Квадрат түбір. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Квадрат түбір
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқу мақсаты: 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің анықтамаларын біліп, оларды ажыратады, сонымен қатар, толық квадраттан арифметикалық квадрат түбірдің мәнін тауып, түріндегі теңдеуді шешеді.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Бұрынғы білімдерін белсендіру
- Сабақ мақсатын қою
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Арифметикалық квадрат түбір мен квадрат түбір ұғымдарын енгізу
- Толық квадрат сандардан арифметикалық түбірді табу
- Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын қолдануға есеп шығару
- Квадрат түбірдің анықтамасын қолданып, теңдеуду шешу
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Анықтама-1: Берілген дәреженің мәні мен көрсеткіші бойынша дәреженің негізін табуды түбір шығару деп атайды.
Анықтама-2: Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең b санын атайды.
Мысалы, 64 санының квадрат түбірі 8 және -8, өйткені және =64.
Анықтама-3.1: Түбірдің оң мәнін арифметикалық квадрат түбір деп атайды.
Қарастырылған мысалда 8 саны арифметикалық квадрат түбірді береді.
Анықтама-3.2: Квадраты a-ға тең кез келген теріс емес b саны теріс емес a санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.
a санынан алынған арифметикальқ квадрат түбір деп белгіленеді, мұндағы √ таңбасы арифметикалык квадрат түбірдің белгісі немесе радикал, а - түбір белгісінің ішіндегі өрнек.
өрнегі «a санының арифметикалық квадрат түбірі» деп оқылады.
Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасы бойынша: теңдігі , болғанда орындалады.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың жұптағы/топтағы/бүкіл сыныппен ойларымен бөлісуін қолдаңыз, сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға уақыт беріңіз (1-2 мин).
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
5. Өрнектің мәнін табыңыз:
a)
b) .
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмаларға берілетін жауаптар презентация слайдтарында бар. Олар өзін-өзі, өзара бағалауды ұйымдастыруда пайдалы болады.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012. 14-бет.
Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,
2010. — 384 с. : ил.
https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/kvadrattyq-tubir-kvadrat-tubirding-zhuyq-manderi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?