Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Қосымша 3
Сыныпта орындауға арналған тапсырмалар
1. Біреуі екіншісінен алтыға үлкен екі натурал санның көбейтіндісі 187 – ге тең. Осы сандарды табыңыз.
2. Ені ұзындығынан 4 см артық, ал ауданы 60 см2 тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.
3. Бір қабырғасы екіншісінен 10 м артық тік төртбұрыш тәріздес бақша алаңын қоршау керек. Егер бақша алаңы ауданы 1200 м2 болса, онда алаңның ұзындығын табыңыз.
4. Тік төртбұрыштың периметрі 62 м. Егер тік төртбұрыш ауданы 210 м2 болса, онда оның қабырғаларын табыңыз.
5.Егер тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің қосындысы 23 см, ал ауданы 60 см2 болса катеттерді табыңыз.
Үй жұмысының тапсырмалары
1. Есепті шешіңіз;
Бір сан екіншісінен 6 – ға артық, ал олардың көбейтіндісі 160. Осы сандарды табыңыз.
Бос орындарды толтырыңыз. Теңдеу құрыңыз және шешіңіз.
Шешуі.
Айталық х – бірінші ізделінді сан,
Онда ___ екінші ізделінді сан.
Екі санның көбейтіндісі 160 болғандықтан шарт бойынша теңдеу құрамыз:________________________________________________________________________________________________________________________
Осы теңдеуді шешеміз:
____________________________________________________________________________________________________________________________________,……………………….., …………………………………,
Жауабы: ……………………………. .
2. Есепті шешіңіз:
Тік төртбұрыштың ені ұзындығынан 5 см қысқа, ал ауданы 6 см2 . қабырғаларын табыңыз.
Бос орындарды толтырыңыз. Теңдеу құрыңыз және шешіңіз.
Шешуі:
Тік төртбұрыштың ені х см,
Онда тік төртбұрыштың ұзындығы _ см.
Тік төртбұрыштың ауданы 6 см2, есеп шарты бойынша теңдеу құрамыз:____________________
Алынған теңдеуді шешеміз:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы: 6 см және 1 см.
Әдебиеттер:
1.Ерина Т.М. Рабочая тетрадь по алгебре: 8 класс к учебнику «Алгебра.8 класс» для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. / Т.М.Ерина. – М.:Издательство «Экзамен», 2013.- 160с.
2. Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?