Квадрат түбір. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат түбір

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • «квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады;
  • Толық квадрат саннан арифметикалық түбір ала алады;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешеді.

 

Сабақ құрылымы:

  •  Ұйымдастыру кезеңі
  •  Қайталау.
  •  Мәселе қою кезеңі.
  •  Мақсат қою.
  •  Жаңа тақырыпты түсіндіру және оның алғашқы бекітілуі.
  •  «Квадрат түбір» ұғымының енгізілуі
  •  Тарихи анықтама
  •  Мәтіндік есепті шешу. «Арифметикалық квадрат түбір» ұғымын енгізу
  •  Өткенді бекітуге арналған тапсырмалар
  •  Арифметикалық квадрат түбірдің негізгі қасиетін қорыту.
  •  , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешу.
  •  Сабақты қорытындылау.

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

 Саннан квадрат түбі алу операциясы санды квадраттауға кері операция.

 Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең b санын атайды. Квадрат түбір символымен белгіленеді.

 Түбір белгісінің астында тұрған өрнекті түбір астындағы өрнек деп атайды.

 a0 үшін өрнегінің мағынасы бар, егер a<0 , онда мағынасы болмайды.

 Квадраты a-ға тең кез келген теріс емес b саны теріс емес a санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.

 Арифметикалық квадрат түбірдің негізгі қасиеті:

 Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасынан, егер өрнегінің мағынасы болса, онда және .

 

 

 

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Ал бар слайдтарды сыныппен талқылау және жұмыстарды бағалау кезінде қолданыңыз. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 А Деңгейі

  • Екі таңбалы сандардың квадраттарының кестесін қолдана отырып, табыңыз:

 

 

  • Теңдеулерді шешіңіз:

 

 

 

 В Деңгейі

  • Өрнектің мәнін табыңыз:
  • Дұрыс па?

 

 

  • Теңдеулерді шешіңіз:

 

 

 

 С Деңгейі

  • Дұрыс па?

 

 

 

  • Өрнектің мәнін табыңыз:

 

 

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмаларға берілетін жауаптар презентация слайдтарында бар. Олар өзін-өзі, өзара бағалауды ұйымдастыруда пайдалы болады.

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

 «Арифметикалық квадрат түбір анықтамасы және оның қасиеттері» тақырыбы бойынша интернет-сабақтарға сілтеме беріледі. Әрбір сілтемеде сабаққа қатысты конспект табуға болады.

  • Теріс емес саннан квадрат түбір ұғымы. Негізгі мағлұматтар.

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/funktsiya-y-x-svoystva-kvadratnogo-kornya/ponyatie-kvadratnogo-kornya-iz-neotritsatelnogo-chisla-osnovnye-ponyatiya?seconds=0&chapter_id=920

  • Арифметикалық квадрат түбір

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/funktsiya-y-x-svoystva-kvadratnogo-kornya/arifmeticheskiy-kvadratnyy-koren?seconds=0&chapter_id=920

  • Теріс емес саннан квадрат түбір ұғымы. Есептер шешу.

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/funktsiya-y-x-svoystva-kvadratnogo-kornya/ponyatie-kvadratnogo-kornya-iz-neotritsatelnogo-chisla-reshenie-zadach?seconds=0&chapter_id=920



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу