Логарифмдік теңдеулер. (Жалғасы). Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің АӘТ: | ||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Логарифмдік теңдеулер (жалғасы) | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.5 - логарифмдік теңдеулерді шеше алады; | ||
Сабақ мақсаттары | Логарифмдік теңдеулерді шешу барысында логарифмнің қасиеттерін қолдана білуді жетілдіру; Логарифмдік теңдеулерді шешудің түрлі тәсілдерін көрсете білу; Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамытуға әрекет ету; Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, өзара бақылау жасауға, талдау жасауға ынталандыру. | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: ММЖ, логарифмдік теңдеулерді шешу әдістері; теңдеудің түбірі; логарифмдік теңдеудің түбірі; теңдеудің бөгде түбірі; логарифмнің қасиеттері. Логарифмдік теңдеулерді шешудің потенцирлеу әдісі арқылы, логарифмнен арылу, .... | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар сыныптастарымен жұптасып диалог жасай отырып пікірталасқа қатысуға, өз пікірлерін айтуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ашықтық пен өзгелердің пікірлеріне құрметпен қарауға тиіс. Олар жұптаса жұмыс жасай отырып өз идеяларын бөлісуді, дискуссияларға қатысуды, әріптестерін тыңдай білуді үйренеді. Жұптық және топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылықты қалыптастыру. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацияларға көрсетілім жасау мен мысалдарды шешуде интербелсенді тақтаны қолдану | ||
Бастапқы білім | Логарифмдердің қасиеттері, логарифмдік теңдеулерді шешудің түрлі әдістері | ||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин 15 мин Сабақтың ортасы 10 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын тұжырымдау. ІІ. Фронталды сұрау: а) Өткен сабақта біз логарифмдік теңдеулерді қалай шешуді және шешудің негізгі әдістерімен таныс болдық. Ал енді еске түсірейік, қандай теңдеулер логарифмдік деп аталады? ( Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеу логарифмдік теңдеу деп аталады)
с) Логарифмдік теңдеулерді шешу барысынла нені ескеру қажет?
d) «Экспресс-сауалнама» Оқушылар төмендегі теңдеулерді ауызша шешеді: (жауабы: x = 16 ) ( жауабы: x = 1/25 ) ( жауабы: x = 1/4 ) ( жауабы: x = 2 ) ( жауабы: x = 5 ) ( жауабы: шешімі жоқ) (жауабы:1-ден басқа кез-келген сан) e) Төмендегі теңдеуді шешу жолдары слайдтан көрсетіліп, сол бойынша оқушыларға мына сұрақтар қойылады: Теңдеуді шешу барысына қарап қандай әдіс қолданылғанын айтыңыз. Теңдеудің жауабы қандай? (потенцирлеу әдісі. Теңдеудің жауабы: -3.)
f) және теңдеулерінің арасында қандай байланыс бар? (Жауабы: логарифмнің қасиетері мен жаңа айнымалы енгізу әлісі қоданылған. ) g) = 0,04 және = 0,04 теңдеулері өзара мәндес бола ма? Түсіндіріңіз. ( Жауабы: Я, болады. Логарифмдеу әдісі қолданылған) ІІІ. Жұптық жұмыс Тапсырма №1. Логарифмдік теңдеулерді шешу дістеріне қарай классификациялаңыздар.
Тапсырма №2. Практикалық жұмыс Теңдеудің түбірлерінің қосындысын немесе түбірін табыңыз, егер ол жалғыз болса. Жауаптары:
Жұмысты бағалау түрі: сыныптағы жұптар бір-бірімен жұмыстарын салыстырып, жауаптарын тексереді. (өзара бағалау) | Презентация, дидактикалық материалдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин 12 минут | ІV. Жеке жұмыс: «Өзіңді тексер!» Оқушылар төмендегі тапсырмалардың деңгейіне қарай екі нұсқаның бірін өздері таңдайды. Күрделілігі орташа тапсырмалар: Жауаптары: : 1) 1. 2) 1. 3) -16; -1/2. 4) -4; -1/16 Күрделілігі жоғары тапсырмалар: = 2() = 1 Жауаптары:
. Проблемалық жағдайларды қарастыру Шешуі оқушылардың біразына қиындық туғызған жоғарыдағы теңдеулердің шешімін қарастырамыз. Егер орындаған оқушылар болса, олар өз шешімдерін ұсынады. Мұғалімде барлық теңдеулердің дайын шешімі, жауабы болу керек, қажет жағдайда сол бойынша оқушылар тексере алады. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Конец урока 5 минут | Бағалау критерийлері:
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін, білімдерін, ұсыныс-пікірлерін жазады. Мен түсіндім ........................ Мен білгім келеді....................... Менің ұсыныс-пікірім ........................... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа рефлексия жасау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1. 2. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру