Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • Қанның формалы элементтерін сипаттау
  • Қанның қызметтерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді
  • Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды
  • Қан плазмасының құрамын біледі
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

–ағзадағы қанның қызметін атап бере алады.

-қанның құрылымдық құрамбөліктері мен қызметін терминологияны қолдана отырып ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

плазма, қанның формалы элементтері: тромбоцит, эритроцит, лейкоциттер, глобулин, альбумин, фибриноген, гемоглобин.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қанның құрамы ... ... ... мен плазмадан тұрады.

... оттек тасымалдайтын қанның тыныс алу пигменті.

Эритроциттер ... ... ... ядросыз жасушалар.

Лейкоциттер ... ... түзеді.

...қанның ұюына қатысады.

Қан арқылы қоректік заттар мен ...тасымалданады.

Қанның құрамында ............. деген элементтері бар

Қанның негізгі қызметі ол ...................

Эритроциттің/лейкоциттің/тромбоциттің қызметі ....

 Құндылықтарды дарыту

Оқылым тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

Қанның адамның тіршілігі үшін маңызы, оның жалпы адамдарға ортақ қасиеттері туралы талқылаулар барысында жаһандық азаматтық көзқарастары қалыптасады.

 Пәнаралық байланыс

Қан плазмасының құрамы туралы түсініктер, онда кездесетін элементтер туралы қарастырғанда физика пәнімен, қанның тасымалдау қызметі барысында заттардың диффузиялануы туралы түсініктер арқылы физика және химия пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптың 7.1А «Заттардың тасымалдануы» тарауынан тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы және заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ой толғау: Бала доп ойнап жүріп, құлап, аяғының терісін жарақаттап алды. Қан біраз уақыт ағып, кейіннен тоқтайды. Осы жағдайда қанның қандай қызметін байқаймыз?

Ауруға шалдыққан кезде дәрігер дәрумендер қабылдауына ұсыныс береді, қалай ойлайсыздар, ағзада дәрумен қажетті нысанаға қалай жетеді? Бұл қанның қандай қызметі?

Қанның басқа қандай қызметтері болады?

сұрақтары қойылады.

Критерий: Қанның қызметтерін түсіндіреді

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-9 мин

Мұғалім таныстырылымдағы ақпаратты түсіндіреді. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып бірге талқылайды. Максимум 3-4 минут уақыт жұмсаған жөн.

Мұғалім оқушыларды қан жасушаларының суреттері немесе атаулары (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит және плазма) арқылы 3 топқа бөледі.

Топпен жұмыс істеу ережесін оқушылармен бірге құрады.

Әр топтың жұмысы:

- берілген тақырыпша бойынша толық ақпарат жинау

- нақты әрі анық түрде постер немесе сызба, кластер, қысқаша хабарлама дайындау

- сыныптастарына түсіндіре білу

- уақытты сақтау.

Топ оқушылары спикер, жазушы, аналитик, кеңесші деп рөлдерге бөлініп алады.

1 топ: Эритроциттер

2 топ: Лейкоциттер

3 топ: Тромбоциттер

4-топ: Қан плазмасы

1 - қосымша

4-9 слайдтар

10-18 мин

Топтар өз жұмыстарымен бөліседі. Оқушылар өзге топтардың түсіндірмелерін тыңдай отырып, жұмыс парағындағы кестені толтырады. Оқушылар кестенің толтырылуын өзара бағалайды.

Критерий:

  • Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді
  • Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды

Дескрипторлар:

1.Қанның құраушы компоненттерін суреттен анықтайды.

2.Қанның құраушы элементтерінің сипаттайды.

3. Эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің қызметтерін түсіндіреді

2-қосымша

17-27 мин

Оқушылардан қан құрамбөліктері жазылған қима қағаздардан плазманың құрамбөліктерін таңдап алу сұралады. Онда: альбумин, глобулин, гемоглобин, темір иондары, натрий хлориді, су, глюкоза, фибриноген, эритроцит, тромбоцит, лейкоцит сөздері жазылған.

Оқушыларға плазма құрамбөліктерінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін рөлдік ойын түрінде көрсету тапсырмасы ұсынылады.

Мысалы, альбумин сөзі бар қағазды алған оқушы оның плазма нәруызы екенін, құрылымдық қызмет атқаратынын айтады. Осылайша оқушылар сағат тілі бойынша кезекпен рөлдерді ойнап көрсетеді. Оқушы санына байланысты қима қағаздардың санын еселеп қосу қажет. Бір құрамбөлік максимум екі рет қайталана алады.

Критерий:

  • Қан плазмасының құрамын біледі
  • Қанның қызметтерін түсіндіреді

Дескрипторлар:

  • Қан плазмасының құрамын біледі
  • Қан плазмасының қызметін түсіндіреді
  • Ағзадағы қанның қызметін біледі.

Қима қағаздар,

түрлі –түсті қағаздар, ермексаз

27-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар тапсырмалардың нәтижелерін дескрипторлардың көмегімен тексереді, мұғалім әр оқушы жұмысын тексеріп, тиісті кері байланыстар ұсынады.

3- қосымша

10 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Түсінгендер оң қолын көтереді

Сұрағы барлар сол қолын көтереді

Мүлде түсінбегендер қолдарын көтермейді.

Сұрағы бар оқушылар сұрақтарын қояды. Сұрақтар талқыланып жауап беріледі. Түсінбедім деген оқушылармен де қосымша талқылаулар жүргізіледі.

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың түрлерін ұсыну арқылы, рөлдік ойын ойнау кезінде әр оқушының өз қабілетіне сай жауап беруін қамтамасыз ету арқылы саралау жүзеге асырылады.

Кейбір оқушылар тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасап, өз білімін тереңдете алады. Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан жекелеген кері байланыс беріліп, сұрақтар қойылып көмек көрсетіледі.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Топтық жұмыс, сұрақтарды талқылау кезінде жауап берулері

Кесте толтыруы

Тапсырма орындауы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Рөлдік ойын кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу