Дыбыстау және музыкамен көркемдеу 2-сабақ (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыстау және музыкамен көркемдеу 2-сабақ (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар: Музыка - өмір тынысы
Сабақ тақырыбы: Дыбыстау және музыкамен көркемдеу 2-сабақ
Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;
Сабақ мақсаттары:
- Музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, композиция құрастыру;
- Құрастырылған композицияға импровизация жасау;
- Дауысты жазу үшін музыкалық және музыкалық емес құралдарды қолдану.

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардын өткен тақырып жайлы сұрақтар қоя отырып, оқушыларды ыстық орындыққа отырғызасыз.
Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау
2.Сабақ барысы
Тапсырма 1. Талдау
Пентатоникс тобының орындауында жанды дауыста тыңдалымды тыңдаңыз.
- Қандай көңіл-күйде әуенді орындады?
- Музыкалық аспаптың сүйемелдеуін қарастырдыңыз ба?
- Орындаушы өзінің ролін толықтай атқарды ма?
- Бұл орындауда нені өзгертер едіңіз?

Тапсырма 2. Шығармашылық жұмыс

Музыкалық технологияларды қолдана отырып, классикалық әуенге өзіңіздің дауысыңызды жазыңыз. Дауыс жазу барысында жанды дауыста әнді орындауды тырысыңыз.
Дескрипторлар:
- шығармашылық туындыны құрастырды;
- жеке шығармасын технологиялар арқылы жазады;
- 4 жол немесе одан көп шумақты өлеңдерді жаза біледі;
- өзінің дауысын технологияларды қолдана отырып жазды;
- классикалық музыканы негізге алды;
- әнді жанды дауыспен орындады.
Тапсырма 3. Таныстырылым.Бағалау.
Құрастырылған музыкалық шығарманы сынып алдында таныстырыңыз. «Пікір» әдісі арқылы бағалау өткізу........


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...