Жасушалық цикл. Митоз. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының мысалы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарау 9.3С Жасушалық цикл

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Жасушалық цикл. Митоз

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.2 - митоздың кезеңдерін сипаттау

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты зерттеу

Сабақ мақсаты

Жасушалық циклдің түрлерін ажыратып, салыстыра алады,

Митоз үдерісінің негізі ерекшеліктерін ажыратады,

Дайын микропрепараттар арқылы митоз кезеңдерін зерттеу

Бағалау критерийі

  • Жасушаның тіршілік циклінің кезеңдерін сипаттайды
  • Митоздың кезеңдерін біледі, берілген сегмент өлшемдерімен шеңбер диаграммаларын дұрыс құрастыра алады.
  • Жасуша айналымының ерекшеліктерін ажыратады
  • Оқушыларға микропрепараттарды пайдаланып, митоз кезеңдерін зерттейді
  • Жасуша бөлінуінің қажеттілігін түсіндіреді(кем дегенде екі мысал келтіреді).

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Митоз фазаларын сипаттау (оқу және жазу дағдылары)

Пәндік лексика және терминология: митоз, мейоз, интерфаза, синтез, профаза, метафаза, анафаза, телефаза,

Оқушылар: митоз ерекшеліктерін ауызша сипаттай алады, оның өсу мен дамудағы маңыздылығын суреттен анықтап көрсетеді, жасуша құрылысындағы өзгерістерді жазбаша, ауызша түрдеде атай алады.

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

Жасушалық циклдің кезеңдері………………………………….

Интерфаза кезеңдерін жіктеңіздер…………………………..

G1 , S, G2 кезеңдері нені білдіреді ………………………..

Митоздың ағза үшін маңызы …………………………………………………..

Барлық ағзалардың ... ... митоз арқылы көбейе алады.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жасуша органоидының суреттері көмегімен сызықтық ұлғаюды формула көмегімен есептеу арқылы физика, математика пәндерімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-көзімен жұмыс, интерактивті тақта, презентация

Алдыңғы білім

Жасуша құрлысы 6 класс Бір жасушалы және көп жасушалы ағзалардың сыртқы құрылымының сипаты, белгілері және оларды ағзаларды анықтау мен дихотомикалық кілттерді жасау үшін пайдалану (7.1 A бөлімі)

Сабақ барысы

Сабақтың барысы

Сабақтың барысы

Сабақтың барысы

0 - 5 мин

1 Ұйымдастыру. Оқушыларға түрлі халықтардың амандасу әдістері беріледі. Соны пайдалана отырып, жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді тақырыбы бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Өзара бағалайды

06-10мин

11-14 мин

15 – 25 мин

15-35 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Оқушылармен бағалау критерийлерін талдау

(М) Оқушыларға бейнероликті немесе митоз суреттерінің кезектілігін көруді ұсыныңыз және хромосомалармен не болғанын талқылаңыз.

(Жж) Оқушыларға митоздың әрбір кезеңінің үдерістері бейнеленген суреттер мен мәтін беріліп, оларды талдауды сұраңыз.

Т) Митоздың әрбір кезеңінде болатын оқиғаларды бейнелейтін үлгілердің бірізділігін үлгілеу үшін ермексаз немесе басқа қолда бар материалдарды пайдаланып митозды үлгілеу.

Бағалау критерийлері:

  • митоз сатыларын атайды;

әртүрлі сатылардағы хромосомаларды сипаттайды

(Жж), (Э), (ҚБ) Оқушылар микропрепараттарды пайдаланып, митоз кезеңдерін зерттейді.

Сарымсақ бастарының бойлық қимасының дайын боялған микропрепараттары осы жаттығудың тамаша үлгісі болып табылады.

Оқушылар митоз фазасын бақылау үшін дайын микропрепараттарды пайдаланады. Хромосомалардың интерфазада, профазада, метафазада, анафазада және телофазада орналасу ретінің суреттерін салуы тиіс. Оқушылар өз суреттерінде әр кезеңде болып жатқан оқиғаларды толық сипаттаулары керек.

Презентация:

Жасушаның бөлінуі Митоз видео Твиг білім

Презентация:

Таратуға арналған материалдар

Микроскоптар, микропрепараттар"Митоз в корешке лука

Жұмыс парағы

36-40 мин

Кері байланыс

Түсіндім, түсіндіре аламын, түсінбедім деген сөздерді тақтаға іліп қойылады, оған оқушылар стикерлерге өздерінің тақырып бойынша жақсы түсінген, түсіндіре алатын тұстарын жазып жапсырады.

Түсінбедім деген тұстарына тоқталып, толықтырулар жасалады.

Қосымша

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Жасуша бөлінуінің кезеңдерін көрсету үшін градустық өлшемдерді қолданады.
  • Қабілеті орта оқушылар:

Жасуша бөлінуі кезіндегі кезеңдерді сипаттайды. Интерфаза мен митоз кезеңдерін тірек сызбадан белгілейді.

Қабілеті төмен оқушылар:

Суретті сызбаларды топта оқушылармен бірге жасайды. Жасуша айналымының кезеңдерін мұғалімнің көмегімен орындайды.

Қызығушылығы төмен оқушыларға анықтайтын ағзалардың негізгі сипаттамалары қосымша беріліп, соларға сүйне отырып, тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Тақырып бойынша топпен жұмыс істеуде

Кері байланыс – өсімдіктер/жануарлар түрін анықтау арқылы

Кесте толтыруы бойынша

Зертханалық жұмысты қорытындылау бойынша

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Ылғал препараттар мен жинақтар, тұлыптармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Оқушылар зертханалық жұмыс кезінде белсенді қимыл жасайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу