Сан тізбегінің шегі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Функция шегі және үзіліссіздік | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Әнесова Ж.М. | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Сан тізбегінің шегі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.11 функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін таба алады. | ||||||
Бағалау критерийлері
| Оқушылар: Білу: Функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін біледі. Білімін қолдану: Функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: қасиеттерді қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді; Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, сан тізбегі, сан тізбегінің шегі, бірсарынды тізбек, жинақталатын, жинақталмайтын тізбек, шектелген тізбек, шектелмеген тізбек. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тізбектің мәні ... ұмтылады. - Сан тізбегінің шексіздіктегі шегі ... тең. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді. Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру, ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дағдыларды дамыту | ||||||
Бастапқы білім | Сан тізбегі, шек, функцияның шегі, функция шегінің қасиеттері. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 минут 5 минут | 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. 2. Жұпқа бөлу. Қосымша 1 Мақсаты: Білімдерін еске түсіру, жұппен жұмысқа бағыттау. Сипаты: Карточкаларды алып, тізбектерді берілу тәсілдері бойынша сәйкестендіру арқылы жұп құрылады және жұпқа қалай бөлінгендері туралы түсіндіреді, қайталау қамтылады. Оқушының іс-әрекеті: жұпқа бөліну үшін тапсырманы қалай орындау керектігін ойланады, тізбек пен оның жалпы мүшесін сәйкестендіру арқылы жұп құрады, түсіндіреді. Мұғалімнің іс-әрекеті: бақылайды, қиындық туған жағдайда көмек береді. Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі. 2. 1. Бастапқы білімді қайталау, еске түсіру. Қосымша 2 Мақсаты: Сан тізбегі тақырыбын қайталау. Сипаты: Жұптарға ортақ сұрақ қойылады, әр жұп қолдарындағы карточкадағы тізбегіне қатысты жауап береді. Оқушының іс-әрекеті: сұраққа ауызша жауап береді. Мұғалімнің іс-әрекеті: ауызша сұрайды, қиындық тудырған сұрақтарға көмек береді. Бағалау: Өзін – өзі бағалау, өзара бағалау. | ||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 2 минут 10 минут 12 минут | 3. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Проблемалық жағдай туғызу. Жұптық жұмыс. Қосымша 3 Мақсаты: Жаңа тақырыпты анықтау. Сипаты: Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады, кездейсоқ жұп оқушылары жауап береді, геометриялық мағынасын ашады. Оқушының іс-әрекеті:сұраққа ауызша жауап бере отырып, тапсырмаларды орындайды. Өзара оқыту жүргізіледі. Мұғалімнің іс-әрекеті: ауызша сұрайды, қиындық тудырған сұрақтарға көмек береді. Бағалау: Ерекше тапқыр ой білдірген оқушыларды қолдау, мадақтау арқылы белсендіру. Ауызша бағалау мадақтау арқылы жүзеге асырылады. 4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. (Оқушылар анықтайды) 5.1. Жаңа тақырып. Сан тізбегінің шегі. Жұптық жұмыс. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеру. Сипаты: Оқушылар bilimland сайтынан видеоролик арқылы жаңа тақырыппен танысуды жалғастырады. Оқушының іс-әрекеті: Видеороликті қарап, соңындағы №2,3,4 тапсырмаларды орындайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылар жұмысын қадағалау, сұрақтар қою арқылы реттеп отыру. Бағалау: ауызша марапатталады, өзін, өзара бағалайды. 5.2. Сан тізбегі шегінің қасиеттері. Жұптық жұмыс. Мақсаты: Сан тізбегі шегінің қасиеттерін анықтау. Сипаты: Оқушылар функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін пайдаланып, сан тізбегі шегінің қасиеттерін анықтайды. Оқушының іс-әрекеті: Сан тізбегі шегінің қасиеттерін жазады, талдап, тексереді. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылар жұмысын қадағалау, бағыт беру. Бағалау: Өзара бағалайды. 6. Жаңа тақырыпты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс. Қосымша 5 Мақсаты: Меңгерген теориялық білімдерін бекіту, сан тізбегі шегінің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын байқау. Сипаты: Оқушылар сан тізбегі шегінің қасиеттерін пайдаланып деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Оқушының іс-әрекеті: Сан тізбегі шегінің қасиеттерін пайдаланып есептер шығарады, талдайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды, бағыт беру, қолдау көрсетеді. Бағалау: Ауызша марапатталады, өзін бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы. Тапсырмаларды бағалау дескрипторы: 1. Сан тізбегі шегінің қасиеттерін біледі. 2. Сан тізбегі шегінің қасиеттерін қолданады. 3. Есептің шешіміне дұрыс жетеді. |
| |||||
Соңы 3 минут | 7. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі. Мақсаты: Оқушыларға сабақтағы өз қызметіне талдау жасауға көмектесу. (Бағалау парағын толтырады) | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
оқушылар:
Қабілеті орта оқушылар:
| Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау.
| АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1
1; 4; 9; 16; ... | Натурал сандар квадраттары |
1; 1; 2; 3; ... | an = an-1 + an-2 , (n >2) |
Қосымша 2
1. Сан тізбегінің қандай берілу тәсілдері бар? (5- топ жалпы айтып шығады, қалғандары тізбектеріне қатысты айтылған тәсілде белгі береді.)
2. Бірсарынды тізбектер деп қандай тізбектерді айтады? (Әр жұп өз тізбектері бойынша айтып шығады)
3. Қандай тізбектерді төменнен, жоғарыдан шектелген тізбектер деп атайды?
Қосымша 3
1. Екі тізбекті қарастырып, координаталық түзуде кескіндеңіз:
(хn): 1; 3; 5; 7; 9; …; 2n-1; … . (уn):
0 1 3 5 7 9 11 12
0
2. Жинақты, жинақсыз тізбек дегенді қалай түсінесіздер?
3. «Сан тізбегінің шегі» дегенді қалай түсінесіңіздер?
Қосымша 4
Сан тізбегінің шегінің қасиеттері:
Егер lim хn = b, lim уn = с, онда
n n
1) Қосындының шегі шектердің қосындысына тең:
lim (хn+ уn)= b + с
n
2) Көбейтіндінің шегі шектердің көбейтіндісіне тең:
lim (хn уn)= bс
n
3) Бөлімнің шегі нөлден өзге болғанда, бөліндінің шегі шектердің бөліндісіне тең:
lim =
n
4) Тұрақты санды шек таңбасының алдына шығаруға болады:
lim (kхn)= kb
n
Қосымша 5
№1.
1) lim = lim = lim * lim = 0*0 = 0
n n n n
2) lim = lim = lim * lim * lim = 0 * 0 * 0 = 0
n n n n n
3) lim = lim - lim + lim 3 = 0 – 0 + 3 = 3
n n n n
№2.
Есептеңіз: lim = lim = lim = = = 2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру