Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтінді есептерді математикалық модельдеу
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді
(берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады);
7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді;
Сабақ мақсаты: Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, сызықтық теңсіздіктер шешімін геометриялық интерпретация және сан аралығы түрінде көрсете алады, қосымша шарттарын анықтай біледі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
ІІ. Білімдерін өзектеу
Өздік жұмыс
1-тапсырма
Сызықтық теңдеулерді шешіп, түбірлер санын анықтаңыз:
a)
b) 3х+2=6х+(5-3х)
c)2(4х+3)=(8х-2)+8

Дескриптор: Оқушы
жақшаларды ашады;
ұқсас мүшелерді қосады;
шешімді табады;
түбірлер санын анықтайды.

2-тапсырма
a және b қандай мәнінде теңдеудің түбірі жоқ.
Дескриптор: Оқушы
- өрнекті ықшамдайды;
- теңдеудің шешімі болмайтын a мен b-нің мәндерін анықтайды;
3-тапсырма
a) теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз
b) теңсіздігін қанағаттандыратын қанша натурал сан бар?
c) теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін теріс шешімдерін табыңыз.

Дескриптор: Оқушы
теңсіздікті қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды анықтайды;
теңсіздіктің натурал сандар шешімдерін табады;
теңсіздіктің барлық бүтін теріс шешімдерін жазады.
Өздік жұмысты тексеріп, оқушыларға кері байланыс беріледі.
ІІІ. Білімдерді бекіту.
1) Бір қоймада 120 т, екіншісінде 72 т көмір болды. Күн сайын бірінші қоймадан 6 т, екіншісінен 2,4 т көмір әкетілді. Неше күннен кейін екінші қоймаға қарағанда бірінші қоймада 1,5 есе артық көмір қалады?
2) Теңсіздіктер жүйесін (-4;6) аралықта шешіңдер
3) Дәлелдеу керек:
a) теңдеуінің түбірі болмайтынын;
b) теңдеуінің түбірі болатынын;
c) +26 теңдеуінің түбірі болатынын.
4) Бірдей екі цистернаның бірінде 34 т, екіншісінде 48 т мұнай бар. Цистерналарды толыру үшін олардың біріне екіншісіне қарағанда екі есе артық мұнай құйылды. Әр цистернаға қанша мұнай құйылды?

5) Клуб үшін 110000 теңгеге 10 комплект шахмат және 16 комплект дойбы алынды. Егер 4 комплект дойбы 3 комплект шахматтан 2200 тг арзан тұратын болса, онда бір комплект шахмат және бір комплект дойбы қанша тұрады?

6) 2 кг күріш пен 3 кг ұнға 8250 теңге төленеді. Егер бір килограмм күріш бір килограмм ұннан 500 тг қымбат болса, онда бір килограмм күріш пен бір килограмм ұн сатып алуы үшін барлығы қанша ақша төлеу керек?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 426



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі