Қазақстанның экологиялық проблемалары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1-қосмыша
Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалар.
Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнеркәсібінің өнімдерінен және Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Өлкеміздің оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан шыққан химиялық заттармен және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.
Қазақстанның экологиялық апатты аймағының бірі — Арал теңізінің тартылуы дүние жүзіне әйгілі. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын шектен тыс ауыл шаруашылығына бейберекет пайдалану Арал теңізінің тартылуына басты себеп болды. Соның нәтижесінде теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеп, суының тұздылығы 25—30%-ға дейін артып кетті. Судың тартылуынан бұрынғы теңіз қазір үлкен және кіші Аралға бөлініп қалды. Кіші аралдың су деңгейін көтеру мақсатында Үлкен Арал мен Кіші Арал арасында Көкарал бөгеті салынды. Қазір Кіші Аралдың суы молайып, деңгей едәуір көтерілгендігі байқалады.
Каспий теңізінің жағалауындағы мұнай және газ өндіру кәсіп орындары сол маңдағы аймақтың және теңіз суының күкіртпен ластануына тікелей ықпал етуде. Осындай ластану салдарынан Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтар мен түлендердің көптеп қырылуы байқалып отыр.
Қоршаған ортаны ластандыруға тікелей әсер ететін нысандарға байланысты ластану көздерін бірнеше топқа бөледі:
1. Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагниттітолқындар, жылу, шу және т.б. заттардың әсерінен болады.
2. Химиялық ластануға көміртек қосылыстары, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, тұрмыс қажетінен шыққан сулар, минералдықтыңайтқыштар, пестицидтер, ауыр металдар, аэрозолдар, автокөліктершығаратын улы газдар, сондай-ақ өнеркәсіп орындарынан шығатынтүтіндер, шаң-тозаңдар, т.б. жатады. Ластанудың бұл түрі қазіргі кездедүние жүзінің барлық аймақтарында кеңінен таралған.
3. Биологиялық ластану — ауру қоздыратын бактериялар, вирустар, кей жылдары шектен тыс көбейіп кететін зиянды жәндіктерарқылы таралады. Бір кездегі дүние жүзіндегі биологиялық қаруретінде пайдалануға арналған сынақ алаңы да Қазақстан жерінде(Арал теңізіндегі Возрождение аралы) орналасқан.
Каспий теңізі - өзіне құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады. Каспий теңізінде балықтар қорының азаюына бәрінен бұрын адам әрекеті үлкен зиян келтіреді. Бекіре тұқымдас балықтардың қорының азаюына өзендерде су электр станцияларын, бөгеттер, су қоймаларын тұрғызу, өзен мен теңізді ластау, аяғында жаппай етек алған броконерлік үлкен зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде бекіре тұқымдастар құрып кету қаупінде. Қазақстан Республикасының үкіметі балық қорын қорғау, оның ұлғайту жөнінде шараларды қолға алуда. Итбалықтардың қырылу себептері. Каспий теңізі итбалығының тұқымы шектеулі. Теңізде итбалық солтүстік шығыстан оңтүстікке дейін жайылған. Еділ өзеніне Волгоград қаласына дейін, Жайық өзеніне 200 шақырымға дейін кіреді. Жыл мезгіліне қарай итбалық орын ауыстырып отырады. Күзгі, қысқы айларда терістікке шоғырланады. Итбалық сүтқоректі жануар, ол баласын емізеді, баласы қыстың қаңтар, ақпан айларында мұз үстінде жатады, ақпан айының аяғына таман суға түсіреді.Осы цикл жылма-жыл қайталанып отырады. Итбалық аулаудың бірнеше ғасырлық басында 115 мың басқа дейін итбалық ауланған, қазіргі мезгілде сан жағынан да, мезгілі жағынан да шектелген, себебі қоры азайды. Оның басты себебі теңіз суының ластануы.Соңғы жылдары,итбалықтың өсуі, таралуы қолайсыз жағдайға қарай өзгеріп бара жатыр. Күшіктерінің өлуі көбейген, өткен 2006 жылы мыңдаған ірі итбалықтың өлгені тіркелсе, 2007 жылы наурыз, сәуір айларында оның саны 600-ден асып кетті. Теңіз суының мұнаймен былғануына итбалықтар ауруларға, оның ішінде жұқпалы ауруларға шалдығады.Каспий аймағының соның ішінде Атырау облысының топырағы негізінен қоңыр топырақты болып келеді. Каспий аймағының топырағы әртүрлі дәрежеде ластанған. Көп жағдайда топырықтың ластануы мұнай химиясы, мұнай өңдеу өндірісінің, өндіріс орындарының, транспорттың әсерінен болып отыр. Каспий суының жылдан жылға ластана түсуі ондағы балықтардың жағдайына әсер етеді. Теңіздің ұзақ уақыт мұнайдың, ауыр металдардың, фенолдың аздаған мөлшерімен ластануы балықтарға ерекше қауіп туғызады. Себебі, балық организмі судағы лас заттарды өз организміне жинақтағыш болып келеді. Экологтарды ғалым - ихтиологтарды қазір алаңдатып отырған мәселе – Солтүстік - Шығыс Каспий қайраңынан мұнай мен газдың өндірілуі болып тұр.
Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алатын көл.1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінің 53 м биіктікте жатқан.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Арал апатына себеп болған факторларға - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; - табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.
Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.
Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО – 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO2 – 2 кг, Pb - 0,5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.
Қала – адам қолымен жасалған жасанды экожүйе болып табылады. Мұндағы адамды қоршаған ортаға шамадан тыс экологиялық салмақ түседі, себебі мұнда организмге әсер етуші факторлардың бәрі жасанды түрде өзгертілген – климат, ауа, су, микроклимат, құрылыстар және т.б. әсерінен ауаға шығарылатын әр түрлі ластықтар және жылу, су булары әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ірі ғимараттар ауаның табиғи түрде алмасуын қиындатады, бұл әсіресе жазғы түндерде қаланың салқындауын баяулатады, әрі атмосфера тазалығын нашарлатады. Қалаларда орташа жылдық температура айналадағы қоршаған ортадан ең кем дегенде 1 градусқа артық болып келеді.
Қалаларда ауылдық жерге қарағанда тұмандар да жиірек кездеседі, ал тұман – ауаның қатты ластануының көрсеткіші. Қала ауасының улы газдар және т. б. заттармен өте жоғары дәрежеде ластануы себебінен қала тұрғындары арасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен ауыратын адамдар көбірек кездеседі. Қала ауасы күн сәулелерін нашар өткізеді, көбінесе УК сәулелерді ұстап қалады. Сондықтан қалада рахит /мешел/ ауруы да жиі кездеседі. Жаңбыр суы қалада жинақталмай тез ағып кеткенімен, топыраққа көп сіңе алмайды, себебі оған асфальт, бетон, тас құрылымдар бөгет жасайды. Сондықтан қала ішінде ағатын өзендер жиі тасып, грунт суларының деңгейі төмендейді. Канализациялық және өндірістік сулар қала өзендерін ластайды. Қала көшелерінен өзендерге ағып қосылатын жаңбыр, қар сулары NaCl – ас тұзымен ластанған болуы мүмкін, себебі қыста қала көшелеріне көптеп тұз себіледі; ал жанар, жағар майлар асфальттан жаңбыр суларымен жуылып, өзенді одан әрі ластайды.
Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі.
Мысалы, Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары – тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қиындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр. Жамбыл облысының 144,6 мың шаршы км. территориясында 1,04 млн. адам тұрады, оның 479,6 мыңы – қала тұрғындары.
Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс территориясының 15 %-ы экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-ы экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-дық территория Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр.
Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру