Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
Сабақ мақсаттары: • ромб, тіктөртбұрыш, шаршы анықтамаларын және олардың қасиеттері мен белгілерін білу;
• ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілерін дәлелдеу;
• параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілерін есеп шығаруда қолдану.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру: Ромбының қандай қасиеттерін оқушылар тұжырымдады? «Қосымша 1» материалындағы тұжырымдармен салыстыру.
Оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсаты мен тақырыбын белгілеу.
Оқушыларға теориялық тапсырмалар бергенде ресурстардағы оқулықты қолдану.
Топтық жұмыс. Ромб, тіктөртбұрыш және шаршы қасиеттері мен белгілері жайлы теоремаларды қорытып шығу және дәлелдеу.

Сыныпты 4 - 6 оқушыдан құралатын топтарға бөлу. Топ мүшелерін әрдеңгейлі етіп құрған тиімді. Оқушыларға фигуралардың қағазданжасалған модельдерін үлестіру. Топта төртбұрыштың түрлеріне анықтама береді.
Аталған фигуралардың қасиеттері мен белгілерін бұған дейін өткен параллеограммның қасиеттері мен белгілеріне қарай отырып болжайды. Фигуралардың модельдеріне жүгіне отырып, ромб пен тіктөртбұрыш белгілері мен қасиеттерін практика жүзінде қорытып шығарады. «Қосымша 2» таратпасындағы кестені толтырады. Жауабын жауап кілті бойынша тексереді. Мүмкін болса «Параллеограмм» бейнетаспасын көрген ләзім. Жауаптарының дұрыстығын тексеріп, салыстыру.

Тапсырма беру: әр топ келесі фигуралардың әрбіреуінің анықтамасын, қасиеттерін және белгілерін береді:
1 топ: тіктөртбұрыш; 2 топ: ромб;3 топ: шаршы (квадрат)
Жұмыстарын дәптерге орындайды.

Әр топ 1 белгі мен 1 қасиетті дәлелдейді де, оны сыныптың алдында қорғайды.
Мұғалім сыныпты аралап, кем тұстары болса толықтырып, қажет жерлерінде түзетіп, сырттай бақылаушы ролыін атқарады.
Оқушыларға жұмысты орындауға жеткілікті уақыт тағайындау. Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ басшысы теореманы дәлелдеуге кім шығатытын айтады.

Дәлелдеуді орындаған оқушының жұмысын талдап, оны дұрыс жауаппен салыстыру керек. Егер олқылықтар болса, дұрысын жазып алуды оқушыларғы міндеттеу. «Қосымша 3».
Топ басшысы әр оқушының топтық жұмысқа сіңірген еңбегі мен қосқан үлесіне орай әр оқушыға баға береді........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 931



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі