👈 қаріп өлшемі 👉

Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;
6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)
Сабақ мақсаттары: Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтап, «Mine map» сызбасында талдау;
БЫМ/Б Оқушыларға «Өзгеріс» деген сөзге ассоциация жасату.Өзгеріс деген сөзді қалай түсінетіндіктерін, қандай жағдайда өзгеріс орын алатынын сұрау. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде өзгерістер орын алуы мүмкін бе? –деп оқушылар пікірін сұрап, сабақ тақырыбын анықтату.
Т Оқушыларды топтарға бөліп, «Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістер» тақырыбында «Mine map» ментальды картасын құру.
Әр топ осы берілген салалар бойынша зерттеу жүргізіп, «Mine map» картасын сызады. «Mine map» сызбасында қарастырылатын сала бағыттары:
1. Әлеуметтік саладағы өзгерістер
2. Саяси саладағы өзгерістер
3. Экономика саласындағы өзгерістер
4. Мәдени саладағы өзгерістер
Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.
Дескрипторлар:
• Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған әлеуметтік саладағы өзгерістерді анықтайды;
• Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған саяси саладағы өзгерістерді анықтайды;
• Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған экономикалық саладағы өзгерістерді анықтайды;
• Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған мәдени саладағы өзгерістерді анықтайды;
• Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістерді «Mine map» сызбасына түсіреді;......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы