынады.
Ал тұқымқуалаудың мұндай типі аутосомалы тұқымқуалау деп аталады.
аутосомалар
Жынысқа тіркес белгілер
Жынысқа тіркес белгілер - жыныстық хромосомада болатын гендердің жиынтығы.
Y- хромосомада өмірлік маңызды гендер болмайды (балықтарда керісінше көрнекті фенотиптік белгілер Y- хромосомада )
Y- хромосомада тіркессе, әкесінен ұлына,
ал Х- хромосомамен тіркессе, әкесінен қызына, шешесінен ұлына да қызына да беріледі.
У- тіркесті белгілер - голандриялық белгілер деп аталады. Олар тек әкесінен ұлдарына беріледі.
Гипертрихоз – құлақ қалқанында
түк өсуі.
Синдактилия – саусақ арасында
жарғақтың болуы.
У - тіркесті тұқым қуалау
Х хромосомамен берілетін 300 тарта ауру түрлері белгілі
Тіс эмалының гипоплазиясы
Гемофилия
Дальтонизм
Тер бездерінің болмауы
Аутизм
Дюшен бұлшықет дистрофиясы
Агаммаголбулинемия
Х - тіркесті тұқым қуалау
Х - тіркесті тұқым қуалау
Гемофилия. Ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге тән тұқым қуалайтын ауру. Аурудың негізгі себебі қан ұюына қатысты фактордың жетіспеушілігі. Жарақаттанған кезде немесе тіс жұлғанда адам өміріне қауіп туарлықтай қан тоқтамай ағуы мүмкін. Қанның дұрыс ұюын доминантты Н гені, ұйымауын рецессивті һ гені анықтайды.
ХHХH – дені сау қыз бала
ХHУ – дені сау ер бала
ХHХh – тасымалдаушы қыз бала
ХhУ – гемофилиямен ауыратын ер бала
Николая II жанұясы
Королева Виктория
Қандай сандарды көріп тұрсың?
Есептер шығару
№1 Әкесі сау, шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
№2 Шешесі сау, гомозиготалы. Әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
№3 Әкесі дальтоник отбасында ұлының дальтоник болуы мүмкін бе?
Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?
Рефлексия
Үйге тапсырма
Адамда дальтонизм ауруы рецессивті және Х хромосомасында орналасқан, ал дұрыс көру доминантты белгі болып табылады. У хромосомада мұндай ген жоқ.
Анасы дальтоник ал әкесі түстерді ажырататын отбасында түстерді дұрыс ажырататын балалардың туу мүмкіндігі қандай? Егер балалары дальтоник болса, онда қайсылары: ұлдары ма, қыздары ма? Есептің шығарылу жолын көрсетіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру