Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;
• мәтіндік редакторды іске қосады;
• компьютерлік мәтінді өндейді;
• арнайы батырмаларды қолданады;
• құжатты сақтайды.

Сыныптың сабаққа дайындығын қарау
1. Қайталау
• Файл – дегеніміз …
• Бумада бір атаумен аталған екі файл орналаса ма?
• Файлдың аты қайдан пайда болады?

Проблемалық сұрақ
Мұғалім қағаз бетіне шыққан мәтіндік құжат көрсетіп:
- қағаз бетіне хатты теріп басып шығару үшін не қажет?

2. Мақсатты тұжырымдау
Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдайды
3. Миға шабуыл
Тақтаға пернетақтаның суретін шығарып
- Бұл қандай құрылғы екенің атаңыз?
- Ол не үшін қажет?
- Мәтін дегеніміз не?
(Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады).

4. Мұғалімнің түсіндіруі
- Мәтінді теру үшін оған арнайы бір программа қажет (Мәтіндік редактор)
Оны іске қосып көрейік.
(Оқушылар программаны іске қосады)

ПУСК-ПРОГРАММЫ-Microsoft office-Microsoft Word

Оқушылар Microsoft Word редакторын іске қосады.
Іске қосып болған соң, мұғалім редактор терезесін түсіндіреді, оқушылар іске қосқан программасы арқылы бақылай отырып, мұғалім таратқан кеспе қағазына аттарын жазып отырады. Осы кеспе қағазын кейін оқушылар өз дәптерлеріне жабыстырып қояды.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп- үлкен боп өседі..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 606



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі