Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • Қанның формалы элементтерін сипаттау
  • Қанның қызметтерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді

Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды

Қан плазмасының құрамын біледі

Қанның қызметтерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқушылар ағзадағы қанның қызметін атап бере алады.

Қанның құрылымдық құрамбөліктері мен қызметін терминологияны қолдана отырып ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

плазма, қанның формалы элементтері: тромбоцит,эритроцит, лейкоциттер, глобулин, альбумин, фибриноген, гемоглобин.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қанның құрамы ... ... ... мен плазмадан тұрады.

... оттек тасымалдайтын қанның тыныс алу пигменті.

Эритроциттер ... ... ... ядросыз жасушалар.

Лейкоциттер ... ... түзеді.

...қанның ұюына қатысады.

Қан арқылы қоректік заттар мен ...тасымалданады.

Қанның құрамында ............. деген элементтері бар

Қанның негізгі қызметі ол ...................

Эритроциттің/лейкоциттің/тромбоциттің қызметі ....

 Құндылықтарды дарыту

Оқылым тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Қанның адамның тіршілігі үшін маңызы, оның жалпы адамдарға ортақ қасиеттері туралы талқылаулар барысында жаһандық азаматтық көзқарастары қалыптасады.

 Пәнаралық байланыс

Қан плазмасының құрамы туралы түсініктер, онда кездесетін элементтер туралы қарастырғанда физика пәнімен, қанның тасымалдау қызметі барысында заттардың диффузиялануы туралы түсініктер арқылы физика және химия пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптың 7.1А «Заттардың тасымалдануы» тарауынан тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы және заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ауруға шалдыққан адамға 0,9 % ас тұзының судағы ерітіндісін, яғни физиологиялық ерітінді құяды. Неліктен осы концентрациядағы ерітінді құйылады? сұрағы талқыланады. Ағзаның ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе осмостық қысым мен электролиттік балансты сақтау үшін, қандағы рН деңгейін қалпына келтіру арқылы асқынулардың алдын алу үшін осы ерітінді қолданылады. Оның 0,9 % болуының себебі қан плазмасының құрамындағы тұз концентрациясымен тең келеді.

Критерий:

Қан плазмасының құрамын біледі

Қандағы тағы қандай құрамбөліктері болады деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Қан туралы нені білу керек сұрағы арқылы сабақтың мақсаттары анықталып, оқушылар бағалау критерийлерімен танысады.

1 – 2 слайд

Сабақтың ортасы

4-16 мин

Қанның құрамы мен қызметі сипаттау үшін оқушылар эритроцит, лейкоцит, тромбоцит, қанның қызметтері және плазма деп жазылған парақтарға постер дайындайды. Ол үшін оқушылар түрлі ресурстардан алған ақпараттарын постерге кезекпен жазады.

Әр партадағы екі оқушы жұпта бірінші постерден бастап толтырады да келесі постерге ауысады, екінші партадағы оқушылар олардың постерлерін толықтырып, келесі постерге өтеді деген сияқты оқушылар сағат тілімен айнала қозғалып барлық постердегі ақпаратпен танысып, оларды толықтырып шығады.

Әртүрлі постерді кезекпен толтыру үшін алдыңғы оқушылардың жазған ақпараттарын оқып, жазылмаған ақпаратпен толықтырады. Бұл жұмысты оқушы санына қарай парақтарды 2 қатарға ретімен қойып жасатуға болады.

Критерий:

  • Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді
  • Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды
  • Қан плазмасының құрамын біледі
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді

1 - қосымша

3-9 слайдтар

17-27 мин

Оқушыларға қан ұлпасын үлгілеу тапсырмасы ұсынылады. Ол үшін альбумин, глобулин, гемоглобин, темір иондары, натрий хлориді, су, глюкоза, фибриноген, эритроцит, тромбоцит, лейкоцит, гемоглобин, глюкоза, гормондар, майлар сөздері жазылған қима қағаздарды немесе түрлі –түсті қағаздар мен ермексаз ұсынылады.

Оқушылар топтарда қанды үлгілеп, оның әрбір құрамбөліктерінің қызметін ауызша сипаттайды.

Критерийлер:

  • Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді
  • Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды
  • Қан плазмасының құрамын біледі
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді

Дескрипторлар:

1.Қанның құраушы компоненттерін суреттен анықтайды.

2.Қанның құраушы элементтерін сипаттайды.

3. Эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің қызметтерін түсіндіреді

4. Қанның қызметтерін түсіндіреді

5. Қан плазмасының құрамын біледі

6. Қан плазмасының қызметін түсіндіреді

Қима қағаздар,

түрлі –түсті қағаздар, ермексаз

28-31 мин

Оқушыларға сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

1) Эритроциттерде неге ядро, митохондрия, Гольджи жиынтығы, рибосома жоқ?

Жауабы: Бұл құбылыс эритроциттің қызметімен тікелей байланысты. Эритроцитте осы органоидтар алатын орынды гемоглобинге босатады, ал митохондрияның болмауы, митохондрия қызметімен байланысты (тыныс алу)

2) Егер сүтқоректі жануарда бір уақытта барлық эритроциттері жарылып кетсе не болады?

Жауабы: Ағза гемолитикалық күйзеліске ұшырап, ақыры өлімге душар болады. Себебі:

1.Гемоглобин оттегін тасымалдай алмайды.

2.Эритроциттер тұтастығы бұзылған соң гемоглобин плазмаға өтіп, пішін өзгереді;

3.Қалыпты жағдайда қанмен тек 5% СО2 тасымалданады, ал 70 % жуық СО2 бикарбонат ионы түрінде тасымалданады. Эритроцитте осы қосылыс түзетін фермент бар, плазмада жоқ.

Критерий:

  • Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді

11-12 слайд

32-36 мин

Оқушыларға қанның қызметтері кластерін толтыру тапсырмасы ұсынылады

Критерий:

Қанның қызметтерін түсіндіреді

Оқушылар жауаптарын салыстырып, толықтырады

3-қосымша

13-14 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен үшін қызықты

Мен үшін күрделі

Мен осы сабақта өзіме …………..қоямын, себебі ………

Кері байланыс тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі. Мысалы, тақырып бойынша жақсы түсінген, қызықты, күрделі материалдарды атайды. Сұрақтар туындаса жауап беріледі.

15 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

  • Топта ұйымдастыру жұмыстары
  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады
  • Логикалық сұрақтар қойылады
  • Тапсырмаларды топпен орындау және оқулықтағы мәтінді талдау осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;
  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;
  • Деңгейлік сұрақтар;
  • Мұғалімнің қолдауы;

Сайттардан қосымша ақпараттармен танысу

Онлайн тапсырмаларды орындау

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылаулар кезіндегі ауызша жауаптар

Постер жасау кезіндегі жауаптары

Моделдеу және моделде түсіндірулер арқылы

Кластер құру, сұрақтарға жауап берулері арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Постер жасау, үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу