👈 қаріп өлшемі 👉

Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтап, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.
БЫМ/С Оқушыларға «Геоцентрлік жүйе» мен «Гелиоцентрлік жүйе» суреттерін ұғымдарымен көрсету арқылы төмендегі сұрақ төңірегінде ой бөлісуге шақырту.
Николай Коперниктің гелиоцентристік теориясы қаншалықты өзіне қауіпті болды? Суретті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Ж. Оқушыларға бейнематериалды көрсете отырып, кем дегенде 3 концептуалды сұрақ құрастырту. Жұпта сол сұрақтардың құрылымын бір-біріне тексертіп бағалату. Бір-бірінің сұрақтарына жауап бергізу.
С. Бүкілсынып оқушыларына сұрақ қою: «Қалай ойлайсыздар, әлемнің құрылысы туралы ойлаған ғалымдар болды ма?»
Т. Берілген теорияны мұқият оқып,Әлемнің құрылысы туралы ғылыми көзқарастарды тарихи бірізділікпен «Уақыт сызығында» орналастырыңдар.
Топтар жасаған «Уақыт сызығы» тапсырмасын «Галерея» әдісі бойынша сынып қабырғаларына іледі, топтар стикерге пікір жазу арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Ж. Н.Коперниктің «Жер күнді айнала қозғалады» деген идеясы несімен ерекшеленді? Бұл идеяның сол кезең үшін маңыздылығы қандай ? Өз ойыңды «Автор орындығында» отырып, 2 сөйлеммен тұжырымда.
Дескрипторлар:
• Оқушылар бейнематериал негізінде кем дегенде 3 концептуалды сұрақ құрастырады;
• Жұпта сұрақтардың құрылымын тексеріп бағалайды;
• Бір-бірінің құрған сұрақтарына жауап береді;
• Әлемнің құрылысы туралы ғылыми көзқарастарды тарихи бірізділікпен «Уақыт сызығында» орналастырады;
• Н.Коперниктің «Жер күнді айнала қозғалады» деген идеясы несімен ерекшеленді? Бұл идеяның сол кезең үшін маңыздылығы қандай ? деген сұрақтар төңірегінде 2 сөйлеммен ойларын тұжырымдайды;......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы