Биологиялық әртүрлілікті сақтау (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

 Биологиялық әртүрлілікті сақтау (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Сабақтың тақырыбы: Биологиялық әртүрлілікті сақтау (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін атау
8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
Сабақтың мақсаттары: Биологиялық алуантүрліліктің маңызын түсіндіру
Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқушыларға биологиялық алуантүрлілікке анықтама беріп, биологиялық тұрғыдан алуантүрлілігі экожүйе мен алуантүрлілігі төмен экожүйенің қайсысы тұрақты деп талқылау жүргізеді.
Жер бетінде неліктен бірдей түрлер кездеспейді? Жер бетінде ағзалардың тек бір түрі ғана болса не болар еді деген сұрақтар қойылады.
Мұғалім оқушылардан жер бетінде ауқымды апат болса өсімдіктерді қалай қалпына келтіруге болады деп сұрай отырып сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы
Мұғалім таныстырылымның көмегімен биологиялық алуантүрлілік және оны сақтаудың маңыздылығы туралы шағын түсіндірме береді.
Оқушыларға биологиялық алуантүрлілігі жағынан екі түрлі экожүйенің сызбасын ұсынып осы екі экожүйенің қайсысы тұрақты әрі сыртқы орта факторларының өзгеруіне төзімді деп талқылау жүргізеді. Биологиялық алуантүрлілігі жоғары экожүйенің тұрақтылығы жоғары ол сыртқы орта факторларының өзгеруіне төзімдірек болып келеді, себебі, онда:
1. Тірі ағзалар түрлері әртүрлі болғандықтан қоректік заттардың мөлшері жеткілікті
2. Энергия ағыны жеткілікті болғандықтан тірі ағзалардың энергиямен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары
3. Қоректік тізбек толық, әрі ұзын

Мұғалім оқушыларға биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңызы туралы 2 сөйлемнен жазу тапсырмасын ұсынады. Оқушылардың жазған сөйлемдері оқылып талқыланып, биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығына назар аударылады.
Мұғалім оқушылардан биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың қандай жолдары бар деп сұрақ қойып жауаптарын тыңдайды.
Оқушыларға жер бетінде ірі апаттар болса биологиялық алуантүрлілікті қалпына келтіру мүмкін бе сұрағы қойылып, Тұқым қорының маңызы талқыланады.
Мұғалім оқушыларға Тұқым қоры туралы ақпаратты ұсынады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 730



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі