Құлақтың құрылысы, естудің маңызы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:8.3D Координация және реттелу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Құлақтың құрылысы, естудің маңызы.

Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу»

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • Құлақтың құрылысын сипаттау;
  • Құлақтың қызметін түсіндіру
  • Естудің бұзылуы мен гигиенасын түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Құлақтың құрылысын сипаттайды;
  • Құлақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді;
  • Естудің бұзылуы мен алдын алу жолдарын сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Есту мүшесінің құрылысы мен оның атқаратын қызметі, естуге әсер ететін факторлар мен естудің бұзылуын, құлақты күту жолдарын тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ, есту рецепторлары

құлақ қалқаны, дыбыс жолы, дабыл жарғағы, дыбыс сүйекшелері, балғашық, төс, үзеңгі,шытырман, кіреберіс, ұлудене.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сыртқы құлақ... қамтамасыз етеді, ортаңғы құлақта ... орналасқан, ұлу денеде ...болады.

Олар ... қамтамасыз етеді.

Ортаңғы құлақта бірімен бірі байланысқан ...сүйекше бар Оларға ..., ..., ....жатады.

Ішкі құлақтың  қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені .... деп атайды.

Құлақтың сыртқы қалғаны...,... тұрады.

Ортаңғы құлақ...құралған.

Ішкі құлақ...тұрады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Дыбыс толқындары, дыбыс толқындарының жиілігі ұғымдары арқылы физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар«Координация және реттеу» бөлімінен жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін, сипап сезу, көру мүшесі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылардан бейнематериалдағы әр түрлі дыбыстар тыңдап, оларды анықтау тапсырмасы ұсынылады.

https://www.youtube.com/watch?v=1sZg9S0UST8

Адамның дыбыс арқылы сезуі қалай жүзеге асырылады, қандай мүше арқылы, дыбыс қалай естіледі деп талқылаулар жүргізіледі. Оқушылардың жауаптары дыбыс дегеніміз ауа толқындарының тербелісі, оны құлақ арқылы қабылдаймыз деп толықтырылады.

Осы талқылаудан сабақтаң тақырыбы ашылып, оқушылардан құлақ туралы нені білу қажет деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-23 мин

Оқушыларға құлақтың құрылысымен танысу тапсырмасы ұсынылады. Ол үшін оқушылар таныстырылым, видеоматериалдар, құлақтың құрылысы моделі, ақпараттық парақшаларды мүмкін болса ноутбуктерді пайдалана алады.

Оқушылар құлақтың құрылысы мен қызметін және құлақтың күтімін талқылайды.

Бұл жұмысты ДЖИГСО әдісімен топтарға бөлу арқылы әр топқа шағын ақпарат беріп, одан кейін топ оқушыларының жаңа топтарға барып түсіндірулері арқылы ұйымдастыруға болады.

1-топ: сыртқы құлақтың құрылысы мен қызметі

2-топ: ортаңғы құлақтың құрылысы мен қызметі

3-топ: ішкі құлақтың құрылысы мен қызметі

4-топ: дыбыстың құлақ арқылы қабылдануы

5-топ: құлақтың күтімі

Мұғалім оқушыларға тиісті кері байланысты ұсынып көмек көрсетеді.

  • Оқушыларға «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбы бойныша зертханалық жұмысты орындау тапсырылады.

Оқушылардан құлақтың есту жітілігін анықтау арқылы естудің ерекшеліктерін зерттеу сұралады. Ол үшін жұптық жұмыс ұйымдастырылады.

Бір оқушы

  • Механикалық сағатты алады.
  • Екінші оқушының құлағына ағаттың үні естілгенше сағатты құлаққа жақындатады. 
  • Сағатты құлақтан үні естілмей қалғанша алшақтатады. 
  • Құлақ пен сағаттың 2 және 3 - жағдайлардағы ара қашықтығын өлшейді (см). 
  • Екі көрсеткіштің айырмасын анықтаап салыстырады.

 

Сағаттың дыбысы естілген арақашықтық неғұрлым аз болса есту қабілеті соғұрлым жоғары деген қорытынды шығарылады.

Критерийлер:

  • Құлақтың құрылысын сипаттайды;
  • Құлақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді;
  • Естудің бұзылуы мен алдын алу жолдарын сипаттайды.

1 - қосымша

4-13 слайдтар

24-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау ұсынылады.

Кейбір оқушылар онлайн тапсырмалар орындап өз білімдерін тексере алады.

4- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

- мен үшін қиын болған 1 мәселе:

- мен үшін оңай болған 2 мәселе:

14- слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың өздігінен ақпарат жинауы барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпараттар табу ұсынылады (2-қосымша)

Баяу жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі.

Зертханалық жұмыс барысындағы талқылау сұрақтары арқылы іске асырылады.

Кейбір оқушылар онлайн тапсырмалар орындап өз білімдерін тексере алады.

Кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады. (5-қосымша)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зертханалық жұмысты орындау дағдылары арқылы

Сұрақтарға жауап берулері арқылы

Топта зерттеу жүргізулері арқылы

Құлақтың моделінде құлақтың құрылыс бөліктері мен олардың атқаратын қызметтері арасындағы байланысты орнату арқылы

Зерттелген тақырыптарын түсіндірулері арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындаулары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Зертханалық жұмыс жасау кезінде абай болу.

Оқушылар зертханалық жұмыс орындағанда орын ауыстыра отырып қозғалыс жасайды.

Оқушылардың сабақ барысында қауіпсіздігінің сақталуына мұғалім көңіл бөліп, қажет болған жағдайда ескертеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу