Шығарманың жоспарын құру. Меңдібай Әбілұлы «Құпия әуен». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Құпия әуен

Ертеде Балапан деген күйші өмір сүріпті. Сонау жаугершілік заманда жоңғар басқыншылары жер қайысқан қалың қолмен жаба тауы маңына келіпті.

Түн ортасында тынығып жатқан жоңғардың бірнеше батыры шошып ояныпты. Таудың арғы жағынан жылқы тұяқтарының дыбысын естіпті. Дүркірей шапқан қалың сайгүліктің ғажайып дүбірі қараңғы түнде жоңғарларға ап – анық естіліпті дейді. Жоңғарлар мұндай құпия әуенді бұрын – соңды естімеген екен.

Бұл – домбыраның үні,- деп сыбырлапты бірінші нөкері қолбасшыға.

- Бұл –күй,- депті екіншісі қысық көзін жыпылықтатып.

- Бұл – қазақ әскерін жігерлендіретін, шабуылға көтеретін күй,- депті үшінші нөкер де.

 Жоңғардың барлық қолы ұйқыларынан оянып, күмбірлеген күйді қалшия тыңдап тұрып қалыпты.

 Мынау – күй емес, оқ! Жанымды жегідей жеп барады, - депті бір жоңғар отыра қалып.

  • Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,- депті бір жоңғар тізерлей келіп.

 Күй бірте – бірте күшейе түсті. Кенет аспанды қара бұлт басыпты. Ай бұлт арасына кіріп, төңіректі қою қараңғылық жауыпты. Төңірек теңселіп тұрғандай, қазақтың қалың қолы дүбірлеп жақындап қалғандай болыпты.

- Анау не?! Анау – у-у-у? – депті жоңғар әскерлерінің бірі сұқ саусағын қараңғылық басқан аспанға шошайтып.

- Абайла, абайла! Қалың жебе бұлттай ұшып келе жатыр, - депті екінші жоңғар жер бауырлап жата кетіпті.

- Менің әскерімді қара басты! – деп ашуланыпты қолбасшы. – мұндай қорқақ емес еді. Мына тау бізге бір пәле болды. Мына құпия әуен де күшейіп барады!...

Осы кезде жоңғар шолғыншысы келіпті. Абыржыған ол:

Қазақтар той беріп жатыр. Жасы тоқсаннан асқан бір күйші қария күй тартып отыр. Күйдің дауысы жеті шақырымға жетеді екен. Күйдің жауларын әлсіретіп, құтын қашыратын сиқыры бар көрінеді...- дейді. Мұны естіген қолбасшы:

  • Атқа қоныңдар! – деп айқай салыпты. Жоңғарлар шатырларын жығып, атқа қоныпыты. Қолбасшы:
  • Шегініңдер! Қашыңдар!- деп айқайлапты.

 Сондағы шертілген «Жауға шап» күйі, ал орындаған атақты күйші Балапан бабамыз екен.

«Жауға шап» күйі тек тойда ғана тартылатын болған. Күй тойға жиналғандардың көңілін көтеріп, жігер берсекерек. «Той беріп жатып қапы қалмайық, сырттан келетін жауды ұмытып кетпеңдер» деген белгі екен.

 Сөйтіп, жоңғарлар сол «Жауға шап» күйін естіп, Жаба таудан әрі өте алмай, айбыны қайтып, кейін шегініп кетіпті дейді аңыз.

Меңдібай Әбілұлы

Қосымша 2

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,

филология ғылымының

кандидаты, Тараз

инновациялық-гуманитарлық

университетінің доценті,

профессор

Қосымша 3

 Жанымды жегідей жеп барады

 (жанын қатты қинады, ішқұса, уайым болды)

 Екі тізем қалтырап бара жатыр.

 (қорқу, үрейлену)

 Құтын қашыратын сиқыры бар

  (берекесін кетірді, үрейін ұшырды)

 

 (Мұғалім басқа да сөздерді ұсына алады)

Күй қазақтың қазынасы

Күш атасын танымас.

Ерді намыс өлтірер.

Әлі келген алып та жығады,Шалып та жығады.

Қосымша 4

1. Мен сабақ қызықты /қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.

4. Мен өз ойымды жиі/ сирек айттым.

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.

[attachment=26555:did_-mater_shyarmany-zhosparyn-ru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу