Кездейсоқ шамалар. Алгебра, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша
Дескрипторлар
Есептің мәтінінен қажетті ақпаратты табады
Кездейсоқ шаманы анықтайды
Дұрыс тұжырым жасайды
№1
Ойын сүйегі лақтырылды.
Жауап: Ойын сүйегі лақтырлғанда түскен ұпайлар санын кездейсоқ шама Х деп алайық. Кубик алты жақты болғандықтан, әрбір жағында 1 ден 6-ға дейін сан бар. Сондықтан Х кездейсоқ шама жиыны {1;2;3;4;5;6}
№2
Кездейсоқ таңдалып алынған адамның бойын кездейсоқ шама деп қарастырға бола ма?
Жауап: Ия, болады, мысалы бойын сантиметрмен өлшейтін болсақ
№3
Телевизор немесе кір жуғыш машинаның жұмыс істеу мерзімі –кездейсоқ шама. Осы жағдайды түсіндіріңіз
Жауап: жұмыс істеу мерзімі тауардың зауыттан шыққан күнінен немесе сатылған күннен басталады. Бұл кездейсоқ шаманың қасиеті, мысалы, жаңа приборға кепілдік периоды орнатылған кезінде маңызды.
№4
Бақылауға алынған 100 бірдей детальдар партиясындағы ақауы бар детальдар саны кездейсоқ шама бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз
№5
Азық-түлікті қаптамаға өлшеп орау кезінде оның салмағы қаптаманың сыртындағы салмақтан айырмашылығы болуы мүмкін. Шоколадтың массасы 150 грамм деп жазылңанмен оның салмағы көрсетілгеннен көбірек не азырақ болуы мүмкін. Сатып алушы мұндай айырмашылықты байқамауы мүмкін. Бірақ өндіруші үшін мұндай айырмашылық маңызды. Неге екенін түсіндіріңіз
№6
және сандарының қосындысын нақты есептеп табуға болады. Қосындысы кездейсоқ шама бола ма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Алайда бұл есепті жеке тапсырма ретінде сынып оқушыларын берет ін болсақ, жауаптар дұрыс жауаптан өзгеше болуы мұмкін. Сондықтан оқушының жауабын кездейсоқ шама деп қабылдауға болады.
№7
Спорттық кездесуде үш партия ойналады. Оның екеуі жеңіспен аяқталса жеткілікті. Ойналған партиялар санын кездейсоқ шама деп алуға бола ма?
№8
Лотереяда үш түрлі билет қатысады: бірінші түрі- ұтыс жоқ билет, екінші түрі- 200 теңге , үшінші түрі – 500 теңге. Ойнаушы бір билет алады. Ойыншының лған билетін кездейсоқ шама деп айтуға бола ма? Бұл шама қандай мәндерге тең болуы мүмкін, егер ойнаушы : 1) бір билет; 2) екі билет алса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру