n-ші дәрежелі түбірлер және оның қасиеттері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

n- ші дәрежелі түбірлер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мерзімі: Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ №:

Сабақ тақырыбы:

n- ші дәрежелі түбірлер және оның қасиеттері

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары:

11.1.1.2 - n- ші дәрежелі түбірірдің қасиеттерін біледі

 Сабақмақсаттары:

n- дәрежелі (n-жұп) түбірі бар қарапайым алгебралық

өрнектердің мүмкін мәндер жиынын анықтайды

 Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • түбірі бар өрнектің қандай жағдайда мағынасы болатынын біледі
  • Анықталу облысын анықтау үшін теңдеу немесе теңсіздік құрады
  • n-ші дәрежелі бар түбірі бар қарапайым алгебралық өрнектің анықталу облысын табады

 Тілдік мақсаттар:

 

Тілдікмақсат

n-ші дәрежелі түбірді калькулятор көмегімен есептеу кезінде ауызша нұсқаулықтарды түсініп орындайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат, куб, төртінші дәрежелі түбір, n-ші дәрежелі түбір n есе көбейту, бөлу, қосу, азайту, теңдеу , теңдеуді түрлендіру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мысалы 1: Калькуляторды қолданып X- тің кубтық түбірін тап (мысалы )

- Түбірін табуды қажет ететін санды енгізіңіз (27)

- түбірдің көрсеткішін еңгізіңіз (3)

Мысалы 2: Калькуляторды қолданып X- тің 6-шы дәрежелі түбірін табыңыз (мысалы 4096)

- Түбірін табу керек санды енгізіңіз (4096)

- Түбірдің көрсеткішін енгізіңіз (6)

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

 АКТ қолдану дағдылары

Қолдану дағдыларын дамыту (стандартты бағдарлама құралдарынан таңдау

«Геогебра» бағдарламасын қолдану дағдысын дамыту

 Бастапқы білім

Оқушылар функция ұғымы, Функция анықталу облысы, мәндер жиыны, функция жұп-тақтылығы, монотондылығы ұғымдарымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

Үй жұмысын тексеру

3-минут

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау

Сабақ мақсатын қою

1 минут

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын еске түсіру.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Оқушылар жұпқа бөлінеді.

Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

2-ші сабақ

Басы

4 минут

Тапсырма 1.

Бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты әр жұп бір ашық сұрақтан дайындау ұсынылады.

Әр жұп бір сұрақтан дайындап, бір-біріне жауап береді.

Жаңа білімді пысықтау

20 мин

Мақсат: жаңа сабақты бекіту, яғни оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекіту.

Оқушылар оқу барысына белсенді араласу үшін, алдағы тапсырмаларды түсіну үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлері талқыланады.

Бағалау критерийлері:

• түбірі бар өрнектің қандай жағдайда мағынасы болатынын біледі;

• мүмкін мәндер жиынын анықтау үшін теңдеу, не теңсіздік құра алады;

• n-ші дәрежелі бар түбірі бар қарапайым алгебралық өрнектің мүмкін мәндер

жиынын анықтайды;

• қайсыларының мүмкін мәндер жиыны шектелген, қайсыларыныкы шектелмеген

екенін анықтай алады

Есептер шығару.

  • Есеп 1. Берілген функцияны анықталу облысымен сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.
  • Есеп 2. Берілген өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндер жиынын табуға есептер шығарады.

Қосымша 1

8 мин

Мақсат: Оқушының белсенділігі мен іскерлігі арттыру, шығармашылыққа ұмтылдыру.

Жеке жұмыс.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Әр оқушы өз деңгейін таңдап орындауға болады.

Өз бетімен жұмыс орындау бейімділігі бақылауға алынады.

Қосымша 2

Қорытындылау

3 минут

Мақсат: оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылардан ауызша сұрақ-жауап алынады.

  • Сабақтың мақсатына жеттік пе? Неліктен олай ойлайсыздар?
  • Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?
  • Өзіңізді не үшін мақтар едіңіз?
  • Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз?
  • Кімнен жақсы көмек алдыңыз?

Бағалау сынып оқушыларының тізімі арқылы әр тапсырманы орындау деңгейі бақылау арқылы бағаланады

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын түсіндіру

Қосымша 3

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқыту мақсаттары қолжетімді болды, себебі оқушылардың барлығы «n- дәрежелі (n-жұп) түбірі бар қарапайым алгебралық өрнектердің мүмкін мәндер жиынын анықтайды» мақсатын меңгерді. Оқушылар сабақтағы оқу мақсатының қойылу себебін түсіндіре алды. Оқушылар оқу барысына белсенді араласу үшін, алдағы тапсырмаларды түсіну үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлері талқыланды.

 Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйрену үшін, оқушыларды жұпқа өзім бөлдім.

 Тапсырмалар орындауда іс-әрекет «оқушы–оқушы» жүйесінде ынтымақтастықта орындады. Есептерін жұппен отырып шығарды. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына комментарийлер беру арқылы, бірін-бірі бағалады. Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағаладым. Әр тапсырмаға қажет болған жағдайда кері байланыс берілді. Өз уақытымды тиімді пайдалана алдым. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұптарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беру, уақытты ұтымды пайдануға ықпалын тигізді.

2: Әрекетке бағытталған интерактивті кері байланыстиімді болды.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

Тапсырма 3. Бүгінгі тақырыпқа байланысты әр жұп бір ашық сұрақтан дайындаңыз» тапсырмасын орындауда оқушылардың математикалақ ғылыми тілде сөйлеу дағдылары жетпей жатты. Жұптарға тақырыпқа тән арнайы лексика және терминология, диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестерін алдын ала дайындап берілгенде математикалық ғылыми тілде сөйлеу дағдыларының дамуына да, әрі математикалық тілде жазу сауаттылығына да ықпал етер еді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Деңгейлеп тапсырмалар беру оқушының белсенділігі мен іскерлігі арттыратынын, шығармашылыққа ұмтылуға көмектесетінін көрдім, оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсері мол екенін байқадым.

2: Үлгерімі орта оқушының да серіктестеріне нақты түсініктер беріп, басқалардың айтқанын сын көзінен өткізіп отырғанын байқадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу