Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Шежіренің барлық мүшелерінің генотипін және тұқым қуалаушылық белгілерін қойыңыз және сипаттамаларын анықтаңыз.

Тапсырма 1. Алты саусақты екі әпкелі-сіңлі Маргарет және Мэри қалыпты ер азаматтарға тұрмысқа шықты. Маргареттің отбасында бес бала бар: Джеймс, Сауанна және Дэвид – алты саусақты, Элла және Ричард – бес саусақты. Мэридің отбасында бір ғана қыз Джейн қалыпты қол бітімі болды. Джеймстің қалыпты әйелмен бірінші некесінен алтыс аусақты Сара туылды, ал екінші қалыпты әйелмен некесінен оның 6 бала – оның бір қыз және екі ұл бессаусақты, ал екі қыз және бір ұл алты саусақты болып туылды. Элла қалыпты жігітке тұрмысқа шықты, олардың екі ұл, төрт қызы болды, олардың барлығы бес саусақты. Дэвид қалыпты әйелге үйленді, олардың жалғыз ұлы Чарльз алты саусақты болып туылды. Ричард өзінің туысқан қарындасы Джейнге үйленді, олардың екі қыз, үш ұлы – бес саусақты.

Тапсырма 2. Әулеттің өсімі қалыпты, оның әпкесі хондродистрофиямен (дененің қалыпты жағдайдан бірден ауытқуына байланысты тұқым қуалайтын ергежейлілік) ауырады. Әулеттің анасы – дені сау, әкесі – ауру. Әулет шежіресінде екі дені сау апасы, бір апасы мен бір ағасы хондродистрофия. Хондродистрофиямен апасы қалыпты ер азаматқа тұрмысқа шыққан, олардың бір ергежейлі ұлы бар. Дені сау апасы дені сау жігітке тұрмысқа шыққан. Олардың екі ұл, екі қызы бар. Олардың барлығы дені сау. Ергежейлі-ағасы дені сау әйелге үйленген. Олардың екі дені сау қыздары және ергежейлі бір ұлы бар. Әулеттің атасы ергежейлі, ажесі дені сау.

Тапсырма 3. Әулетте – дені сау әйел, оның әпкесі де дені сау, ал інісі дальтонизммен ауырады. Бауырлардың ата-анасы дені сау. Анасының төрт әпке-сіңлілері дені сау, сондай-ақ күйеулерінің де дені сау. Ал анасының немере бауырлары: бір отбасында бір ауру ағасы, екі әпкесі және бір інісі дені сау, екі басқа отбасында бір-бірден ауру ағасы және бір-бірден дені сау әпкесі, төртінші отбасында дені сау бір әпкесі бар екендігі белгілі. Анасы жақтан әжесінің дені сау, ал атасының дальтонизммен ауырғандығы белгілі. Әкесінің әулетінде ешкім дальтонизммен ауырмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу