Функция графиктерін түрлендіру. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 10.1 A Функция, қасиеттері және графигі (12 сағат) | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Наурзбаева Ф.Н. | ||
Сынып: 10 3-4 сабақ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы: | Функция графиктерін түрлендіру | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.4.1.2 функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( параллель көшіру, сығу, созу ) | ||
Сабақ мақсаттары | - функцияның графигін координаталар осі бойымен параллель көшіру, созу, сығуды (қысуды), аталған түрлендірулерді берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру; - қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу; - есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді жолдармен шығару жолдары; | ||
Жетістік критерийлері | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( параллель көшіру, сығу, созу ) анықтамасын түсінеді және ауызша/жазбаша оның өмірдегі кейбір қолданыстарын біледі Пәнге тән лексика мен терминология: Функция графигі ,параллель көшіру, сығу , созу. | ||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтар: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенге қатысты, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады. Жұптық жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренді. Тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдік принциптеріне сүйенеді. Экономия мен ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыстар | физика, экономика. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Қарастырылмаған | ||
Бастапқы білім | Функция және оның берілу тәсілдері | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут |
Амандасу, сыныпты түгендеу, үй тапсырмаларының дәптерлерін жинау, сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау. Психологиялық сәт. Ертеде елге танылған атағы дүйім жұртқа белгілі данышпан, ақылгөй өмір сүріпті. Оны көре алмаған бір қатігез кісі елге күлкі қылмақ ниетпен амал ойлап тапты. Көгалдан бір көбелек ұстап оны данышпанға апарып, қолымдағы зат тірі ме, өлі ме?- деп сұрайды. Егер өлі десе ұшырып жіберемін, ал тірі десе сәл мыжып өлтіре салайын деп ойлайды. Осы оймен данышпанның алдына келгенде, данышпан оған ойланып қарап тұрып: «Бәріде өз қолыңда»,- деген екен. Ендеше бүгінгі сабақта жетістікке жету де седердің өз қолдарыңда. Олай болса бәріңе сәттілік тілеймін!!! | Слайд 1 |
20 минут 20 минут 20 минут 10 минут 5 минут | Жаңа сабақты бір-біріне түсіндіру: қосымша №1 Негізгі мектептің математика курсында - y=ax+b сызықтық функцияның графигі – түзу, - y=ax2+bx+c квадраттық функцияның графигі – парабола, - y=k/x кері тәуелділіктің графигі – гипербола екені көрсетіліп, фигураларды түрлендіру түрлері қарастырылды. Енді осылардың негізінде y=kf(ax+b)+d (мұндағы k, a,b, d – нөлден өзгеше сандар) функциясының графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы салу жолын қарастырайық. облысында анықталған y=f(x) функциясының графигі қисық сызық болcын. Бұл графикке төмендегідей түрлендірулер қолдануға болады. І. y=f(x)+d функциясының графигі y=f(x) функциясының графигін Оу ордината осінің бойымен, егер d>0 болса, онда d бірлікке жоғары, ал d<0 болса, онда d бірлікке төмен параллель көшіру арқылы салынады. ІІ. y=kf(x) функциясының графигін салу үшін y=f(x) функциясының графигін Оу осінің бойымен болғанда, есе созу, болғанда –ға сығу (қысу) керек. ІІІ. y=f(x+b) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осінің бойымен b>0 болғанда, теріс бағытта, b<0 болғанда оң бағытта бірлікке параллель көшіру арқылы алуға болады. Жұптық жұмыс: қосымша №2 Бағалау: өзара бағалау Топтық жұмыс: қосымша №3 Әр топ жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау мақсатында 4 топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі, өздеріне берілген есепті компьютерде Microsoft Excel бағдарламасының «Диаграмма құру» мүмкіндігінің «нүктелік» түрі арқылы функцияның графигін көрнекі түрде көрсетеді. Мақсаты: топта бірігіп жұмыс жасауына ықпал ету, есептерге талдау жасайды, уақытты үнемді пайдалану және тез есептеуге дағдылану арқылы жарыса есептету. Спикерлердің бағалауы. Рефлексия: Үй тапсырмасы: Мордкович оқулығы Сөйлемдерді аяқтаңдар: -бүгін сабақта мен қайталадым... - бүгінгі сабақта мен бекіттім... - қандай жұмыстар қиыншылықтар тұдырып қайталауды қажет етеді... - қандай біліміме мен сенімдімін... - нені басшылыққа алып жұмыс істеуім керек... | Таратпа қағаз Слайд 2-11 Таратпа қағаз Таратпа қағаз |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне байланысты таңдалып алынды.Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. Қабілеті жоғары оқушылар консультант ролін атқарады. | Үй тапсырмасы: дәптерлерін жинау Жұптық жұмыс:Өзара бағалау. Топтық жұмыс: спикерлердің бағалауы | Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары сақталады. Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары қарастырылады. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
қосымша №1
- y=ax+b сызықтық функцияның графигі – түзу, - y=ax2+bx+c квадраттық функцияның графигі – парабола, - y=k/x кері тәуелділіктің графигі – гипербола екені көрсетіліп, фигураларды түрлендіру түрлері қарастырылды. Енді осылардың негізінде y=kf(ax+b)+d (мұндағы k, a,b, d – нөлден өзгеше сандар) функциясының графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы салу жолын қарастырайық. облысында анықталған y=f(x) функциясының графигі қисық сызық болcын. Бұл графикке төмендегідей түрлендірулер қолдануға болады. І. y=f(x)+d функциясының графигі y=f(x) функциясының графигін Оу ордината осінің бойымен, егер d>0 болса, онда d бірлікке жоғары, ал d<0 болса, онда d бірлікке төмен параллель көшіру арқылы салынады. ІІ. y=kf(x) функциясының графигін салу үшін y=f(x) функциясының графигін Оу осінің бойымен болғанда, есе созу, болғанда –ға сығу (қысу) керек. ІІІ. y=f(x+b) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осінің бойымен b>0 болғанда, теріс бағытта, b<0 болғанда оң бағытта бірлікке параллель көшіру арқылы алуға болады. |
қосымша №2
- а)ә)функцияларының графигін салайық.
- . а )ә) функцияларының графигін салайық.
- функциясының графигін салайық.
- а) y=(1/2x)2 ,ә) функцияларының графигін салайық.
- функциясының графигін салайық.
қосымша №3
І топ: y=x2, y=x2+2, y=2x2 функцияларының графигін салыңдар.
ІІ топ: y=x2, y=x2-3, y=3x2 функцияларының графигін салыңдар.
ІІІ топ: y=x2, y=x2+3, y=2x2 функцияларының графигін салыңдар.
ІҮ топ: y=x2, y=x2-2, y=1/2x2 функцияларының графигін салыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру