Күрделі функциялар 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

 Күрделі функциялар 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Күрделі функциялар 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.6 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
Сабақ мақсаттары: Күрделі функцияны құра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын қалыптастыру , берілген функцияға кері функция таба алады, функцияның периодын таба алады, монотонды аралығын анықтай алады.

Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Үй жұмысын тексеру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады
Ой қозғау
Оқушыларды жұптарға біріктіреміз, бірнеше функциялар және оларды түрлендіруге байланысты тапсырмалар ұсынамыз.
Мысалы, функциялар берілген:
А ) у = х2;
B) у = (х+1)2;
C) y = (2х+1)2;
D) y= (2х)2;
E) y= (1/3 х)2;
F) y=(х/3 -1)^2.
1. Берілген функциялардың формулаларын салыстырыңыздар.
2. Бұл формуалардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын жұптасып талқылаңыздар.
3. Мұғалімнің түсіндіруі: 3-7 слайдтар бойынша 1-2мысалды түсіндіріп оқушылармен бірге талқылау.
Оқушылардың ұсыныстарын толықтырып, қорытынды жасаңыздар. Оларды күрделі функция ұғымын түсінуге жетелеңіз және оның h(x)=g(f(x)) түрінде жазылатындығын көрсету.
Берілген күрделі функциялардағы g және f функцияларын көрсетеді.
4.Өздік жұмысы:
f(x) = 3х-1, g(x)=2x-1 функциялары берілген. оларды
a) f(g(х))
b) g(f(x))
f(f(х)) т.с.с. күрделі функциялардың формулалары арқылы көрсетіңіз.
Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексереді. 9 слайд
Басбармақ арқылы бағалайды.

5.Кім жылдам?
Қосымша1, Оқушылар 15минут ағылшын тіліндегі Worksheet орындайды, мұғалімнің жеке тексеруімен бағаланады. Дұрыс жауаптарының санымен марапатталады.

Қалыптастырушы бақылау
Қосымша 2 немесе слайдта көрсетілген Қалыптастырушы бақылау жұмысын алып дайын жауаппен тексертуге болады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 0
» Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады. 06.05.2021, 0
» Соғыс ардагерлері 1 миллионнан алады 02.05.2021, 1

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы