«Балалар елін бағындыру» Н.Ақышев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

 

 Балалар елін бағындыру

 

 Ерте, ерте, ертеде балалар елі деген ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ, көңілсіз екен. Тіпті күнделікті өмірлерінде де еш қызық болмапты. Содан күндердің бір күнінде балалар елін бір патшалық бағындырып алыпты. Ол патшалықтың аты – Ойын екен. 

 Ойын келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айғай-шу, думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есілдертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен. 

 Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі қайтадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы бір кезең болған екен... 

 Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ сонда да ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты. Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Өмір сүруді қалай жеңілдету керек, ол жағынан да мүлде бейхабар.

 Н.Ақышев

 

 

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 5

 

ҚОСЫМША 6

[attachment=26348:didaktikaly-material-shyarmany-mazmndau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу