Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру). 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру)

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

Сабақ мақсаттары

  • кейіпкерлердің іс – әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;

- мәтіннің құрылымын анықтайды;

- кейіпкердің мінез- құлқын, іс – әрекетін сипаттайды;

- кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;

-

Бағалау критерийлері

-кейіпкерлердің іс – әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;

- мәтіннің құрылымын анықтайды;

- кейіпкердің мінез-құлқын, іс – әрекетін сипаттайды;

- кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларға бәйек, есею, есі кіріп, селтеңдеу, күйзеліс, бел буды сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушыларды күн тәртібін сақтап жүруге және уақытты бағалау, оны тиімді пайдалануға үйретеді.

Пәнаралық байланыстар

Мәтінді талдау барысында және топтық жұмыс нәтижесінде достық, уақытты үнемдеу туралы әңгімелесу барысында өзін- өзі тану сабағымен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Шығарманың құрылымдық бөліктерін біледі, кейіпкерлердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына сипаттама бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу, даналық сөздерді талдау арқылы сабақтың тақырыбын болжау жасау арқылы анықтау. Тақтада кезек-кезек жұмбақтар мен сөздер шығып отырады, соларды талдай отыра оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды:

  • Уақытты өлшеп, санап,Таппайды бір тағат.Бұл не сонда?…(сағат)
  • Жартысы жадыратып нұр себеді,

Қалғаны қара мақпал бүркенеді.(тәулік)

3. «Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе»

В.Франклин

4. «Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі»

И.П.Павлов

Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд №1-4.

Сабақтың ортасы

6-11 мин

12-22 мин

23-28 мин

29-36 мин

1-тапсырма

(Ж) Уақытты дұрыс пайдаланып жүрсің бе? Қасында отырған оқушымен өзінің күн тәртібі туралы әңгімелесіп, ой бөліс. Ой бөлісу үшін бір-біріне мына сұрақтарды қоюыңа болады.

- Уақытыңды қалай жоспарлайсың?

- Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

- Жоспарлаған жұмыстарыңды уақытында істеп үлгересің бе?

Саралау: тапсырма барлық оқушығабірдей ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Бағалау «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүзеге асады.

2 тапсырма

(Ө,Ж,Т) Тапсырма топта орындалады, сондықтан оқушыларды санау арқылы 4-5 топқа бөліп алу ұсынылады. Оқулықтағы Ж. Әлмашевтің «Күн тәртібі» мәтінін бөліктерге бөліп оқытылады..Бөліктерді жеке парақтарға басып шығаруға болады немесе оқушыларға академиялық әділеттілікті сақтай отырып оқулықтағы мәтінді дәптермен немесе парақпен жапқызып оқытуға болады. Әр бөлікті оқып болған соң, бөлікті талдай отырып, келесі бөлігінде не болатынын болжау жасау арқылы сюжеттің дамуын анықтайды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.

Бәйек болу- көңілін табу, есею- жасы үлкею, есі кіріп- ақыл тоқтатып, селтеңдеу- уақытты босқа кетіру, күйзеліс- уайым, бел буды-шешімге келді.

1- бөлікке (қосымшада берілген немесе оқулықтың 89 бетінен оқытуға болады) қатысты қойылатын сұрақтар:

  • Әңгіме кім туралы? Бірінші бөлімнен не білдіңдер? Досалы неге тамақ ішпестен жатып қалды деп ойлайсыңдар? Әңгіме қалай жалғасады?

Оқушылар жауабын талқылап, топ атынан болжамның бір нұсқасын ұсынады. Келесі бөлім оқыған кезде өздерінің және басқа топтардың болжамымен салыстырады.

2- бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:

-Жасаған болжамымен сәйкес келді ме? Анасы не істеді? Досалы не туралы ойланып жатыр деп ойлайсыңдар?

3- бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:

-Досалы қандай бала екен? Оның көңіл-күйі қандай болды? Ол сыныптастарынан нені күтті? Ол неге күйзеліске ұшырады? Өзің Досалының орнында болсан не істер едің? Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

Әр оқушы әңгіменің жалғасын ауызша қысқаша болжайды, жұпта талқылап, топта ортаға салады. Топ мүшелері бірлесіп бір болжам жасап сынып алдына таныстырады.

4 – бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:

Досалыны қандай сұрақтар мазалады? Досалы қандай шешімге келді? Енді оның өмірі қалай өзгереді деп ойлайсыңдар?

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) жұпта бірін -бірі дескрипторлар бойынша бағалайды:

  • Шығарма бөліктерін түсініп оқиды.
  • Оқыған бөлімі бойынша мәтіннің жалғасын болжайды;
  • Мәтіннің аяқталуын өз бетінше құрастырады.

3 тапсырма

(Т) Кесте ұсынылады, шығарманың құрылымдық бөліктерін анықтау тапсырылады. Кейіпкердің іс – әркетіне сипаттама береді, өзгеру себептерін мәтіннен тауып, баға береді.

Жоспар

Шығарманың композициясы

Көңілсіз Досалы.

Апасының қамқорлығы.

Өз қатесін түсінуі.

Күн тәртібі.

Сюжеттің басталуы.

Дамуы.

Дамуы.

Сюжеттің аяқталуы

(Б)

- мәтін желісі бойынша жоспар құрды;

- мәтіннің құрылымын дұрыс анықтады;

- кейіпкердің іс – әркетінін сипаттады;

-кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;

«Ду қол шапалақ» әдісі бойынша бағалау.

4-тапсырма

Берілген мақалдардың ішінен бүгінгі тақырыпқа сәйкес келетін мақалды анықтап, дәптеріңе жазып ал, дәптерде Досалыға күн тәртібін жасауға көмектес.

  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
  • Адамды заманы билейді.
  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
  • Жан жарасына уақыт емші.
  • Уақыт алтыннан қымбат

https://kk.wikiquote.org/wiki/

Саралау:

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылар сурет салу арқылы, мәтін құрстыру арқылы, яғни өздеріне ұнайтын формада күн тәртібін жасайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулық 89-92 бет.

Слайд №5

Слайд №6

Қосымша 1.

Түсіндірме сөздік

Слайд №7

Қосымша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Чемодан, Ет тартқыш, Қоқыс шелегі» әдісі бойынша өз ойлары мен көңіл-күйлерімен бөліседі:

Чемодан- мен бүгінгі сабақтан өзіме не алдым, не білдім?

Ет тартқыш- маған әлі түсініксіз, ой елегімнен өткізуім керек. Сұрақтарым бар.

Қоқыс шелегі- маған қажетсіз заттар/ білім

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2, 3-тапсырмаларда «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. 3-тапсырмада саралау шығармашылықтарына қарай жүргізіледі.

«Қошеметтеу», «Бағдаршам» әдістері, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы,

дескриптор бойынша бағалау

-кейіпкердің іс – әрекетіне, оқиғаларға сүйене отырып, сюжеттің дамуын болжайды;

- мәтіннің құрылымын анықтайды;

- кейіпкердің мінез- құлқын, іс – әрекетін сипаттайды;

- кейіркердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалады;

Сабақта қуаіпсіздік ережесін сақтау ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу