Функция графиктерін түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: 8.3A Квадраттық функция | Мектеп: Атырау қаласындағы НЗМ | |
Сабақ тақырыбы: | Функция графиктерін түрлендіру | |
Күні: 18.01.19ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембиева Ш.Г. | |
Сынып: 8 | Қатысқандардың саны: |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме) | 8.5.1.6 y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax) және y=af(x) функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсінеді; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax) және y=af(x) функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсінеді; y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax) және y=af(x) функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсіне отырып, графиктерін сала біледі және графиктердің формулаларын жаза біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері Білімін қолдану | Квадраттық функция жайында білімін көрсете алады; Ауызша және жазбаша түрде өз ойын және пікірін жеткізе алады, өзгелерден келген ақпаратты тыңдау қабілетін көрсетеді; Квадраттық функцияныңа, b, c коэффициенттері мен координаталық жазықтықта орналасуының арасындағы байланысы жөніндегі деректерді практика жүзінде тексереді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Квадраттық функцияның графигін салудың негізгі кезеңдерін, қадамдарын түсініп, ауызша айтып бере алады Пәнге қатысты лексика мен терминология квадраттық график, квадраттық функция, x-тің екінші дәрежесі мәндерінің кестесі, , x-тің квадраты (дәреже көрсеткіші), Бүтін сан, коэффициент, дәреже x/y остері, қисық «тегіс» қисық, U тәріздес, симметриялы график құру/ нүктелерді алып тастау Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Бірінші, мәндер кестесін толтыру керек.
Келесіде, нүктелерді ұқыпты белгілей отырып сіз қисық сызуыңыз керек x және y мәндерін шатастырмаңыз
Содан соң, графикті теңдеуді шешуге қолданыңыз.
Соңында, шешімдерді санаңыз.
Бірақ сізде бір ғана шешім немесе шешімнің мүлде болмауы мүмкін. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білімдер | Айнымалы мен коэффицент ұғымдарын түсіну; есептеулер жүргізу арқылы квадрат теңдеулерді анықтау және оларды шеше білу іскерліктері; сызбаны дәл салу дағдысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтары дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | бейнелеумен байланыстыру , физикамен байланыстыру y = x2 функцияның графигі физикада үдемелі қозғалыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тәрбиелік мағына «Мәңгілік ел» | Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Білім мен дағды, іскерлікті қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жүру барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | І. Ой – түрткі: а > 0, а < 0 болғандағы квадраттық функцияның а, b, с коэффициенттеріне байланысты орналасуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 мин | Жеке жұмыс: 8.5.1.5 квадраттық функциясының а, b, с коэффиценттері мен оның графигінің координаттық жазықтықта орналасуы арасындағы байланыстарды орнатады мақсатының орындалуына тапсырмалар: квадраттық функцияның графигін а, b, с коэффициенттеріне байланысты орналастыр: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 15 минут
|
ІІІ. «Мағынаны тану» 8.5.1.6 y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax) және y=af(x) функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсінеді мақсатының орындалуына тапсырмалар: Квадраттық функцияны оқуда оқушылар у = х2 квадраттық функцияның графигін параллель көшіру, сығу немесе созу көмегімен алуға болатыны туралы қорытынды жасаған болатын. Осы қорытындыларды жалпылап, ортақ теоремаларды тұжырымдаймыз. Осы қорытындыларды қолданып, оқушыларға келесі тапсырманы ұсынамын: Сызбада у = f(x) функциясының [2; 13] кесіндісіндегі графигі берілген.
Берілген сызбада келесі функциялардың графиктерін салыңдар: 1.g(x) = 2f(x), 2. h(x) = 0,5f(x), 3. m(x) = f(x – 2), 4.q(x) = f(x) + 4. | Bilimland kz «Квадраттық функция және оның графигі» | |||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Қорытынды жасайды: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 мин | Жұппен жұмыс: Оқушыларға жұптарда жұмыс істеуді ұсынамын. Әр жұпқа қандай да бір у = f(х) функциясының графигі бейнеленген сызба және у = f(х) функциясының графигімен байланысын көріп отырып у = f(x-2)+3, y = f(x-2)-3, у = f(x+2)+3, y = f(x+2)-3 графиктерін салуға арналған функция формулалар тізімін дайындадым. Салуларды орындап болған соң, оқушылар сызбаларымен алмасып, тексереді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин | Жеке жұмыс: у = функциясының графигі пайдаланып, у = (x-2)2+1, y = (x-2)2-1, у = (x+2)2+1, y = (x+2)2-1 функцияларының графиктерін салыңдар. Жауабы: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Топпен жұмыс: Берілген сызбалардағы функцияларының графиктерін пайдалана отырып, а және D –ның таңбаларын анықтаңдар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | 3) Жеке жұмыс: Сәйкестендіру тест.
| Predmet.kz | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия: Оқушылар тақтада берілген рефлексивті сөздердің бастамасын таңдай отырып, шеңбер бойымен өздерінің ойын бір сөйлеммен жеткізеді. Бүгін мен ................ білдім Маған ........ қызықты болды Маған ..................... қиын болды Мен ......... тапсырманы орындадым Мен .................................... түсіндім Енді мен .......................................... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушылар алдында барынша қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз? | бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Айқаспа сілтемелер Денсаулық жағдайын тексеру АТ құндылықтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
талқылау сабақ мақсаты/оқыту мақсаты іске асырылды ма? Бүгін оқушылар немен танысты? Сыныпта атмосфера қандай? Дифференциация жұмыс істеді ме? Уақыт жетті ме? Қандай өзгерістер жоспарға енгізілді және неге? | Осы кеңістікті сіздің сабақты талқылау үшін пайдаланыңыз. Сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға сол жақ бағанда жауап беріңіз |
Қорытынды:
- x2 алдындағы коэфицент (a)
- қисық формасына (градиентке) әсер етеді, а коэффициентінің мәні неғұрлым үлкен болған сайын,
y-осіне жақындай түседі
- a=0 болса, қисық - түзу сызық (егер b=0 , х осіне горизонталь түзу ) болады.
* егер a<0 болса, парабола тармағы төмен бағытталады.
2. x-тің алдындағы коэфицент (b) түзудің градиентін өзгертеді, мұнда x2=0 (негізінде сызықтық теңдеу)
a < (>) 0 болғанда, симметрия осін оңға немесе солға ‘ығыстырады’ ( негізінде, x2 түзуді «қисайтады» (қисыққа
айналдырады) , яғни параболаның төбесінің координаталарының таңбасын анықтайды
3. с – коэффициенті қисықты жоғары не төмен жылжытады, y – осін қай нүктеде кесіп өтетінін анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?