Талдай будандастыру. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары | НЗМ ФМБ Қостанай қаласы | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысқандар | қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Талдай будандастыру | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: | 9.2.4.5 – талдай будандастырудың маңызын бағалау. | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.Талдай будандастыру туралы түсінік беру, анықтамасын білу. 2.Талдай будандастыруды генетикада қолдану жолдарын есептер арқылы көрсете білу 3. Талдай будандастырудың ауылшаруашылығындағы маңызын түсіндіру | ||||||
Бағалау критерийлері | 1.Талдаушы будандастыруға есептер шығара алады 2. Талдай будандастырудың ауылшаруашылығындағы маңызын түсіндіре алады | ||||||
Тілдік мақсаттары | Пәндік лексика және терминология : аллель, доминант, рецессивті, гамета, ата-ана, ұрпақ, генотип, фенотип, гомозиготалы, гетерозиготалы, таза тармақ. | ||||||
Құндылықтарды дағдыландыру
| Ынтымақтастық 1.Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзаара әрекеттістіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жалғасады. 2.Мұғалім мен оқушылар бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды. Адамгершілік: топпен жұмыс жасағанда бірі -бірінің көзқарастарын сыйлайды. Өмір бойы оқу : алған білімінің алдағы уақытта қажет екенін түсінеді . Жауапкершілік : отырған жұмыс орнын құралдарды тәртіппен ұстайды | ||||||
Пәнаралық байланыс | Математика: есеп шығарғанда есептейді | ||||||
Алдыңғы білімдер | Оқушылар теориялық генетиканы түсіндіру кезінде қолданылатын генетикалық символдар мен терминологияны біледі. Олар моногибридті будандастыру бойынша генетикалық сызбалар құра біледі,есептер шығара алады. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақ бойынша жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 3-6 6-9 | Амандасу.Психологиялық көңіл күй орнату.. Сабақтың жоспарымен таныстыру «Ой қозғау» «True and False» 1. Бір белгілі белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды. 2. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері: Толық доминанттылық Толымсыз доминанттылық – Кодоминанттылық 3. Толымсыз немесе аралық доминанттылық деп бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады 4.Толымсыз доминанттылық Мендельдің бірінші заңы деп аталады . 5.Толық доминанттылық Мендельдің 1заңына сәйкес келеді (М) Содан соң сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру . Оқушылардың көмегімен бағалау критерийлерін анықтау | Ақпараттық парақ Презентация Тапсырмалар | |||||
Сабақтың ортасы
9 – 18 18- 25 25- 38 | Мұғалімнің түсіндіруі . Өсімдіктердің жаңа сорттарын және үй жануарларының жаңа қолтұқымдарын шығару мақсатында, будандастыру нәтижелерін болжау мақсатында ,«қажетті белгі» бойынша шағылыстыратын ата-аналардың генотипін міндетті түрде білу қажет. Қандай белгі рецессивті болып келетінін біле отырып, дарақтың генотипін қажетті белгісі бойынша анықтауға болады. Рецессивті белгінің түзілуі үшін дарақ рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы болуы қажет, дәлірек айтқанда дарақтың генотипі фенотип бойынша анықталады (аа). Доминантты белгілері бар дарақтар фенотип бойынша ұқсас болғанымен генотиптерінде: АА (гомозиготалы дарақтар) немесе Аа (гетерозиготалы дарақтар). Сондықтанда доминанты белгілері бар дарақтардың генотипін фенотип арқылы анықтай алмайды: толық доминанттылықтың арқасында гомозиготалы және гетерозиготалылардың бір бірінен айырмашылықтары жоқ Доминантты белгілері бар дарақтардың генотипін анықтау мақсатында талдаушы будандастыру жүргізіледі. Талдай будандастыру. Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дарақ рецессивті белгісі бар гомозиготалы дарақпен будандастырылады. Егер алынған ұрпақ біркелкі болса, зерттеліп отырған дарақтың генотипі гомозиготалы, ал ажырау жүріп екі түрлі белгі көрінсе оның гетерозиготалы болғаны. Тақтада жазып түсіндіреді Бекіту Оқушыларға талдай шағылыстыруға есеп беріледі . Есеп Бұршақтың сұр түсі ақ түске қарағанда доминантты. Бұршағы сұр түсті өсімдікті ,бұршағы ақ түсті өсімдікпен будандастырды. Нәтижесінде ұрпақтары 32 сұр түсті бұршақты өсімдік және 36 ақ бұршақты өсімдік алынды ата аналарының және ұрпақтарының генотипін анықтаңыз . Критерийлері : 1.Есепті дұрыс безендіреді (оформляет ) 2. Ұрпақтарының генотипін дұрыс анықтайды 3.Ата –аналарының генотипін дұрыс анықтайды . Жауабы тақтада көрсетіледі.Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Қабілеті жоғары оқушыларға сурет бойынша өздеріне есеп құрастыруға беріледі Қалыптастырушы бағалау жұмысы беріледі | Қалыптастырушы бағалау жұмысы . | |||||
Сабақтың соңы 38-40мин | Кері байланыс :Тақтада слайд: Мен барлығын түсіндім Мен шамалы түсіндім Мен .... түсінбедім | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?– | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері . | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларға сурет бойынша талдаушы будандаструға есеп құрастыруға беріледі . Қалған оқушылар берілген есепті шығарады . | Оқушылар тақтадағы жауабымен тексеріп өзін өзі бағалайды. Мұғалімнің формативті бағалауы . | Оқығанда көздерімен, кітаптың арасы 35см болу керек екенін ескертіп отырады Столда дұрыс отыру, сколиозды болдырмау жайында ескертеді | |||||
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні------------------------------------------------- сыныбы ---------------
Бөлім /Тақырып | Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары/ Талдай будандастыру |
Оқу мақсаты | 9.2.4.5 Талдай будандастырудың маңызын бағалау. |
Бағалау критерийлері | 1.Талдай будандастырудың анықтамасын түсіндіреді . 2. Талдай будандастырудың ауыл шаруашылығы үшін маңызын бағалайды |
Дескрипторлар |
2.Талдаушы будандастырудың ауыл шаруашылығындағы маңызын дұрыс сипаттайды. 3.Есепті дұрыс безендіріп ,шешуін анықтайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну . |
Тапсырма 1 Талдаушы будандастырудың анықтамасын жазыңыз Талдай будандастыру дегеніміз ................................................................................... ........................................................................................................................................... ............................................................................................................................................ . Тапсырма 2. Талдаушы будандастырудың ауыл шаруашылығындағы маңызын сипаттаңыз. ........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ Тапсырма 3 Есепті шығарыңыз Иттерде қысқа жүн, ұзын жүнге қарағанда доминантты . ағшы қысқа жүнді итті сатып алды, енді оған, бұл итте, ұзын жүнді иттің гені бар жоғын білу керек. Осы иттің генотипін анықтау үшін, будандастыруға қандай итті таңдап алу қажет? Егер ит таза тармақты (чистой породы) болса, нәтижесі қандай болу керек? Қысқа жүнді иттің генотипі қандай болуы мүмкін АА немесе Аа? | |
- Қосымша 1
Тапсырма 1.Берілген сурет бойынша есеп құрастырып,шығарыңыз.
Дескрипторлар :1.Сурет бойынша есепті дұрыс құрастырады
- Есепті дұрыс шығарады .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру