Қысқы кеш. (Жаңа тақырыпты меңгеру) нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қысқы кеш. М. Иманжанов
Оқу мақсаты:
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
- шығарманы түсініп оқиды.
- мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қояды;
- шығарма мазмұнынан кейіптеулерді табады;
Бағалау критерийлері:
- шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
- құрастырған жоспары бойынша шығарма мазмұнын айтады;
Мұғалімге арналған ұсыныстар.
І. Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. «Қармен атысу» ойыны арқылы белгіленген уақыт ішінде (3-4 мин) оқушылар таратылған А4 ақ қағазының бөліктеріне қыс туралы не білетінін еркін түрде жазады. Жазып болған соң ортаға шығып бір-біріне қағазды ұмаждап қар атысқандай лақтырады (лақтырған кезде қауіпсіздікті сақтап, көзге дәлдемеуді ескертіңіз). «Тоқта» деген белгі берілген кезде қолдарына бір қағаз алып, бір-біріне оқиды, қыс туралы жазылған ойды толықтырады. Әр оқушының жауабына жұпта кері байланыс беріліп, «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Кадр» әдісі оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсінуіне, оның ішіндегі кейіптеулерді табуға көмектеседі, сонымен қатар өздерін еркін ұстауды, актерлік қабілеттерін дамытады.
Оқулықтағы М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтінін алдымен жеке түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады. Тапсырманың нұсқаулығы мен бағалау критерийлерімен мұқият таныстырыңыз. Сөздік жұмысынан кейін кезек- кезек дауыстап оқиды, бірақ «тоқта» белгісі берілген кезде мәтіннің оқып жатқан жерін қимылмен көрсетеді. Тоқтату ретін мұғалім өзі анықтайды.
Эпизодты көрсеткен оқушыларды бағалау «Қошеметтеу» арқылы жүзеге асады, кері байланыс беру ұсынылады. Осы тапсырма арқылы жаңа ұғым «кейіптеу» туралы айтып кетіңіз. Балалар көрсеткен боранның адам сияқты ауыл ішін аралап жүргені, сол сияқты ауылдың өзі адамша ақ қар жамылып, түннің құшағына бұғып отырған образдары кейіптеуді жақсы көрсетеді.
-Мәтінде көрсетілген образдар адамға қатысты ма?
-Мәтін бойынша ненің қимылын көрсету оңай болды? Неліктен?
-Ненің образын көрсету қиын болды? Неге?
-Қандай сөздер образды көрсетуге көмегін тигізді? осы сияқты сұрақтар арқылы жаңа ұғымды таныстырып кетуге болады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға мәтіннің оңай жерлерін, ал қабілеті жоғары оқушыларға қиынрақ бөліктерін беру ұсынылады.
2- тапсырма
Мәтінді логикалық бөліктерге бөлу, ат қою. Тапсырма мәтінді мағыналы бөліктерге бөлуге, әр бөлікке тақырып қоюға үйретеді.
Тапсырма топта орындалады, сондықтан оқушыларды 1, 2, 3, 4, деп санау арқылы 4 топқа бөліп алу ұсынылады. Алдымен оқушылар дәптерде жеке өздері бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қояды. Жұмысымен жұпта бөліседі, жұптың ішінде талқылап ортақ ойға келеді. Кейін өз ойларын топта ортаға салады, топпен бірігіп талдау арқылы ортақ ойды сынып алдына ұсынады. Осылай бөліктерге бөлу арқылы мәтіннің жоспарын құруға болатынын естеріне түсіріріледі. Құрастырған жоспары бойынша мәтін мазмұныны сұралады. Жоспар бойынша мәтін бөлігін топтар кезекпен жалғастырады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Топтық жұмыс барысында барлығының ойы құнды, бірлесіп жұмыс істеу нәтижелі болатынын естеріне түсіріп отыру қажет. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау
- шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
- құрастырған жоспары бойынша шығарма мазмұнын айтады
3-тапсырма
(Т) Кестені толтыру. Бұл тапсырма жаңатақырыпты бекітуге арналған.
Топтағы оқушылар оқулықтағы №4 тапсырма бойынша А.С. Пушкиннің және М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтіндерінен боранға қатысты кейіптеулерді тауып А4 парағына жазады. Топтар жұмыстарын аяқтағаннан кейін ортаға өз ойларын ұсынады.
Кейіпкерлер | Кейіптеу |
Боран | -аралап жүр - - |
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға авторлар тағы нені адам кейпіне келтіріп суреттегенін тапқызуға болады.
Бағалау. Топтың жұмысын бағалауды топтар өзара «Нысана» әдісі бойынша жүзеге асады.
4 –тапсырма
(Ө) 5 жолды өлең құрастыру. Тапсырма жеке орындалады. Мәтінді пайдаланып «Боран» тақырыбына «Синквейн» құрастырады.
Үлгі:
Боран
Түтіндей, жыландай
Ұлиды, ысқырады, сумандайды
Боран жыландай суман қағып ауыл ішін аралап жүр.
Қатты жел
Әр топқа қыс суреті таратылады. Оқушыларға қысқы табиғатты кейіптеу сөздерді қолданып суреттеу тапсырылады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тек көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазғызуға болады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау «Автор орындығы» әдісі арқылы жүзеге асады.
ІІІ. Сабақтың соңы
Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Жалғастыр» әдісі бойынша слайдта жазылған сөздерді жалғастыру арқылы сабақ бойынша өз ойлары мен көңіл-күйлерімен бөліседі:
- Маған .... қызықты болды.
- Мен бүгін .... түсіндім.
- Маған ... қиын болды.
Ертең сабақта ...болғанын қалаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?